- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды: Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына. 1.«Медициналық функционалдық кереует KL-DB орындау нұсқаларында: KL-DB.I; KL-DB.II; KL-DB.III» №ҚР МБ (МТ)-0№028526 тіркеу куәлігінің қолданылуы тоқтата тұрылсын..
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 13) тармақшасына, 259-бабы
1-тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидалары 3-тармағының 1) тармақшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген) сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), БҰЙЫРАМЫН:
- «Медициналық функционалдық кереует KL-DB орындау нұсқаларында: KL-DB.I; KL-DB.II; KL-DB.III» №ҚР МБ (МТ)-0№028526 тіркеу куәлігінің қолданылуы тоқтата тұрылсын.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасы (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамын және «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін және Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту орталығын жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
- Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты
алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;
3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуы Комитеттің жетекшілік ететін төраға орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негіздеме: Алматы қаласының прокурорының 2025 жылғы 29 қазандағы № 2-17-25-42045 ұсынуы және Алматы қаласының прокуратурасының 2026 жылғы 5 мамырдағы № 2-17-26-16185 хаты.