Мемлекеттік қызметтің имиджі бойынша
Марапат
Егемен еліміздің, аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық – саяси дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Облыс әкімінің алғыс хатымен басқарманың бас мамандары Ердигаликов Нурланбек Биболатович, Ахмет Бекзат Бөрібекұлы және штаттан тыс статистигі Орынбаев Ринат Рустембекович марапатталды.
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының дипломымен мемлекеттік қызметшілер күніне орай жергілікті атқарушы органдар арасында облыстық спартакиаданың бағдарламасында әйелдер арасында еркін жүзуден II орынды жеңіп алғаны үшін басқарманың бөлім басшысы Шаврова Елена Николаевна марапатталды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай ҚР Ұлттық экономика министрлігінің алғыс хатымен басқарманың бөлім басшылары Қожабекұлы Бақытжан, Ибадуллаев Асқар Хабидуллаұлы мен бас маманы Әмірбек Асхат Асқарұлы марапатталды.
Сонымен қатар, Өңірдің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың алғыс хатымен және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің алғыс хатымен басқарманың бөлім басшысы Бақытжан Қожабекұлы марапатталды.
23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырған «Тіл Quiz» интеллектуалды сайысына басқармадан бөлім басшы Абиева Шынар Арапбековна, бас маманы Ештаева Ақтолқын және штаттан тыс әдіскерлері Алиева Гүлсара Турсынбаевна мен Абдулла Нұрдана Мұратқызы қатысып, жүлделі III орынды иеленді.
Құттықтаймыз!