Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысының қорытындысы, 1 тоқсан, 2026 жыл
Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте жоспарлы 1 отырысы өткізілді. (№1, 19.03.2026ж) https://www.gov.kz/memleket/entities/control-ulytau/press/events/details/44881?lang=kk ; https://www.gov.kz/memleket/entities/control-ulytau/press/events/details/44881?lang=ru; https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=850742187986170&id=100091511893150&mibextid=wwXIfr&rdid=0XxxdEhPHHzLumpa#
Күн тәртібіндегі мәселелер уақытылы қаралды. Отырыс барысында кеңес мүшелерінің құрамына өзгерістер енгізіліп, 2026 жылға арналған күн тәртібі бекітілді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында педагогикалық әдеп нормаларын сақтау бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері қаралып, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен материалдар мен шағымдар талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ білім беру ұйымдарында қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды күшейту жөнінде нақты міндеттер айқындалды.
Сонымен қатар Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысының 2026 жылға арналған күн тәртібі сайтта жарияланып тұр. https://www.gov.kz/memleket/entities/control-ulytau/documents/details/984689
Сондай- ақ, педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңесмүшелерінің білім беру ұйымдарының педагогтерімен кездесу кестесі бекітіліп, жұмыстар атқарылды. 19 наурыз күні Жезқазған қаласы білім бөлімінің Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі мен Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінде педагогикалық ұжыммен және кеңес мүшелерімен кездесулер ұйымдастырылды. https://www.gov.kz/memleket/entities/control-ulytau/press/events/details/44626?lang=kk; https://www.gov.kz/memleket/entities/control-ulytau/press/events/details/44626?lang=ru;
Кездесу барысында педагогтердің құқықтары мен міндеттері жан-жақты түсіндіріліп, педагогикалық әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Педагогтердің пікірлері тыңдалып, қойылған сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
Сонымен қатар, педагогикалық әдеп нормаларын сақтауда кемшіліктер орын алған жағдайлар бойынша ашық диалог алаңы ұйымдастырылып, өзекті мәселелер талқыланды.
Аталған кездесулер ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға, педагогтердің кәсіби мәдениетін арттыруға және педагогикалық әдеп нормаларын нығайтуға бағытталды.
Өткізілген ісшаралар сайтта, әлеуметтік желіде уақытылы жарияланып отырды.
Орынд. Жолдыбаева Д
87051088231