2026 жылдың I жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ЕСЕБІ

    ·

    2026 жылдың I жартыжылдығында Департаментте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ашықтықты қамтамасыз ету және қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді.

    Жоспарға сәйкес қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп мәселелері бойынша оқыту іс-шаралары ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарының сақталуына тұрақты мониторинг жүргізілді.

    Азаматтармен кері байланысты нығайту мақсатында ашық есік күндері, онлайн қабылдаулар өткізілді, әлеуметтік желілер мен ресми интернет-ресурста ақпараттық-түсіндіру материалдары тұрақты жарияланып отырды.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізіліп, қызмет алушылардың өтініштері мен шағымдары қаралды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу бойынша дайындық жұмыстары атқарылды.

    Білім беру ұйымдарымен бірлесіп адалдық, парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Сенім жәшігі, электрондық пошта және сенім телефоны арқылы келіп түскен өтініштер тұрақты түрде қаралды.

    Есепті кезеңде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, тәртіптік сипаттағы сыбайлас жемқорлық фактілері және мүдделер қақтығысы жағдайлары тіркелген жоқ.

    Жоспарда көзделген іс-шаралар I жартыжылдықта толық көлемде орындалды.

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    «Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ұлытау облысы бойынша білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті» ММ-нің 2026 жылғы ІІ тоқсанда атқарған жұмыстары туралы анықтамалық есеп

    2026 жылдың ІІ тоқсанында Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырып, білім беру сапасын қамтамасыз ету, мемлекеттік бақылау жүргізу, құқық бұзушылықтардың алдын алу ж...

    Жарияланды:
    Жоспар

    2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі ЖОСПАР Ұлытау облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті

    Жарияланды:
    Үкімет Қаулысы

    Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 200 қаулысы

    Жарияланды:
    Есеп

    Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысының қорытындысы, 1 тоқсан, 2026 жыл

    Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысының қорытындысы, 1 тоқсан, 2026 жыл Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департамен...

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 жылдың І тоқсанында ресми құжаттарды апостильдеу бойынша ақпарат

    Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінен білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша 2026 жылдың І тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсетілді. Барлығы- 5 құжат рәсімдел...

    Жарияланды:
    Жоспар

    Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысының 2026 жылға арналған күн тәртібі

    Жарияланды: