Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті хабарлайды.
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: 2026 жылғы 17 маусымдағы № 277-НҚ «Вемлиди, Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 25 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» бұйрығын ақпарат ретінде жібереді.
«Вемлиди®, Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 25 мг», ҚР-ДЗ-5№024122, тіркеу куәлігін ұстаушы «Дельта Медикел Промоушнз АГ» АҚ, Швейцария, дәрілік заттың тіркеу куәлігі кері қайтарылсын.