2026 жылдың ІІ тоқсанында Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырып, білім беру сапасын қамтамасыз ету, мемлекеттік бақылау жүргізу, құқық бұзушылықтардың алдын алу және педагогтердің құқықтарын қорғау бағыттарында жүйелі жұмыстар атқарды.
Мемлекеттік аттестаттау жұмысы
2026 жылға жоспарға сәйкес 8 мектепке мемлекеттік аттестаттау өткізу көзделген, бұйрыққа өзгеріс еңгізіліп, қараша айына ауыстырылды. 2025 жылғы мемлекеттік аттестаттау бойынша толық қайталама аттестаттау жұмыстары аяқталды, нетиежесі бойынша 1 мектеп (Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің «Жомарт бастауыш мектебі» екінші рет аттестаттаудан өтпей, бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне еңгізілді. Қалған жоспар бойынша барлық білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттауды аяқтады. Сонымен қатар, 3 орта білім беру ұйымында (сәуір – 2 мектеп, мамыр – 1 мектеп) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілді. Нәтижесі бойынша 3 білім беру ұйымына да нұсқама толтырылды, 2 мектеп аттестатталды( Жаңаарқа ауданы О.Әлібаев атындағы ЖББМ, Қызылжар ЖББМ) , 1 мекетеке аттестатталмады деген шешім шығарылды ( Ұлытау ауданы № 4ЖББМ).
Жоспарлы және жоспардан тыс тексерістер
2026 жылға арналған жоспарға сәйкес облыстың білім бөлімдеріне тексерістер жүргізу кестесіне сәйкес сәуір айында Жаңаарқа ауданының білім бөліміне жоспарлы тексеріс жүргізіліп, бірнеше бағытта бұзушылықтар анықталды. Орындалу мерзімі көрсетіліп, нұсқама берілді.
Жоспарлы тексеріс «Zerdeli-Жезу мектебі» -де 2026 жылдың 20 – 22 сәуір аралығында жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша «Zerdeli-Жезу мектебі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде білім беру саласындағы қолданыстағы заңнаманың орындалысы бойынша кемшіліктер анықталды, нәтижесі бойынша қорытынды акт Жезқазған қаласының прокуротурасына жолданды. Тексеру нәтижелері бойынша «Zerdeli-Жезу мектебі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде білім беру саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарының бұзылуы анықталды. Аталған құқық бұзушылық үшін Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 464-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі
Есепті кезеңде лицензияға қосымшалар алуға 3 өтініш түсіп, құжаттардың толық ұсынылмауына байланысты дәлелді бастарту болды. Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінен білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша 2026 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсетілді. Барлығы 16 құжат рәсімделді. ТжКБ-4, жалпы орта білім-4,негізгі орта-7, табель-1. Оның ішінде: Германия-10, Италия-3, Турция-1, Польша-2.
e-Otinish платформасы арқылы өтініштерді қарау
Жыл басындағы қалдық жолданымдар, хабарлар, сұрау салулар, үн қосулар, ұсыныстар-0. Жыл басынан тіркелген өтініштер саны- 64. Қаралғаны-60 (жыл соңындағы қалдық-1). Мерзімі бұзыла отырып қаралды-0. Мерзімі бұзыла отырып құзыреттілігі бойынша қарауға басқа органдарға жіберілді-0. Есепті мерзімнің соңындағы қалдық-4. Қайта бағытталғаны-3
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес қызметі
2026 жылдың 25 маусым күні Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің жоспарлы екінші отырысы өтті. Отырысқа кеңес мүшелері, Ұлытау облысы білім басқармасының өкілдері, Сәтбаев қаласы білім бөлімінің басшысы, білім беру ұйымдарының басшылары және педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің төрағалары қатысты. Кеңес барысында педагогтердің кәсіби әдебін сақтау, олардың құқықтарын қорғау, қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.Отырыс қорытындысы бойынша педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау мәдениетін нығайтуға бағытталған тиісті ұсынымдар қабылданды.
2026 жылғы 8 мамырда Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің жоспарына сәйкес Қаражал қаласының білім беру ұйымдарының басшыларымен және білім беру ұйымдарындағы Әдеп жөніндегі кеңес төрағаларының қатысуымен Zoom платформасы арқылы ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді. Кездесу барысында педагогтердің құқықтары мен міндеттері жан-жақты түсіндіріліп, педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, кәсіби этика талаптарын ұстану және білім беру ұйымдарындағы қолайлы ахуалды қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
«Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» тақырыбында кездесу өткізілді.
2026 жылғы 13 мамырда Сәтбаев қаласының №16 жалпы білім беретін мектебінде Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің ұйымдастыруымен педагогикалық қауымдастықпен кездесу өткізілді.
Кездесу «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» тақырыбына арналды.
Жиын барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістерге Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Н. Жакупбекова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлытау облысы бойынша филиалының тренері, экономика ғылымдарының кандидаты А.С. Нуртазинова, Ұлытау облысының білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының жетекші маманы М.Қ. Ерназаров, Сәтбаев қаласы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназия директорының орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі Л.А. Беисова кеңінен тоқталды.
Кездесу барысында педагогтар тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасу ұйымдастырылып, бірқатар ұсыныстар айтылды. Ашық диалог форматында өткен жиын білім беру жүйесіндегі құқықтық мәдениетті арттырудың маңыздылығын көрсетті.
Іс-шараға Кеңес мүшелері, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі, педагогикалық қауымдастық және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«ҰЛЫТАУ Teachers Group» чатының жұмысы
Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мен Ұлытау облысының білім басқармасы тарапынан педагогтердің құқықтарын қорғау және өзекті мәселелер бойынша жедел кері байланыс орнату мақсатында «ҰЛЫТАУ Teachers Group» өңірлік педагогтер чатының жұмысы тұрақты түрде қадағаланып отырады. Чатта тіркелген қатысушылар саны қазіргі уақытта 1508.
Чаттың қызметі департаменттің жауапты маманының бақылауында, педагогтер тарапынан келіп түскен сұрақтар жүйелі түрде тіркеліп, бақылауға алынуда. 2026 жылдың 2- тоқсанында ешқандай сұрақ түспеді.
Педагогтердің ақпараттандыру деңгейін арттыру, заңнаманы түсіндіру және т.б. бойынша чатта жарияланғандар жарияланымдар:
Білім басқармасы тарапынан жарияланған:
03.04.2026 жылы Ұлытау облысының педагогтерін байқауға шақыру туралы ақпараттық жарияланым жарық көрді. ( https://t.me/c/1234824592/5402;
14.05.2026 жылы "Педагогикалық идеялар" панорамасы-2026 республикалық байқауыцның өңірлік кезеңі өтетіндігі хабарланды https://t.me/c/1234824592/5433.
Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан жарияланған :
16.06.2026 жылы Департамент басшысының азаматтарды қабылдау күні жарияланды https://www.facebook.com/photo/?fbid=845403248520064&set=pcb.845403718520017; https://www.gov.kz/memleket/entities/control-ulytau/press/news/details/1230327?directionId=61811&lang=kk;
16.06.2026 жылы Президент педагогтердің құқықтық қорғалуын күшейтуге және білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойғаны туралы ақпаратпен бөлісті.
18.06.2026 жылы Жұлдыз Сүлейменова мектеп оқулықтарын жаңарту мәселелері бойынша жетекші баспалардың басшыларымен кездесу өткізгендігі туралы ақпаратпен бөлісті https://t.me/c/1234824592/5525;
26.06.2026 жылы Департамент басшысының азаматтарды қабылдау күні жарияланды https://t.me/c/1234824592/5531 .
Сұрақтардың уақытында шешілуі, қатысушылардың жүйелі кері байланысы департаменттің жауапты маманының қадағалауында.
Білім басқармасымен өзара іс-қимыл
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Басшының қатысқан құзыретті органдардың іс-шаралары
2026 жылғы 20 сәуірде Жезқазған қаласындағы №10 орта мектепте Ұлытау облысы әкімінің орынбасары З.Ж. Ақылбекованың төрағалығымен өткен орта білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру қорытындыларына арналған кеңес;
2026 жылғы 16 маусымда Ұлытау облысындағы 14 колледжге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мәселелері бойынша өткен кеңейтілген отырыс;
2026 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті ұйымдастырған кеңес;
2026 жылғы 18 маусымда «Әлеуметтік әріптестік – білім беру саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғаудың негізі» тақырыбындағы республикалық семинар-кеңес.
Әдеп жөніндегі уәкіл қызметі
Әдеп кодексі талаптарының сақталуы мәселелері бойынша аталған тоқсанда екі рет жеке консультативтік жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар, департамент қызметкерлерінің қатысуымен екі іс-шара ұйымдастырылып өткізілді:
- «Мемлекеттік қызметтегі әдеп және кәсіби мәдениет» тақырыбындағы дөңгелек үстел.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларын сақтауды насихаттау, кәсіби коммуникация мәдениетін қалыптастыру және қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыру. - Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын түсіндіру бойынша іс-шара.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Әдеп кодексі талаптарын басшылыққа ала отырып, оның орындалуын қамтамасыз ету мақсатында департамент қызметкерлері арасында мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіруге бағытталған талаптар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Әдеп кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
https://www.facebook.com/share/p/17uLm4jbVe/?mibextid=wwXIfr
https://www.gov.kz/memleket/entities/control-ulytau/press/events/details/46991?lang=ru https://www.facebook.com/photo/?fbid=930245733369148&set=a.109594938767569
Әкімшілік істер бойынша жұмыстар
2026 жылғы 1 сәуір мен 26 маусым аралығында Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 3 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, құқық бұзушыларға қысқартылған іс жүргізу тәртібімен әкімшілік айыппұл салынды.
Атап айтқанда:
2026 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409-бабының 3-бөлігі бойынша Бапанова Райхан әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10812,5 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұл қысқартылған іс жүргізу тәртібімен толық көлемде төленді.
2026 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-1-бабының 1-бөлігі бойынша Камалов Марат Ғаппасұлы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 21 625 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұл қысқартылған іс жүргізу тәртібімен толық көлемде төленді.
2026 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409-бабының 2-бөлігі бойынша Аубакирова Алла Валериановна әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 812,5 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұл қысқартылған іс жүргізу тәртібімен толық көлемде төленді.
Есепті кезеңде қаралған 3 әкімшілік істің барлығы бойынша айыппұлдар толық көлемде өндірілді. Салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 43250 теңгені құрады. Оның ішінде 10812,5 теңге, 21 625 теңге және 10 812,5 теңге мөлшеріндегі айыппұлдар қысқартылған іс жүргізу тәртібімен толық төленді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
2026 жылдың II тоқсанында Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан құқықтық мәдениетті арттыруға, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттарын сақтауына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға және педагогикалық әдеп мәселелерін түсіндіруге бағытталған бірқатар ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
2026 жылғы 17 сәуірде департаментте мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі – Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы О. Жолшыбек мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын сақтау, қызмет алушылардың құқықтарын қамтамасыз ету және олардың бұзылуына жол бермеу мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірме жүргізді.
2026 жылғы 8 мамырда Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес Қаражал қаласы білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының басшыларымен және педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес төрағаларымен ZOOM платформасы арқылы ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді. Кездесу барысында педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің қызметі, педагогтердің әдеп нормаларын сақтау, алдын алу шаралары және кеңес жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері түсіндірілді.
2026 жылғы 21 мамырда департаментте «Мемлекеттік қызметтегі әдеп және кәсіби мәдениет» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараны департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі, бөлім басшысы К. Даутбаева жүргізді. Дөңгелек үстелде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, кәсіби мәдениетті қалыптастыру, қызметтік әдепті нығайту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды.
2026 жылғы 17 маусымда департамент басшысы Жақыпбекова Гаухар Набиевна департамент ұжымына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдама» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында Тұжырымдаманың негізгі бағыттары, заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын орнықтыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Өткізілген іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіруге, педагогикалық әдеп қағидаларын сақтауға және заң мен тәртіп идеологиясын насихаттауға бағытталды.
Педагогтермен кездесулер
2026 жылдың 19 наурыз күні Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің жоспарына сәйкес Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі мен Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінде педагогикалық ұжыммен және кеңес мүшелерімен кездесулер ұйымдастырылды.
Кездесу барысында педагогтердің құқықтары мен міндеттері жан-жақты түсіндіріліп, педагогикалық әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Педагогтердің пікірлері тыңдалып, қойылған сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
Сонымен қатар, педагогикалық әдеп нормаларын сақтауда кемшіліктер орын алған жағдайлар бойынша ашық диалог алаңы ұйымдастырылып, өзекті мәселелер талқыланды.
Аталған кездесулер ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға, педагогтердің кәсіби мәдениетін арттыруға және педагогикалық әдеп нормаларын нығайтуға бағытталды.
Мемлекеттік мекеме бюджет қаражаты
2026 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік мекеме бюджет қаражатының 98,9 пайызын игерілді. Жалақы мен міндетті төлемдер уақытылы және толық көлемде төленді. 468 нысан бойынша есептер және мүлікті, соның ішінде үй-жайларды және көлік құралдарын түгендеу белгіленген мерзімде тапсырылды. Мемлекеттік сатып алу порталында шарттар жоспарға сәйкес жасалды. 2027-2028-2029 жылдарға арналған бюджеттік өтінім қалыптастырылып, дерекқорға енгізілді.
Аталған есептілік кезеңде департамент қызметкерлері «AI Qyzmet» мемлекеттік қызметшінің жұмысында жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану базалық онлайн курсынан және «Қазақсатан Республикасы конституциясындағы жаңашылдық» тақырыбында қашықтықтан оқыту курстарынан өтіп, сертификат алды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге арналған «Жасанды интеллект және деректер аналитикасы» курсынан өтті. Департаменттің бас маманы Д.С.Жолдыбаева Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінен 15.06.-19.06. аралығында тағылымдамадан өтті.
МОДО-2026 жыл және мониторингтер
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингті (ББЖМ) бекітілген кестеге сәйкес өткізу және академиялық адалдық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар ұйымдастырып, толық орындады.
Бекітілген жоспарға сәйкес Департамент қызметкерлері 17 мектепте бақылаушы ретінде қатысып, мониторинг өткізу барысында академиялық адалдық талаптарының сақталуына бақылау жүргізді.
Жалпы, ББЖМ облыс бойынша 2026 жылғы 30 сәуір мен 5 мамыр аралығында 21 мектепте өткізілді. Департамент қызметкерлері 17 мектепке барып, мониторингтің өткізілу барысына бақылау жасады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, 2026-2027 оқу жылына мектептердің дайындығына бақылау мақсатында мониторингтің бірінші кезеңі жүргізілді. Нәтижесі туралы ақпаратты толық талдамалық анықтама және кесте толтырылып жолданды. Мониторингтің екінші кезеңі 29.06.-19.07. аралығында 30 білім беру ұйымында ( Жаңаарқа ауданы -12 мектеп, Ұлытау ауданы -12 мектеп, Қаражал қаласы-2 мектеп, Жезқазған қаласы -4 мектеп) жүргізілу жоспарлануда. Сонымен қатар, 30 білім беру ұйымында мектепішілік бақылау бойынша мониторинг жүргізіліп жатыр.
Ақпараттық жариялымдар
Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Департамент қызметі кеңінен жарияланды: Facebook – 23, Instagram – 21, ресми сайтта – 30 материал орналастырылды.
Жалпы, 2026 жылдың ІІ тоқсанында Департамент тарапынан білім беру сапасын қамтамасыз ету, заң талаптарының сақталуын бақылау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және педагогтердің құқықтарын қорғау бағыттарында жүйелі және нәтижелі жұмыстар жүргізілді. Алдағы кезеңде аталған бағыттардағы жұмыстар жалғасын табады.