Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, педагогтің этика кодексіне сәйкес, педагог қызметкерлердің кәсіби әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету, олардың арасында туындайтын даулы мәселелерді қарау мақсатында құрылған Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) 2026 жылдың І жартыжылдығында 2 жоспарлы отырысы өткізілді.
Отырыстар барысында:
- педагогтердің педагогикалық әдеп қағидаларын сақтауы;
- педагогтің кәсіби беделі мен қоғамдағы оң имиджін нығайту мәселелері;
- педагогтердің жұмыстан тыс уақытта, оның ішінде демалыс кезеңінде педагогикалық әдеп нормаларын сақтауы
сынды өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сонымен қатар, есепті кезеңде білім беру ұйымдарының басшылары мен педагог қызметкерлері арасында педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. Аталған жұмыстардың нәтижесінде педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, кәсіби этика нормаларын берік ұстануына бағытталған тиісті ұсынымдар мен түсініктемелер берілді, педагогикалық әдепке қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша алдын ала профилактикалық шаралар қолданылды.
Кеңестің қызметі жыл соңына дейін тұрақты негізде жалғасатын болады.