Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құзыреті шегінде білім саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады, сондай-ақ Департаменттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) стратегиялық функцияларын орындауға қатысады.
Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Жаңалықтар
Оқиғалар
Департамент басшысының 2026 жылғы мамыр айына арналған азаматтарды қабылдау кестесі
Департамент басшысының 2026 жылғы сәуір айына арналған азаматтарды қабылдау кестесі
АУМАҚТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ 2026 ЖЫЛҒЫ 2 ТОҚСАНҒА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ
АУМАҚТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ 2026 ЖЫЛҒЫ 2 ТОҚСАНҒА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ
Департамент басшысының 2026 жылғы наурыз айына арналған азаматтарды қабылдау кестесі
Департамент басшысының 2026 жылғы ақпан айына арналған азаматтарды қабылдау кестесі
Құжаттар
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің 2026 жылғы І жартыжылдықтағы қызметі туралы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, педагогтің этика кодексіне сәйкес, педагог қызметкерлердің кәсіби әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету, олардың арасында туындайтын даулы мәселелерді қарау мақсатында құрылған Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) 2026 жылдың І жартыжылдығында 2 жоспарлы отырысы өткізілді. Отырыстар барысында: педагогтердің педагогикалық әдеп қағидаларын сақтауы; педагогтің кәсіби беделі мен қоғамдағы оң имиджін нығайту мәселелері; педагогтердің жұмыстан тыс уақытта, оның ішінде демалыс кезеңінде педагогикалық әдеп нормаларын сақтауы сынды өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, есепті кезеңде білім беру ұйымдарының басшылары мен педагог қызметкерлері арасында педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. Аталған жұмыстардың нәтижесінде педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, кәсіби этика нормаларын берік ұстануына бағытталған тиісті ұсынымдар мен түсініктемелер берілді, педагогикалық әдепке қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша алдын ала профилактикалық шаралар қолданылды. Кеңестің қызметі жыл соңына дейін тұрақты негізде жалғасатын болады.
2026 жылдың ІІ тоқсанында педагог мәртебесі бойынша есеп
2026 жылдың ІІ тоқсанында Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 6-бабында көзделген педагогтердің құқықтарын қорғау мақсатында профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. І тоқсанда анықталған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылғаннан кейін, педагогтердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейту, сондай-ақ заңмен кепілдік берілген құқықтарының бұзылуына жол бермеу және мұндай фактілердің қайталануын болдырмау мақсатында облыс әкімдігіне және білім басқармасына тиісті ескерту хат жолданды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына педагог мәртебесін сақтау, еңбек құқықтарын қорғау және қызметтік міндеттерді жүзеге асыру барысында қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтау қажеттігі бойынша қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2026 жылдың ІІ тоқсанында педагог мәртебесін бұзу фактілері тіркелген жоқ.
2026 жылдың ІІ тоқсанында жүргізілген жоспардан тыс тексерулер.
2026 жылдың ІІ тоқсанында 2 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Жүргізілген тексерудің қорытындысы бойынша заң бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде бір тексеру нәтижесінде кінәлі тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылды. Екінші жоспардан тыс тексеру нәтижесінде де заң бұзушылықтар анықталып, оларды жою туралы нұсқама енгізілді.
2026 жылдың ІІ тоқсанында азаматтардан түскен өтініштер бойынша есеп
2026 жылдың ІІ тоқсанында Департаментке барлығы 52 өтініш тіркелді. Оның ішінде 26 өтініш, 20 шағым, 6 өзге де хабарлама (сұрау салу, үн қосу және т.б.). Түскен өтініштердің 19-ы Департаментте қаралды. Өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ. Сонымен қатар, 34 өтініш құзыретіне сәйкес басқа мемлекеттік органдарға жолданды, оның ішінде 6 өтініш ішінара жолданды. Өтініштерді жолдау мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ.
2026 жылдың II тоқсанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің қызметі туралы ақпарат
2026 жылдың ІІ тоқсанында Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің 1 жоспарлы отырысы өткізілді. Отырыс барысында педагогтердің педагогикалық әдеп нормаларын сақтау мәселелері, оның ішінде жазғы демалыс кезеңінде және жұмыстан тыс уақытта педагогтің жоғары мәдениеті мен кәсіби беделіне сай мінез-құлық қағидаларын сақтау қажеттілігі талқыланды. Сонымен қатар, аудандық (қалалық) білім бөлімі тарапынан білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне Қазақстан Республикасының педагогикалық әдеп қағидаларының талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Педагогтердің кәсіби этика талаптарын тұрақты сақтау, әлеуметтік желілерде және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру жөнінде ұсынымдар берілді.
2026 жылдың І жартыжылдығында әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы
Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметте әдеп нормаларын сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту және қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізеді. Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі әдеп нормаларын ілгерілетуге, қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін нығайтуға бағытталған. Есепті кезеңде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті мамандарының қатысуымен кеңес өткізілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді. Қызмет барысында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша профилактикалық және түсіндіру іс-шаралары тұрақты негізде жүргізілді. Жалпы ұжымда тұрақты әрі қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптасқан. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері анықталған жоқ. Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі алдағы кезеңде де мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп қағидаттарын орнықтыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға және құқықтық мәдениетті дамытуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғастырылады