Қызылорда облысы бойынша 2026 жылдың 1 тамызына бюджет түсімдері 101,8 пайызға орындалды (болжам 448 980,5 млн.теңге, нақты түскені 457 100,6 млн.теңге), оның ішінде бюджеттің өз кірістері 110,8 пайызға орындалды (болжам 76 063,8 млн.теңге, түскені 84 272,0 млн.теңге), артық түскені 8 208,2 млн.теңге.
Республикалық бюджеттен 340 169,1 млн.теңге нысаналы трансферттер алынды (100 пайыз), оның ішінде субвенция – 322 698,4 млн.теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттер – 17 200,6 млн.теңге (100 пайыз).
2026 жылдың 1 тамызына Қызылорда облысы бюджетінің шығындар жоспары 100 пайызға орындалды (жоспар 441 518,3млн.теңге, орындалғаны 441 395,3млн.теңге). Игерілмегені 123,0млн.теңге, оның ішінде: аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша шығындар жоспарының атқарылуы төмендегідей болды:
Арал ауданында – 99,9 % орындалып, 5,2 млн.теңге;
Қазалыда – 100 % орындалып, 1,8 млн.теңге;
Қармақшыда – 99,9 % орындалып, 7,3 млн.теңге;
Жалағашта – 100 % орындалып, 1,0 млн.теңге;
Сырдарияда – 100 % орындалып, 0,3 млн.теңге;
Шиеліде – 100 % орындалып, 1,3 млн.теңге;
Жаңақорғанда – 100 % орындалып, 1,4 млн.теңге;
Қызылорда қаласында – 100 пайызға орындалып, 4,6 млн.теңге игерілмеді.
Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы 100 пайызды құрады, игерілмегені 100 млн.теңге.
Республикалық бюджет қаржысы жоспары 23 688,3 млн.теңгенің 23 631,5млн.теңгесі немесе 99,8 пайызға игерілді, игерілмегені 56,8 млн.теңге (үнемделген қаржы).
Жергілікті бюджет қаражаты 100 пайызға игерілді, игерілмегені 66,2 млн.теңге соманы құрады(үнемделген қаржы).