2026 жылдың 29 сәуірінде облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Абай ауданы Топар кентінің әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау, киімдегі іскерлік дресс кодын сақтау, тұрмыста және жұмыста әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы түсініктемелер берілді. Мемлекеттік қызметшілерге коммерциялық қызметтен, казино ставкаларынан және спорт ставкаларынан қосымша табыс алуға, қызметтік автокөлікті мақсатына сай және тек жұмыс уақытында пайдалануға тыйым салу бойынша түсіндірулерге ерекше назар аударылды. Сондай ақ көптеген басқа мәселелер бойынша түсініктемелер берілді. Семинарға Топар кентінің әкімі М.М.Сафаров қатысты.
