Бөлім бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін бөлім басшысының бұйрығымен жұмысшы топ құрылды.
Тилепкалиева Жемис Базаргалиевна – аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, топ жетекшісі;
Хасанова Алтын Боранбаевна - аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы;
Жумашева Айнагул Куандыковна- аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің есепшісі.
«Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жүргізді.
Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау мәні:
«Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі:
2026 жылдың 01-20 маусым аралығы.
Ақпараттық талдамалық бөлім.
«Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Индер ауданы бойынша біріңғай мемлекеттік мәдениетті, тілдерді дамыту және дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, өз қызметін 2025 жылғы 15 қаңтарда қайта бекітілген ережесі негізінде атқарады.
1.Бөлім қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:
1) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;
2) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;
3) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы;
4)Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы;
5) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қаңтардағы №72-Ү Заңы;
6) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;
7) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы;
8) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №146 «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын ведомстволық және жеке меншік архивтердің қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы мен басқа да нормативтік құқықтық актілерімен жұмыс жасайды.
Талдау анықтамасы бойынша нормативтік - құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталған жоқ.
- Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңңамаға сәйкес бекітілген. Бөлімде мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны -2 бірлікті құрайды. Бөлім басшысы және бас маман. Бос лауазымдық орын жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңінде мемлекеттік қызметкерлерге тәртіптік жазалар қолданылмады.
- Мүдделер қақтығысына байласты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
4.Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру - бөлім бойынша рұқсат беру функциялары іске асырылмайды.
- Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
Жыл басынан бөлім бойынша ұсыныс, сұраныс, арыз түскен жоқ. Әкімдік арқылы 13 арыз түсті. Бәріне заң шеңберінде жауап берілді.
Бөлім қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ.
Бөлімге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
- Жасырын қызметтерді анықтау. Бөлімде жасырын қызметтер анықталған жоқ.
- Мүдделер қақтығысы - мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
- Мемлекеттік органдардың жүргізген тексеру нәтижелері – 2025 жылдың жұмыс кезеңі аралығында тексеру комиссиясы тексеру жүргізген жоқ.
- Ақпараттандыру жұмыстары.
Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ.
Бөлім аудан әкімдігінің дербес бөлімі болғандықтан азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер, әкімдік ғимаратының бірінші ғимаратында көрнекі орынға орналастырылған, бөлімде 3-06-99 сенім телефоны орнатылған.
Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылы мерзімде тапсырған.
Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Сыбайлас жемқорлық туралы қалай дұрыс хабарлау керек?», «Егер сізден пара талап ететін болса, төмендегідей әрекет етіңіз» атты жадынамалар ілінді.
Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары сақталған.
Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыратын тұлғалар анықталмады.
Жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі фактілері анықталмады.
Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану фактілері анықталмады.
Тұлғалардың пайдасына іс-әрекеттер ету үшін материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер қабылдау фактілері анықталмады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды ашу, иелену, қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау фактілері анықталмады.
Бөлімде сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:
Бөлім бойынша бюджеттің атқарылуын уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету.
Коммуналдық мүлікті тиімді басқару жұмыстарын уақытылы ұйымдастыру.
Мемлекеттік қызмет жұмыстарын қатаң заңдылыққа сай жүргізу;
Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде және сапалы орындау;
Бөлімде Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының талаптарын сақталуын орындау.