Жаңа оқу жылы қарсаңында елімізде дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Акцияның басты мақсаты – әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету, оларды жаңа оқу жылына қажетті мектеп құралдарымен қамтамасыз ету және әлеуметтік себептермен мектепке келмеуінің алдын алу.
Акция аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мектеп формасы, оқу құралдары, аяқ киім, сөмке және басқа да қажетті заттар түрінде қайырымдылық көмек көрсетіледі. Акцияға мемлекеттік мекемелер, кәсіпкерлер, демеушілер, үкіметтік емес ұйымдар және барлық жанашыр азаматтар қатыса алады.
Қайырымдылық жасауға ниет білдірген азаматтарды және әлеуметтік серіктестерді акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Бірлескен қолдау арқылы әрбір баланың жаңа оқу жылын қуанышпен қарсы алып, сапалы білім алуына мүмкіндік жасай аламыз.
Ұраны: «Жақсылық жаса!»
Барлық сұрақтар бойынша Осакаров ауданының білім бөлімінің 8(72149)4-13-73 номерлі телефонына хабарласуға болады.
«Мектепке жол» республикалық акциясы басталды
Қарағанды облысы білім басқармасының «Осакаров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі