Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы

    ·

    Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығы.

    Қазақстан Республикасынан:

    1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын;

    2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 жəне 100 грамм алтын құймаларын, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды əкетуге тыйым салынсын.

    1-1. Осы Жарлықтың 1-тармағының талаптары:

    1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің операцияларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдардың операцияларына;

    2) Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағынан əкелінген жəне қайта өңдеу шарттары туралы құжат жəне мемлекеттік бақылау актісі негізінде "кері экспорт" кедендік рəсімімен мəлімделетін шетелдік шикізатты қайта өңдеуден кейін алынған аффинирленген алтынды əкетуге;

    3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылатын мемлекеттің алыс-беріс шикізатын қайта өңдегеннен кейін алынған аффинирленген алтынды сол Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына аффинирленген алтынды кейіннен əкете отырып (қайта өңдеу шарттары туралы қорытынды негізінде) əкетуге;

    4) екінші деңгейдегі банктердің шетелдік банкпен жасасқан тиісті шарты негізінде жүзеге асырылатын төлемдік емес жəне (немесе) айналысқа жарамсыз қолма-қол шетел валютасын əкетуіне;

    4-1) екінші деңгейдегі банктердің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілмеген қолма-қол ұлттық валютасын əкетуіне;

    5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген актілерінде айқындалатын өзге де жағдайларға қолданылмайды деп белгіленсін.

    Жүктеу
    5513cb0284711a73217029b4d1e1fce6_original.19185.docx
    DOCX · 19 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Бұйрық

    Қаржы Министрдің міндетін атқарушы 2020 жылғы 10 шілдесі № 665 бұйрығына 6-қосымша

    Қаржы Министрдің міндетін атқарушы 2020 жылғы 10 шілдесі № 665 бұйрығына 6-қосымша «Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаты 1-тарау. Жалпы ережелер Осы «Алкоголь өнімін өнді...

    Жарияланды:
    Басқа

    Қазақстан Республикасы төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсіміндегі кредиторлар талаптарының тізілімі

    Жарияланды:
    Басқа

    Камералдық бақылау: салық төлеушілер үшін маңызды аспектілер

    Камералдық бақылау — салық төлеушіге бармай-ақ, мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын қашықтықтан салықтық әкімшілендірудің негізгі нысандарының бірі. Осы бақылаудың басты мақсаты — салық төлеушілерге жіберілген...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 Ж. 5 АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

    Мемлекеттік бюджет жоспарының кіріс бөлігінің орындалуы 81% (жоспар 412,3 млрд.тг., нақты түсім 335,1 млрд.тг., орындалмаған сома 77,2 млрд.тг.), оның ішінде: РБ кірістері 85 % (жоспар 148,3 млрд.тг., нақты түсім 126,1 м...

    Жарияланды:
    Басқа

    Қаржы басқарушылардың тізімі/Қаржы басқарушысы ретінде тағайындауға жататын тұлғалар тізімі

    Жарияланды:
    Басқа

    Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру

    Жарияланды:
    Басқа

    Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру

    Жарияланды: