«Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    ·

    Талданатын объект: «Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-і (бұдан әрі - мекеме), Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Н. Меңдіғалиев көшесі, № 30/8.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 2-тармағы және ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Индер ауданы әкімі аппараты басшысының «Жұмысшы тобын құру туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен құралды:

    1) Кусайнов Мамбеткали Жолдаскалиевич- аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;

    2) Абдиров Абай Каденович - аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы;

    3) Темирбулатов Мурат Амиргалиевич - аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы;

    4) Тағапова Ардақ Абайқызы - аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің есепшісі.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі : 25 мамыр - 10 маусым 2026 жыл.

    Талданатын кезең: 01.01.2025-31.12.2025 ж.ж.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 2-тармағы және ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, жүргізілді.

    Мекемеге бағынысты коммуналдық мемлеккеттік мекемелер жоқ.

    І. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Талдау жүргізу барысында Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесінде ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

    III. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Мекеменің мемлекеттік қызметшілер саны – 3, келісім шарт негізінде 3 қызметші жұмыс жасайды.

    2025 жылдың 31 желтоқсан жағдайы бойынша бос вакансиялар жоқ.

    Талдау кезеңінде маман тағайындалған жоқ.

    Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.

    Барлық мемлекеттік қызметшілердің 2024 жылдарға арналған кірістері мен мүліктері туралы декларациялары Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мерзімде тапсырылды.

    Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық қызмет» мәліметтер базасында тексеріліп, талдау кезеңінде басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметтер анықталған жоқ.

    1. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында түсінік жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

    1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Мекеменің мемлекеттік қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Ережеге сәйкес Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесінде рұқсат беру функциялары жоқ.

    VII. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    VIII. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Талданып отырған кезеңде жеке және заңды тұлғалардан 2025 жылы барлығы 15 өтініш келіп түсті, соның ішінде жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны – 15, заңды тұлғалардан - 0.

    1. Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Мекеменің 2025 жылға арналған қаржылық жоспарына сәйкес – 39980.0 теңге қаражат бөлінген, игерілген сомасы – 39980.0 теңге

    1. Жасырын қызметті анықтау.

    Ережеге сәйкес, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесімен жасырын қызмет көрсетілмейді.

    ҚОРЫТЫНДЫ:

    Талдау барысында нормативтік-құқықтық актілерде, қаржы-шаруашылық қызметте және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

    Жұмыс тобы мүшелері:_________________ М. Кусайнов

    _________________ А.Абдиров

    ________________ М. Темирбулатов

    ________________ А. Тагапова

    Жүктеу
    47a1ecfbbff8ab747c6a5f854489d8ac_original.17028.docx
    DOCX · 17 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Саяси партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі

    Саяси партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі № Қала және аудандар Үй-жайлар атауы Мекен-жайы, байланыс телефоны Жалдау туралы келісім шарт жасақтау орган атауы, байланыс те...

    Жарияланды:
    Құжат

    Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша мәлімет

    Аудандық бөлім аудан көлеміндегі әлеуметтік қолдау мен отбасылық саясатты іске асыратын мемлекеттік орган. Бөлім тарапынан күні бүгінге 15 мемлекеттік қызмет көрсетіліп отыр. Атап айтқанда: Еңбекші көшіп келушіге рұқсатт...

    Жарияланды:
    Құжат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері салымшыларға 24.5 миллионнан астам қызмет көрсетті

    «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) азаматтарды қарттыққа қаражат жинауға қажетті сенімді құралдармен қамтамасыз ете отырып, елдің зейнетақы жүйесінде шешуші рөл атқарады. БЖЗҚ қазақстандықтарға цифрлық ф...

    Жарияланды:
    Құжат

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасын...

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Отандастарымыздың 12 айдағы инвестициялық кірісі 2,8 трлн теңгеден асты

    Салымшылардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады. ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарна...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Көптеген азаматтар зейнеткерлік жасқа жетпей өмірден өтетінін ескерсек, ТЖШ-ны болашақтағы зейнетақыға сүйене отырып есептеу қаншалықты әділ?

    2025 жылы қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 76 жасқа жетіп, тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткішке жетті. 1991 жылдан бүгінгі күнге дейінгі демографиялық деректер халықтың өмір сүру сапасы мен...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі сақтала ма?

    Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін заңнамада көзделген баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақтары бар салымшылар үшін сақталады. Сондай-ақ жоғалтқан еңбек табысының кемінд...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі қалай өзгерді?

    ТЖШ-ны есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістер болашақтағы жинақтаушы зейнетақының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ең төменгі зейнетақы жинақтарына қойылатын талаптарды күшейтуге бағытталған. Бұл өзгеріс...

    Жарияланды: