Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Мемлекеттік ұйымдарда балаларға арналған тегін үйірмелер мен спорт секциялары (нысаналы ваучерлер аясында) жұмыс істейтінін хабарлаймыз.
Сіздерге ыңғайлы болу үшін барлық қажетті ақпарат жинақталған арнайы анықтамалық дайындалды: қолжетімді үйірмелер мен секциялардың тізбесі, сондай-ақ олардың нақты мекенжайлары мен жауапты тұлғалардың байланыс деректері.
Бұл тізімде тек білім беру ұйымдары ғана емес, сонымен қатар Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қарамағындағы тегін үйірмелер мен секциялар да ұсынылғанына назар аударамыз.
Сіздер анықтамалықпен танысып, қолайлы бағытты таңдап, балаңызды жазу үшін жауапты тұлғалармен тікелей байланыса аласыздар.
Егер қажетті ақпаратты ала алмасаңыз, Білім басқармасының тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Искакова Индира Ердановнаға мына телефон нөмірі арқылы хабарласыңыз: 8 701 172 98 65.