«Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдамалық анықтама

    ·

    Құлсары қаласы 19 маусым 2026 жыл

    «Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) ауыл шаруашылығы және жер қатынастарының қызмет көрсету саласын және саланы дамытудың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Жылыой ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 28 ақпандағы № 68 «Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы» қаулысымен «Жылыой ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінен «Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылды.

    Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін бөлімнің 2026 жылғы 2 наурыздағы № 6а бұйрығына сәйкес жұмысшы топ құрылды.

    Сабыров Жәнібек Раушанұлы – ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы, жұмысшы топтың төрағасы. А.Жанаева – Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы, топтың мүшесі, Н.Карабалина – Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы, топтың мүшесі, Д.Нұрлан - Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы, топтың мүшесі, А.Көрпебаева- Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің инспекторы, топтың мүшесі.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2026 жылғы Iжарты жылдық.

    Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық

    тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау

    «Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміні» ММ (бұдан әрі-бөлім) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңы, ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестік» кодексі.

    Жылыой ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 28 ақпандағы №68 қаулысымен «Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінінің ережесі бекітілді».

    Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміні басшысының бұйрығымен Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары заңдылығына сай бекітілген және барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8 бабының 5 бөлігіне сай Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

    Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    2026 жыл бойынша жеке және заңды тұлғалардан барлығы 306 өтініш келіп түсті, оның 198 жеке тұлғалардан, 108 заңды тұлғалардан келіп түскен.

    Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес бөлім қызметіндегі персоналды басқару бағытында ішкі талдау барысында мемлекеттік қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызметтік ауыстыру, еңбек демалысын беру, көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту рәсімдерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарына және ішкі нормативтік актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

    «Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штат саны - 4, нақты жұмыс істейтіндер саны - 8, бос орын саны-жоқ, теріс себептер бойынша жұмыстан босатылғандар болған жоқ.

    Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы, мерзімінде өтіп отыр. Еңбек тәртібін бұзу, еңбек тәртібін қайталап бұзу, мемлекеттік қызметшілер арасында әкімшілік және қылмыстық құқықты бұзу, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол берген, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактісі орын алған жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа жол берілмей, сыбайлас жемқорлықтың орын алуына жағдай жасайтын фактілерді болдырмау, оларды жою шаралары жүргізілуде.

    Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеліп, қосымшалар енгізілген.

    Персоналды басқару процестері «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта жүргізіледі. Кадрлық шешімдер белгіленген тәртіппен рәсімделіп, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы келісіліп және бекітіледі, бұл рәсімдердің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етеді.

    Бақылау - тексеру функцияларын іске асыру

    Сыбайлас жемқорлық туындауына жол беретін себептер мен жағдайларды болдырмау мақсатында 2026 жылға арналған бекітілген жоспарға сәйкес мекеме қызметіне ішкі талдау жүргізу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып, тиісті жұмыстар атқарылды.

    Ішкі талдау барысында мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алу, кадрлық мәселелер, қаржы тәртібі, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, сондай-ақ қызметтік әдеп талаптарының сақталуы бағыттары зерделенді.

    Талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуы мүмкін себептер мен жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жауапты мамандарға тиісті ұсынымдар берілді. Сонымен қатар, заңнама талаптарын қатаң сақтау, ашықтық пен жариялылық қағидаттарын қамтамасыз ету бағытында бақылау күшейтілді.

    Жоғарыда көрсетілген шаралар бойынша Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне ұсынылады:

    1) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын орындау барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шаралар жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.

    2) Мемлекеттік қызмет стандартын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу.

    3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын мемлекеттік қызметкерлердің қатаң сақтауы және жауапкершіліктерін күшейту туралы шаралар қабылдау.

    Жұмысшы топтың төрағасыЖ.Сабыров

    Жылыой ауданы кәсіпкерлік бөлімініңА.Жанаева

    бас маманы,топтың мүшесі

    Жылыой ауданы кәсіпкерлік бөлімініңН.Карабалина

    бас маманы,топтың мүшесі

    Жылыой ауданы кәсіпкерлік бөлімініңД.Нұрлан

    бас маманы,топтың мүшесі

    Жылыой ауданы кәсіпкерлік бөлімініңА.Көрпебаева

    инспекторы, топтың мүшесі

    Жүктеу
    9c3e5df73d76d85e7f6649a2f364a2b3_original.22500.docx
    DOCX · 22 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хаттама

    Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ғимараты

    Хаттама Құлсары қаласы 23 шілде 2026 жыл Сағат: 11:00 Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ғимараты Төраға: А.Науаров -Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру жән...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Саяси партиялардың сайлаушылармен кездесу кестесі

    «Ақжол» партиясының сайлаушылармен кездесу кестесі Р/с Қала, аудан, елді-мекен атауы Кездесу орыны Уақыты Күні, айы, сағаты Ескерту 1. Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылдық округі, Қосшағыл ауылы «Қосшағыл» мәдениет үйі 6 там...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Саяси партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі

    Саяси партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі № Қала және аудандар Үй-жайлар атауы Мекен-жайы, байланыс телефоны Жалдау туралы келісім шарт жасақтау орган атауы, байланыс те...

    Жарияланды:
    Анықтама

    «Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдамалық анықтама

    Құлсары қаласы 29 мамыр 2026 жыл «Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) мемлекеттік қызмет көрсету саласын және құрылысты дамытудың негізгі бағытт...

    Жарияланды:
    Анықтама

    «Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдамалық анықтама

    Құлсары қаласы 11 маусым2026 жыл «Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) жоолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары қызмет көрсету саласы...

    Жарияланды:
    Ереже

    «Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

    «Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ҚҰРМЕТТІ САЛЫМШЫ/АЛУШЫ!

    ҚР Әлеуметтік кодексінің 35- бабына сай Қордың қызметтері тегін көрсетіледі! Сіз сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, БЖЗҚ АҚ қызметкерларінің корпоративтік әдеп кодексінің талаптарын бұзушылық туралы кез келген немесе болжамды...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқа...

    Жарияланды: