Талданатын объект: « Индер аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі » ММ (бұдан әрі - мекеме), Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі, №30.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 2-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Индер ауданы әкімі аппараты басшысының «Жұмысшы тобын құру туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен құралды:
1)Умиткалиева Айгуль Аралбаевна – аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімнің басшысы;
2)Ғұмарова Айдана Нағиымқызы -аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы;
3) Жумашев Самат Ислямгаливич – аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің инспекторы;
4) Капизова Айман Кабежановна – аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің есепшісі;
5) Шайдуллина Ингал Сагиденовна – аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің статисті;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі:
15 маусым -30 маусым 2026 жыл.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 5-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілді.
Мекемеге бағынысты мекемелер жоқ.
І. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау жүргізу барысында бөлімнің құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
- Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау жүргізу барысында мекеменің ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
III. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны – 2, келісім шарт негізінде 3 қызметші жұмыс жасайды.
2026 жылдың 15 маусым жағдайы бойынша бос вакансиялар жоқ.
Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.
Барлық мемлекеттік қызметшілердің 2024 және 2025 жылдарға арналған кірістері мен мүліктері туралы декларациялары Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мерзімде тапсырылған.
Индер аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық қызмет» мәліметтер базасында тексеріліп, талдау кезеңінде басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметтер анықталған жоқ.
- Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
- Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бөлімнің құзыретіне мемлекеттік қызмет көрсету кірмейді.
- Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ережеге сәйкес бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.
VII. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
VIII. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданып отырған кезеңде бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 18 өтініш келіп түссе, 2025 жылы 12 ай қортындысымен 13 өтініш келіп түсіп, барлығына жауап берілді
- Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мекеменің 2025 жылға арналған қаржылық жоспарына сәйкес, 30 млн. 188 697,2 мың теңге қаражат бөлініп толықтай игерілді, 2026 жылға арналған қаржылық жоспарына сәйкес 31 млн 972 000,0 мың теңге бөлініп, ағымдағы жылдың 30 маусым жағдайымен 17667,522 мың теңге игерілді.
- Жасырын қызметті анықтау.
Ережеге сәйкес, бөліммен мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Талдау барысында нормативтік-құқықтық актілерде, қаржы-шаруашылық қызметте және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.