Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында №71 мекемеге экскурсия ұйымдастырылды

    Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізілді.

    2026 жылғы 11 ақпанда Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен келісу негізінде, 24 ақпан күні Департамент қызметкерлері үшін Талдықорған қаласында орналасқан қылмыстық-атқару жүйесінің №71 мекемесіне экскурсия ұйымдастырылды.

    Іс-шара барысында №71 мекеме тарапынан тиісті ұйымдастыру шаралары қабылданып, қауіпсіздік талаптарының толық сақталуы қамтамасыз етілді.

    Экскурсия аясында №71 мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Е. Асылбеков Департамент қызметкерлерімен сұхбат өткізіп, мекеме қызметінің ерекшеліктері туралы ақпарат берді және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

    Аталған іс-шара мемлекеттік қызметшілердің заң талаптарын қатаң сақтауы, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік қағидатын қалыптастыру және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары