Бөлім бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін бөлім басшысының бұйрығымен жұмысшы топ құрылды.
- Дюсубалиева Анаргуль Бактыгалиевна–аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, топ жетекшісі;
- Ергалиев Нурбол Нурланұлы – Индер аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы;
- Каукенова Асылжан Балтабекқызы – Индер ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқық, төтенше жағдайлар және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің бас маман-заңгері;
- Есқали Ақжарқын Қапарқызы - аудандық ішкі саясат бөлімінің есепшісі.
«Индер аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жүргізді.
Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау мәні:
«Индер аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі:
2026 жылдың 15-30 мамыр аралығы.
Ақпараттық талдамалық бөлім.
«Индер аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, ішкі саясатты қамтамасыз ететін, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қалыптастырып мемлекеттік тәуелсіздікті нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды қалыптастыруды нығайту мақсатында мемлекеттік басқаруды ішкі саясат саласында жүзеге асыру үшін құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Аудандық ішкі саясат бөлімі, өз қызметін 2021 жылғы 10 ақпанда қайта бекітілген ережесі негізінде атқарады.
1.Бөлім қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Индер аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:
- ҚР Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы, «Құықтық актілер туралы» ҚР Заңы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы, «Қоғамдық бірлестіктер туарлы» ҚР Заңы, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңы, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» ҚР Заңы, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңы, «Жарнама туралы» ҚР Заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық Заңы, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексі, сондай -ақ жергілікті атқарушы органның, жоғары тұрған органның және басқалардың өкімдері. Бөлім ережесі мен бөлім басшысының бұйрықтары.
Талдау анықтамасы бойынша нормативтік - құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталған жоқ.
- Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Индер аудандық ішкі саясат бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңңамаға сәйкес бекітілген. Бөлімде мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны-2 бірлікті құрайды. Бөлім басшысы және бас маман. Бос лауазымдық орын жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңінде мемлекеттік қызметкерлерге тәртіптік жазалар қолданылмады.
- Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
- Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Аудандық ішкі саясат бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсетілмейді
5.Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру - бөлім бойынша рұқсат беру функциялары іске асырылмайды.
- Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
Бөлімге E-otinish порталымен келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің жалпы саны-0. Түскен өтініштерге уақытылы заң аясында жауаптары берілді.
Бөлім қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ.
Бөлімге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
- Жасырын қызметтерді анықтау.
Бөлімде жасырын қызметтер анықталған жоқ.
- Мүдделер қақтығысы- мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
- Мемлекеттік органдардың жүргізген тексеру нәтижелері
2025 жылдың 12 айы бойынша тексеру комиссиясы тексеру жүргізген жоқ.
- Ақпараттандыру жұмыстары.
Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ.
Бөлім аудан әкімдігінің дербес бөлімі болғандықтан азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер, әкімдік ғимаратының бірінші ғимаратында көрнекі орынға орналастырылған, бөлімде 3-07-57, 3-06-06, сенім телефоны орнатылған.
Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылы мерзімде тапсырған.
Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «Жемқорлықсыз қоғам-Жаңа буынның мәдениеті» ахуал қалыптастыру үшін «Дүниеде әділдікпен адалдықты ту еткен, Адамнан артық ешкім жоқ» атты жадынамалар ілінді.
Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары сақталған.
Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыратын тұлғалар анықталмады.
Жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі фактілері анықталмады.
Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану фактілері анықталмады.
Тұлғалардың пайдасына іс-әрекеттер ету үшін материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер қабылдау фактілері анықталмады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды ашу, иелену, қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау фактілері анықталмады.
Бөлімде сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:
Бөлім бойынша бюджеттің атқарылуын уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету.
Коммуналдық мүлікті тиімді басқару жұмыстарын уақытылы ұйымдастыру.
Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде және сапалы орындау;
Бөлімде Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының талаптарын сақталуын орындау.