Қаржы Министрдің міндетін атқарушы 2020 жылғы 10 шілдесі № 665 бұйрығына 6-қосымша

    ·

    Қаржы Министрдің міндетін атқарушы

    2020 жылғы 10 шілдесі

    № 665

    бұйрығына

    6-қосымша

    «Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаты

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы «Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң)
      10 бабы 1)-тармақшасына сәйкес әзірленген және «Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсету тәртібін анықтайды.
    2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).

    2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

    1. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

    Лицензияны алу және/немесе қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші портал арқылы қабылданады.

    Лицензияның қолданысы тоқтатылған кезде ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияның қолданысын тоқтату үшін сауал, көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын қайтара отрып, лицензияны электронды нысанда ресімдеу жағдайын қоспағанда.

    Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында көрсетілді.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы заң)
    29-бабына сәйкес құжаттарды ұсынады.

    Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.

    Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.

    Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.

    Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, құқық белгілейтін құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

    1. Рұқсаттар туралы заңның 33 бабына сәйкес лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай:

    1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;

    2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;

    3) заңды тұлға-лицензиат Рұқсаттар туралы заңның 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес қайта ұйымдастырылған;

    4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);

    5) егер нақты лицензияның иеліктен шығарылатындығы Рұқсаттар туралы заңның 1-қосымшасында көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығарған;

    6) «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;

    7) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда қайта ресімделуге жатады.

    Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 4) және 6) тармақшаларының күші дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетіле отырып, лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жері мекенжайының өзгеруі «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болған жағдайларға қолданылмайды. Лицензиаттар мен лицензия объектісі мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.

    Рұқсат беру тәртібі енгізілген қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге құқығы бар.

    Атауы өзгерген қызмет түріне лицензиясы бар лицензиат лицензияны алдын ала қайта ресімдеген жағдайда, лицензияға қосымша алуға құқылы.

    Рұқсаттар туралы заңның 35 бабының 2-тармағына сәйкес осы 35 баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған немесе лицензия электрондық нысанда ғана ресімделген жағдайларды қоспағанда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған кезде лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны он жұмыс күні ішінде лицензиарға қайтаруға міндетті.

    1. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттар түскен күні ұсынылған құжаттарды қабылдайды, тексереді және тіркейді (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

    Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

    Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толық еместігін анықтаған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді түрде бас тартады.

    Тапсырылған құжаттар толық болған жағдайда құжаттарды өңдеуге жауапты тұлға құжататрды «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесіне енгізеді, өңдейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жібереді:

    1) лицензия беру әлде Рұқсаттар туралы заңның 32 бабынің 1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауабы – 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;

    2) лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

    1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы көсеткен жағдайда оны көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі.
    2. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші
      30 (отыз) минут ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (Оператор) мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, өтініш бойынша әкімшілік құжаттың нөмірі және коды (ӘҚНЖК), немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі (ӨБСН), әкімшілік құжаттың нөмірі және коды (ӘҚНЖК РҚ), немесе рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі (РҚБСН), көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) бойынша ақпаратты міндетті түрде көрсету арқылы, авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате пайда болған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып бірыңғай қолдау қызметі [email protected] электрондық поштасына сұрау салуды жіберу арқылы хабардар етеді.

    3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

    көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;

    салықтардың және бюджетке төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысының атына;

    мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

    Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25 бабы 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап
    5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4 бабы 1-тармағы 6)-тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

    «Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына

    1-қосымша

    «Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

    1

    Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.

    2

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету каналдары

    «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

    3

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері

    1) лицензия беру не осы 1-қосымшаның
    9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауабы – 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;

    2) лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

    4

    Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

    электрондық (ішінара автоматтандырылған)

    5

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

    1) көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензия, қайта ресімделген лицензия;

    2) осы 1-қосымшасының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы.

    Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

    6

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қызмет алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасы заңдарымеп белгіленген ақыны алу әдістері

    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы
    10 желтоқсандағы Кодексінің 554 бабының
    4-тармағына сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері (бұдан әрі - лицензиялық алым) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшері негізге алына отырып белгіленеді және мынаны құрайды:

    1) лицензияны беру кезінде:

    мыналарға:

    сырадан басқа алкоголь өнімін
    өндіруге – 3000 АЕК;

    сыраны өндіруге - 2000 АЕК;

    2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің
    10%-ын құрайды, алайда 4 АЕК-тен артық емес.

    Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма–қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

    Портал арқылы сұрау берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

    7

    Қызметті берушің жұмыс кестесі

    1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – ҚР Еңбек кодексі) сәйкес сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып
    сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезекпен көрсетіледі, алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;

    2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

    Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

    көрсетілетін қызметті берушінің – www.kgd.gov.kz;

    www.egov.kz порталы интернет-ресурстарында орналастырылған.

    8

    Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

    1) лицензияны алу үшін:

    осы Қағидаға 2 немесе 3-қосымшаларға сәйкес өтініш;

    ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

    алкоголь өнімін өндіруші әзірлеген және бекіткен өндіру паспортының электрондық көшірмесі;

    арақ пен айрықша арақтың және ликер-арақтың қажетті көлемін өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтың пайдалану – техникалық сипаттамасын қамтитын жабдықтың паспорттарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік қуат есебінің электрондық көшірмесі;

    ұйымның теңгеріміне технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есептік) құжаттардың электрондық көшірмелері;

    осы Қағидаға 4-ұосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында алкоголь өнімін өндіру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына мәліметтер нысаны;

    2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:

    осы қағидаға 5 немесе 6-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

    ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

    мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.

    9

    Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту негіздемелері

    1) Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілетін қызметті алушылардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;

    2) лицензиялық алым енгізілмеген;

    3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

    4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;

    5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;

    6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайлар;

    7) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайлар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер болып табылады.

    10

    Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

    Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.

    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

    «Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына

    2-қосымша

    Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға

    өтініші

    Кімге_______________________________________________________________

    (лицензиардың толық атауы)

    кімнен_______________________________________________________________

    (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

    ____________________________________________________________________

    (қызметтің түрі және (немесе) кіші түрі (-лері) көрсетілсін)

    жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште ____________________________________________________________________

    (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда, X белгісін қою керек) беруіңізді сұраймын.

    Заңды тұлғаның мекенжайы ___________________________________________________________________

    (почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің аты, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

    Электрондық поштасы ________________________________________________

    Телефоны ___________________________________________________________

    Факс _______________________________________________________________

    Банктік шоты ________________________________________________________

    (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

    Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лар) ____________________________________________________________________

    (почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің аты, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

    Қоса берілген құжаттар ____________ парақ.

    Осы арқылы:

    көрсетілген деректердің бәрі ресми байланыстар болып табылатыны және лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша оларға кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

    өтініш берушіге соттың лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға тыйым салмағаны;

    қоса беріліп отырған құжаттардың бәрі шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады.

    Басшы ______________ ______________________________________

    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

    Толтырылған күні: 20___ жылғы «___» _________________

    «Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру»

    мемлекеттік көрсетілетін

    қызмет қағидасына

    3-қосымша

    Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға
    өтініші

    Кімге __________________________________________________________

    (лицензиардың толық атауы)

    Кімнен ________________________________________________________

    (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

    ____________________________________________________________________

    (қызметтің түрі және (немесе) кіші түрі (-лері) көрсетілсін)

    жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште _________________________________________________________

    (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда, X белгісін қою керек) беруді сұраймын.

    Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы

    ___________________________________________________________________

    (почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің аты, үйдің/ғимараттың нөмірі)

    Электрондық поштасы ___________________________________________

    Телефоны ______________________________________________________

    Факс__________________________________________________________

    Банктік шоты ___________________________________________________

    (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

    Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) ___________________________

    (почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің аты, үйдің/ғимараттың нөмірі)

    Қоса берілген құжаттар ____________ парақ.

    Осы арқылы:

    көрсетілген деректердің бәрі ресми байланыстар болып табылатыны және лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша оларға кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

    өтініш берушіге соттың лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға тыйым салмағаны;

    қоса беріліп отырған құжаттардың бәрі шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады.

    Басшы _______________ ______________________________________

    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

    Толтырылған күні: 20___ жылғы «___» ______________

    «Алкоголь өнімін өндіруге

    лицензия беру»

    мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына

    4-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 60 қаулысымен

    Бекітілген Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті

    қоспағанда, этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату

    жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және

    оларға сәйкестігін растайтын

    құжаттар тізбесіне

    қосымша



    Алкоголь өнімін өндіру, саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары

    Этил спиртін өндіру саласындағы қызмет түрі үшін:

    1.1 Этил спиртін өндіру паспортында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін меншік құқығындағы стационарлық үй-жайлар:

    мыналарды көрсетіңіз:

    1) орналасқан жерінің мекенжайы (почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі ___________________________________________________________________;

    2) стационарлық үй-жайдың кадастрлық нөмірі _______________________;

    3) меншік құқығы туындауының негізі ______________________________;

    4) меншік құқығының туындауын растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні _____________________________________________________;

    5) нысаналы мақсаты (жоспар бойынша литер) _______________________;

    6) стационарлық үй-жайдың жалпы алаңы ____________________________;

    7) салынған жыл _________________________________________________.

    1.2 Стационарлық үй-жайда этил спиртін өндіруді қамтамасыз ететін сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәріз:

    мыналарды көрсетіңіз:

    1) стационарлық үй-жайды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәрізбен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсету туралы шарттың (шарттардың) атауы __________________________________________________;

    2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні _____________________________.

    1.3 Лицензиарға өндіру көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін спирт өлшеуіш аппараттар/есепке алудың бақылау аспаптары, іркіліссіз электр энергиясының қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде этил спирті өнімінің өндірілу көлемі туралы, автоматты түрде берілуін қамтамасыз ететін аспаптар:

    мыналарды көрсетіңіз:

    1) аппараттарды/ аспаптарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға арналған шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні _________________________;

    2) аппараттар/аспаптар саны _______________________________________;

    3) ақпаратты автоматты түрде беруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етудің бар-жоғы _____________________________.

    1.4 Этил спиртін өндіруге шикізатты сақтау, дайындау (өңдеу), беру үшін арналған қойма:

    мыналарды көрсетіңіз:

    1) меншік құқығы туындауының негізі ______________________________;

    2) нысаналы мақсаты (жоспар бойынша литер) ________________________;

    3) меншік құқығының туындауын растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні ______________________________________________________;

    4) қойманың алаңы _______________________________________________;

    5) біржолғы сақтау көлемі _________________________________________.

    1.5 Өлшемдердің бірыңғайлығын мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесінің талаптарына сәйкес тексерілген температуралық ылғалдық режимі бойынша шикізатты, қосалқы материалдарды, этил спиртін сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптар:

    мыналарды көрсетіңіз:

    1) аспаптарды сатып алуды растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні _______________________________________________________________;

    2) аспаптарды тексеруді жүзеге асыратын ұйымның атауы _______________;

    3) соңғы және кейінгі тексерудің күні _______________________________.

    1. Алкоголь өнімін өндіру саласындағы қызмет түрі үшін:

    2.1 Алкоголь өнімін өндіру паспортында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін меншік құқығындағы стационарлық үй-жайлар:

    мыналарды көрсетіңіз:

    1) орналасқан жерінің мекенжайы (пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі (стационарлық үй-жайдың) ____________________________________________________________;

    2) стационарлық үй-жайдың кадастрлық нөмірі ________________________;

    3) меншік құқығы туындаудың негіздемесі ___________________________;

    4) меншік құқығының туындауын растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі және күні ____________________________________________________;

    5) нысаналы мақсаты (жоспар бойынша литер) ________________________;

    6) стационарлық үй-жайдың жалпы алаңы ____________________________;

    7) салынған жылы _________________________________________________.

    2.2 Стационарлық үй-жайда алкоголь өнімін өндіруді қамтамасыз ететін сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз:

    мыналарды көрсетіңіз:

    1) стационарлық үй-жайларды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәрізбен қамтамасыз ету жөніндегі шарттың (шарттардың) атауы ______________________________________________________________;

    2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні _____________________________.

    2.3 Лицензиарға өндіру көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін алкоголь өнімдерінің өндірілу көлемін есептеу аспаптары (көмір қостотығымен қаныққанынан және шарап материалынан басқа)/есепке алудың бақылау аспаптары, іркіліссіз электр энергиясының қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде алкоголь өнімінің өндірілу көлемі туралы, деректердің автоматты түрде берілуін қамтамасыз ететін аспаптар:

    мыналарды көрсетіңіз:

    1) аспаптарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні _________________________________________;

    2) аспаптар саны _________________________________________________;

    3) ақпаратты автоматты түрде беруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етудің бар-жоғы ____________________________.

    2.4 Алкоголь өнімін өндіруге шикізатты сақтауға, дайындауға (өңдеуге), беруге арналған қойма:

    мыналарды көрсетіңіз:

    1) меншік құқығы туындауының негізі ______________________________;

    2) нысаналы мақсаты (жоспар бойынша литер) ________________________;

    3) меншік құқығының туындауын растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні ______________________________________________________;

    4) қойманың алаңы _______________________________________________;

    5) біржолғы сақтау көлемі _________________________________________.

    2.5 Өлшемдердің бірыңғайлығын мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесінің талаптарына сәйкес тексерілген температуралық ылғалдық режимі бойынша шикізатты, қосалқы материалдарды, алкоголь өнімін сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптар:

    мыналарды көрсетіңіз:

    1) аспаптарды сатып алуды растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні _______________________________________________________________;

    2) аспаптарды тексеруді жүзеге асыратын ұйымның атауы _______________;

    3) соңғы және кейінгі тексерудің күні ________________________________.

    1. Алкоголь өнімі өндірілетін аумақта оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату саласындағы қызметтің түрі үшін:

    3.1 Жалға алу немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі:

    шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні көрсетіңіз ______________________.

    3.2 Қойма үй-жайдағы сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, кәріз:

    мыналарды көрсетіңіз:

    1) стационарлық үй-жайларды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәрізбен қамтамасыз ету жөніндегі шарттың (шарттардың) атауы _____________________________________________________________;

    2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні ____________________________.

    3.3 Мәлімделген қойма үй-жайда алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын екі немесе одан көп лицензиаттың бар немесе жоқ болуы туралы мәліметтер:

    қойма үй-жайында екі немесе одан көп лицензиаттың бар немесе жоқ болуын көрсетіңіз ____________________________________________________.

    3.4 Өлшемдердің бірыңғайлығын мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесінің талаптарына сәйкес тексерілген температуралық ылғалдық режимі бойынша алкоголь өнімін сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптар:

    мыналарды көрсетіңіз:

    1) аспаптарды сатып алуды растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі және күні _______________________________________________________________;

    2) аспаптарды тексеруді жүзеге асыратын ұйымның атауы _______________;

    3) соңғы және кейінгі тексерудің күні ________________________________.

    1. Алкоголь өнімі өндірілетін аумақта оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметтің түрі үшін:

    4.1 Стационарлық үй-жайдағы сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, кәріз:

    мыналарды көрсетіңіз:

    1) стационарлық үй-жайларды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау кәрізбен қамтамасыз ету жөніндегі шарттың (шарттардың) атауы ___________________________________________________________________;

    2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні _____________________________.

    4.2 Бақылау-кассалық машина:

    бақылау-кассалық машинаны тіркеуді растайтын құжаттың нөмірі мен күнін көрсетіңіз ___________________________________________________________.

    4.3 Өлшемдердің бірыңғайлығын мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесінің талаптарына сәйкес тексерілген температуралық ылғалдық режимі бойынша алкоголь өнімін сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптар:

    мыналарды көрсетіңіз:

    1) аспаптарды сатып алуды растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні _______________________________________________________________;

    2) аспаптарды тексеруді жүзеге асыратын ұйымның атауы _______________;

    3) соңғы және кейінгі тексерудің күні ________________________________.

    «Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру»

    мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына

    5-қосымша

    Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге өтініші

    Кімге ____________________________________________________________

    (лицензиардың толық атауы)

    кімнен ___________________________________________________________

    (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

    ____________________________________________________________________

    (қызметтің түрі және (немесе) кіші түрі (-лері) көрсетілсін)

    жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште ______ (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда, Х белгісін қою керек) беруіңізді сұраймын.

    Заңды тұлғаның мекенжайы _________________________________________

    _________________________________________________________________

    (почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

    Электрондық почтасы ______________________________________________

    Телефоны ________________________________________________________

    Факс ____________________________________________________________

    Банктік шоты______________________________________________________

    _________________________________________________________________

    (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

    Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) _____________________________

    _________________________________________________________________

    (почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

    Қоса берілген құжаттар___________ парақ.

    Осы арқылы:

    көрсетілген деректердің бәрі ресми байланыстар болып табылатыны және лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша оларға кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

    өтініш берушіге соттың лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға тыйым салмағаны;

    қоса беріліп отырған құжаттардың бәрі шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады.

    Басшы ____________ _____________________________________

    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

    Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» _________

    «Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру»

    мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына

    6-қосымша

    Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге өтініші

    Кімге ____________________________________________________________

    (лицензиардың толық атауы)

    кімнен ___________________________________________________________

    (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

    ___________________________________________________________________

    (қызметтің түрі және (немесе) кіші түрі (-лері) көрсетілсін)

    жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште _______ (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда, Х белгісін қою керек) беруді сұраймын.

    Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы _______________________

    (почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің аты, үйдің/ғимараттың нөмірі)

    Электрондық почтасы ______________________________________________

    Телефоны ________________________________________________________

    Факс _____________________________________________________________

    Банктік шоты _____________________________________________________

    (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

    Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) _____________________________

    (почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің аты, үйдің/ғимараттың нөмірі)

    Қоса берілген құжаттар___________ парақ.

    Осы арқылы:

    көрсетілген деректердің бәрі ресми байланыстар болып табылатыны және лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша оларға кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

    өтініш берушіге соттың лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға тыйым салмағаны;

    қоса беріліп отырған құжаттардың бәрі шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады.

    Жеке тұлға ____________ ___________________________________

    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

    Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» _________

    Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

    ________облысының/қаласының Әділет департаменті

    Нормативтік құқықтық акті14.07.2020

    Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

    тіркеудің тізіліміне 20955болып енгізілді

    Результаты согласования

    Министерство финансов РК - директор Департамента Мурат Бухарбаевич Адилханов, 07.07.2020 12:09:35, положительный результат проверки ЭЦП

    Министерство юстиции РК - Исполнящий обязанности министра Наталья Виссарионовна Пан, 09.07.2020 18:31:13, положительный результат проверки ЭЦП

    Результаты подписания

    ҚР Қаржы министрлігі - Қаржы Министрдің міндетін атқарушы Б. Шолпанкулов, 10.07.2020 10:39:04, положительный результат проверки ЭЦП

    Жүктеу
    19bff80c22ea27126368e8807e90edaa_original.44130.docx
    DOCX · 43 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Басқа

    Қазақстан Республикасы төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсіміндегі кредиторлар талаптарының тізілімі

    Жарияланды:
    Басқа

    Камералдық бақылау: салық төлеушілер үшін маңызды аспектілер

    Камералдық бақылау — салық төлеушіге бармай-ақ, мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын қашықтықтан салықтық әкімшілендірудің негізгі нысандарының бірі. Осы бақылаудың басты мақсаты — салық төлеушілерге жіберілген...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 Ж. 5 АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

    Мемлекеттік бюджет жоспарының кіріс бөлігінің орындалуы 81% (жоспар 412,3 млрд.тг., нақты түсім 335,1 млрд.тг., орындалмаған сома 77,2 млрд.тг.), оның ішінде: РБ кірістері 85 % (жоспар 148,3 млрд.тг., нақты түсім 126,1 м...

    Жарияланды:
    Жарлық

    Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы

    Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығы. Қазақстан Республикасынан: 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Б...

    Жарияланды:
    Басқа

    Қаржы басқарушылардың тізімі/Қаржы басқарушысы ретінде тағайындауға жататын тұлғалар тізімі

    Жарияланды:
    Басқа

    Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру

    Жарияланды:
    Басқа

    Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру

    Жарияланды: