Алматы қаласының әкімдігі «Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланғанын хабарлайды.
Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 3 маусымдағы № 282 бұйрығымен бекітілген Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді.
Жобаны қабылдаудың мақсаты – Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын қолданыстағы республикалық реттеуге сәйкес бекіту, көше-жол желісі мен абаттандыру объектілерін күтіп-ұстау талаптарының айқындығын және құқық қолданудың біркелкілігін қамтамасыз ету.
Бұл жобада Үлгілік қағидалар негізінде әзірленген Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту көзделген: құқықтық негіз бен ұғымдық аппарат өзектендіріледі, Үлгілік қағидалардың сыртқы жарықтандыру құрылғыларын күтіп-ұстау, биодәретханаларды күтіп-ұстау, үй жануарларын серуендету алаңдары жөніндегі нормалары ескеріледі, редакциялық дәлсіздіктер жойылады.
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелмейді.
Жобаны талқылауға қатысу үшін «Ашық НҚА» порталындағы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15951447 сілтемесі арқылы өтуге шақырамыз.