Бостандық ауданы әкімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

    Алматы қаласының әкімдігі

    Бостандық ауданы әкімінің 2026 жылғы 4 сәуірдегі өкімінің негізінде 2025 жыл және 2026 жылдың 3-тоқсаны үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Персоналды басқару, мүдделер қақтығысының болуы, құжаттамалық қамтамасыз ету, өтініштерді қарау, жеке қабылдауларды ұйымдастыру және тапсырмалардың орындалуын бақылау мәселелері зерделенді.

    Анықтамаға сәйкес, 2026 жылдың 3-тоқсанына аппараттың штаттық саны 55 бірлікті құрайды, нақтысы — 51, 4 лауазым бос. Талданып отырған кезеңде конкурс нәтижелері бойынша 28 қызметкер қабылданды, меритократия қағидаттары бойынша 3 қызметкер тағайындалды. 2025 жылы 22 қызметкер оқудан өтті, 2026 жылы талдау жүргізілген сәтте — 6 қызметкер. Мемлекеттік қызметшілер біліктілік талаптарына сәйкес келеді, ықтимал мүдделер қақтығысы анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және кадрлардың тұрақсыздығын төмендету бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

    2026 жылдың 3 тоқсанында коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым, абаттандыру, көгалдандыру, әлеуметтік сала, кәсіпкерлік мәселелері және т.б. бойынша 15 225 өтініш түсті. Белгіленген есептіліктің ұсынылуы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, өтініштерді қарау кезінде бұзушылықтар анықталды, олар бойынша жауапты орындаушылар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    Көрсетілген тоқсанда 6 жеке қабылдау өткізіліп, 38 азамат қабылданды. «Ай-протокол» ақпараттық жүйесі арқылы Алматы қаласы әкімінің хаттамалық тапсырмаларына күнделікті негізде бақылау жүзеге асырылды. Белгіленген мерзімде орындалу барысы туралы тиісті ақпараттар енгізілді. Анықтамаға сәйкес, аппаратта рұқсат беру және бақылау-қадағалау функциялары жоқ.

    Талдау қорытындысы бойынша қызметтік әдепті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу, дұрыс емес декларацияларды ұсыну, заңсыз сыйақы, сыйлықтар мен қызметтер алу, оның ішінде жеке қабылдаулар кезінде алу тәуекелдері белгіленді. Сондай-ақ өтініштерді қарау мерзімдері мен тәртібін бұзу, негізсіз жауаптар беру, тыңдаулар өткізбеу және жеке қабылдау қорытындылары бойынша тапсырмаларды орындау кезінде лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану тәуекелдері атап өтілді.

    Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының басшысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі тұрақты негізде қызметтік әдепті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді және әкімшілік рәсімдерді сақтауды бақылайды, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексін сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

    Ұқсас материалдар

    Баспасөз-хабарлама

    Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешімінің жобасын талқылау туралы баспасөз хабарламасы

    Алматы қаласының әкімдігі «Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланғанын хабарлайды. Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 138 «Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасын талқылау туралы баспасөз хабарламасы

    Алматы қаласының әкімдігі «Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 138 «Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» Алматы қаласы мәслихаты шешімін...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Алматы қаласы әкімдігінің «2027 жылға арналған мемлекеттік емес сектордағы арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифтерін бекіту туралы» қаулы жобасын талқылау жөніндегі баспасөз релизі

    Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Алматы қаласы әкімдігінің «2027 жылға арналған мемлекеттік емес сектордағы арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифтерін бекіту туралы» қаулысының жобасы...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында он сегіз жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2027 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына Баспасөз релизі

    Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 107-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 қазандағы № 446 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейі...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 213 «Алматы қаласында меншік иелерінің келісімі болған кезде азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасын талқылау жөніндегі БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

    Алматы қаласының әкімдігі «Ашық НҚА» порталында Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 213 «Алматы қаласында меншік иелерінің келісімі болған кезде азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату ж...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Тізбе

    Алматы қаласы әкімдігі қол қойған бауырлас қалалармен қарым-қатынас орнату туралы келісімдер

    Алматы қаласы әкімдігі қол қойған бауырлас қалалармен қарым-қатынас орнату туралы келісімдер № п/п Тақырып Күні 1 2 3 1. Тусонқ.(АҚШ, Аризона штаты) Алматы қаласы мен Тусон қаласы арасындағыбауырластық туралы келісім...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Тізбе

    СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ

    № Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі Тәуекелді жою жөніндегі ұсынымдар Ұсынымды орындау нысаны Уәкілетті мемлекеттік органның ұстанымы Орындау мерзімі 1 «Е-қызмет» электрондық порталының жұмысында анықталған тәуекелд...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Тізбе

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы «Алматы қаласының экономика және қаржы басқармасы» КММ

    1-қосымшаСыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізудіңүлгілік қағидаларына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі,сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқынд...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды: