«Мерген сөздің дүлділі – Махамбет рухы: аудандық кезеңнің жеңімпаздары анықталды!»

    Қарағанды облысы білім басқармасының «Осакаров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

    Рухтың асқақ үні, ерліктің мәңгілік жыршысы, абыз ақын Махамбет Өтемісұлының өшпес мұрасын дәріптеуге арналған республикалық шығармашылық «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті.
    Ақынның өр рухын жас ұрпақтың санасына сіңіріп, өнерпаз балалардың талант қырын ұштау мақсатында ұйымдастырылған байқау 5 номинация бойынша тартысты өрбіді. Қатысушылар батырдың жырларын мәнерлеп оқып, өз өнерлерінде туған жерге деген сүйіспеншілік пен ұлттық рухты асқақтата білді.
    Әділқазылар алқасы қатысушылардың шеберлігін, сахна мәдениетін және сөз саптау ерекшелігін таразылап, әр номинация бойынша үздіктерді анықтады. Тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша топ жарған 5 оқушы байқаудың облыстық кезеңіне қатысуға жолдама алды.
    Шараның толық нәтижелері мен жеңімпаздардың тізімі төмендегі қосымша хаттамада көрсетілген. Барлық жүлдегерлер мен оларды дайындаған ұстаздарға шығармашылық табыс, алдағы облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!
    Жүктеу
    Протокол
    Протокол
    PDF · 1,8 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Жоспар

    Аудандық әдістемелік кабинеттің 2026-2027 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

    Есеп

    2025-2026 оқу жылындағы аудандық әдістемелік кабинеттің жылдық талдауы

    Ақпарат

    «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды

    Жаңа оқу жылы қарсаңында елімізде дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Акцияның басты мақсаты – әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету, оларды жаңа оқу жылы...