Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті хабарлайды.
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: 2026 жылғы 3 қыркүйектегі № 365-НҚ «Окситоцин-Рихтер, вена ішіне және бұлшық ет ішіне енгізуге арналған ерітінді, 5 ХБ/мл» дәрілік заттың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы» бұйрығын ақпарат ретінде жібереді.
«Окситоцин-Рихтер, вена ішіне және бұлшық ет ішіне енгізуге арналған ерітінді, 5 ХБ/мл», ЛП-№002616-ГП-KZ, тіркеу куәлігін ұстаушы «Гедеон Рихтер БҰҰ», Венгрия дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылсын.