2026 жылдың ІІ тоқсанында Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің 1 жоспарлы отырысы өткізілді.
Отырыс барысында педагогтердің педагогикалық әдеп нормаларын сақтау мәселелері, оның ішінде жазғы демалыс кезеңінде және жұмыстан тыс уақытта педагогтің жоғары мәдениеті мен кәсіби беделіне сай мінез-құлық қағидаларын сақтау қажеттілігі талқыланды.
Сонымен қатар, аудандық (қалалық) білім бөлімі тарапынан білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне Қазақстан Республикасының педагогикалық әдеп қағидаларының талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Педагогтердің кәсіби этика талаптарын тұрақты сақтау, әлеуметтік желілерде және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру жөнінде ұсынымдар берілді.