2026 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмысы туралы ақпарат

    ·

    Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының

    2026жылдың 2тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

    бойынша жүргізілген жұмысы туралы

    АҚПАРАТ

    «Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы» ММ-нің (бұдан әрі - Басқарма) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін мақала жариялау, құқықтық оқыту өткізу, интернет-ресурсқа бюджеттің жариялануын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ішкі талдау өткізу, интернет-конференциялар өткізу көзделген.

    Қоғамның жемқорлыққа қарсы құқықтық сауатын арттыру бағытында басқарманың барлық кабинеттерінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен ұсынылған «Пара алу, пара беру – Бұл қылмыс», «Сыбайлас жемқорлық фактілер туралы хабарлағаны үшін көтермелеу сыйақы», «Call centre 1424» туралы ақпараттар ілінген.

    Осыған орай, Басқармамен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында өткен жылдың соңғы күндерінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірледі.

    Осы орайда, Әдістемелік ұсынымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қалыптастыру мен оның мазмұнының тәртібін түсіндіруге бағытталған.

    Атап айтқанда:

    1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін картаға түсіру;

    2) мүдделер қақтығысын болдырмау;

    3) қаржылық бақылау шаралары;

    4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

    5) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есептілігі мен ашықтығы;

    6) персоналды басқару үдерістерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;

    Сонымен қатар, әзірленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт субъектінің ішкі рәсімдеріне сәйкес, бірінші басшы немесе басқару органы бекітетін бұйрық не өзге де құжат түрінде ресімделеді, аталған құжатта сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жауапты адамдар немесе құрылымдық бөлімшелер туралы ақпарат, сондай-ақ осы стандарттың тиімді іске асырылуына бірінші басшының немесе уәкілетті тұлғалардың не субъектілер органдарының жауапкершілігі жазылады.

    "Сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасын бағалау болып табылады.

    Осыған орай, Басқарма қызметкерлері арасында жақын туыстардың, ерлі - зайыптылардың немесе жекжаттардың бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу; мүдделер қақтығысы бойынша мониторинг жүргізіліп, ешқандай айтылған жағдайлар орын алған жоқ.

    22.05.2026 жылы Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында Басқарманың қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

    Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы негізгі тетіктерге, тәуекелдердің алдын алу және оларды төмендету жолдарына тоқталып, заңнама талаптарын сақтау мен қызметтік әдеп қағидаларын ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері кеңінен талқыланды.

    Бұдан бөлек, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” жаңа Заңының басты бағыттары мен ерекшеліктері таныстырылып, заң нормалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Іс-шара соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайту және жаңа заң бойынша пікір алмасып, тиісті сұрақтарға жауаптар берілді.

    19.06.2026 жылы Басқарманың әкімшілік-қаржы бөлімінің басшысы А.Нұрбаева Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    Аталған жиналыс барысында «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңның 10-бабының 7-тармағында белгіленген шектеулердi сақтауға, «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңның 13-бабы 3-тармағының 3-1 бөлімінде кәсіпкерлік қызметпен айналысу тыйым салыну жөнінде, «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңның 44-бабының 1-тармағында көзделген құқыққа қайшы түрде, кінәлі түрде орындамауы немесе тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзылмауын сақтауға, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің бұзылуына жол берілмеуі туралы ұсыныстар енгізілді. Сонымен қатар, Басқарманың әр бөлімнің қызметкерлері Мемлекеттік қызметте болуына байланысты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуына тұрақты мониторинг жүргізілу тапсырылды.

    Өз кезегінде, Сыбайлас жемқорлықты алдын алу бағытында Басқарма парасаттылық, ашықтық, айқындық, цифрландыру қағидаттарын басшылыққа алуда.

    Осы орайда, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағалау нәтижелері негізінде айқындалады.

    Алайда, ҚР Үкіметінің 09.09.2011 жылғы «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» № 920 Қаулысына сәйкес кепілдік жарна объектінің бастапқы бағасына пайыздық қатынаста белгіленеді. Осыған байланысты кепілдік жарна бастапқы бағадан туындайтын көрсеткіш болып табылатындықтан, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы кепілдік жарна мөлшерінен төмен белгіленбейді.

    Бұдан бөлек, басқарма басшысының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауынын 2026 жылға арналған кестесі бекітіліп, кестеге сәйкес басшылықтың азаматтарды жеке қабылдаулары өтікізіліп келеді.

    Мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында енгізілген «Ашық үкімет» порталының «Ашық бюджеттер», «Ашық НҚА», «Ашық диалог», «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» ақпараттық жүйелері пайдаланылуда.

    Басқармамен «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы бойынша мәліметтер сапалы, толық енгізілген.

    Сондай-ақ, Басқарманың www.gov.kz веб-парақшасында сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар орналастырылып және тоқсан сайын жаңартылып келеді.

    Жүктеу
    Информация о проведенной работе по противодействию коррупции по итогам 2 квартала 2026 года
    Информация о проведенной работе по противодействию коррупции по итогам 2 квартала 2026 года
    DOCX · 19 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2026 жылғы 21 шілдедегі № 260 шешіміне Азаматтық бюджет

    Жарияланды:
    Жоба

    «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешім жобасына Азаматтық бюджет

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-маусым айларында әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

    Өнеркәсіп. Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 560,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 102,4 пайыз. Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 214,9 млрд.теңгені құрады, НКИ – 113,8%. 2026 жылы өңдеу өнеркәсіб...

    Жарияланды:
    Жоспар

    «2026-2030 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 218 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы КММ-нің 2026 жылдың 1 шілдесіне бюджеттің атқарылуы туралы есепке Азаматтық бюджет

    Бюджеттің атқарылуын талдау Код Атауы Жоспар Кассалық шығыс қалдық % 299 Облыстың экономика және қаржы басқармасы 49508210,2 49506848,2 1362,0 100,0 001 Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін, жергілікті бю...

    Жарияланды:
    Жоба

    «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешім жобасына Азаматтық бюджет

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтің имиджі

    Мемлекеттік қызметтің имиджі бойынша Марапат Егемен еліміздің, аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық – саяси дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Облыс әкімінің алғыс хатымен басқарманың бас мамандары Ердигаликов Ну...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

    Өнеркәсіп. Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 462,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 100,6 пайыз. Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 175,9 млрд.теңгені құрады, НКИ – 110,1%. 2026 жылы өңдеу өнеркәсіб...

    Жарияланды: