ҚАРАҚИЯ АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасының орындалу барысы туралы
АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА
Конкурс жарияланған күні |
01.04.2026 жыл |
Бөлінген қаражат көлемі |
2 522,0 мың теңге |
Келісімшарт сомасы |
2 450,0 мың теңге |
Орындаушы (Өнім беруші) |
«SAPSAN» стратегиялық орталығы» жеке меншік мекемесі |
Жобаның мақсаты |
ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жемқорлық деңгейін анықтау. |
І. Жобаның техникалық ерекшеліктері
• Жобаның жүзеге асуы жөнінде халықты хабардар ету мақсатында кездесу ұйымдастыру;
• Аудан жастары, соның ішінде білім беру ұйымдарында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сурет байқауын өткізу (жеңімпаздарды марапаттау);
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында арнайы мамандардың қатысуымен 10 тақырыптық кездесу ұйымдастыру;
• Жастар арасында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында пікірсайыс турнирін ұйымдастыру;
• Мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы эссе байқауын өткізу;
• Аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау бойынша сауалнама алып, әлеуметтік зерттеу жүргізу;
• 1000 дана ақпараттық бетше (полиграфиялық өнім) дайындап, кездесулер барысында аудан тұрғындарына тарату;
• Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында 2 бейнеролик дайындау (сценарийі мен мазмұны Тапсырыс берушімен келісіледі);
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 4 мақала дайындап, БАҚ беттерінде («Қарақия» газеті және аудан әкімі аппаратының сайты) жариялау;
• Көлемі 3х6 метр болатын 7 сыртқы көрнекілік құралын (баннер) шығартып, белгіленген орындарға орнату.
ІІ. Атқарылған жұмыстар (Техникалық ерекшелікке сәйкес)
1. Жастар мен оқушылар арасындағы байқаулар және іс-шаралар (100% орындалды):
• Сурет байқауы: Аудан жастары мен білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сурет байқауы өткізіліп, жеңімпаздар анықталып, марапатталды.
• Пікірсайыс турнирі: «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында интеллектуалды дебат өткізіліп, үздік командаларға арнайы сыйлықтар табысталды.
• Эссе байқауы: Мектеп оқушылары арасында онлайн форматта байқау ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды.
2. Тақырыптық кездесулер (100% орындалды):
• Жоспарланған 10 кездесу толық өткізілді (ТЖБ, аудандық аурухана, полиция бөлімі, №1 ЖББМ, аудандық мұражай ұжымдары және Жетібай, Сенек, Бостан, Құланды ауылдарының тұрғындары мен жастары).
• Кездесулерге «SAPSAN» стратегиялық орталығы» ЖМ директоры Ж. Сулейменов пен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
3. Әлеуметтік зерттеу және ақпараттандыру (100% орындалды):
• Әлеуметтік сауалнама: Барлық кездесулер барысында аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау бойынша сауалнама жүргізіліп, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
• Полиграфиялық өнімдер: 1000 дана ақпараттық бетше әзірленіп, аудан тұрғындарына толық таратылды.
• Бейнероликтер мен БАҚ: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында 2 бейнеролик дайындалып, жоспарланған 4 мақала бұқаралық ақпарат құралдарында («Қарақия» газеті, аудан әкімдігінің ресми сайты және парақшалары) толық жарияланды.
ІІІ. Аяқталу сатысындағы жұмыстар
• Сыртқы көрнекілік құралдары (баннерлер): Көлемі 3х6 метр болатын 7 баннер басып шығарылды, қазіргі таңда аудан аумағындағы белгіленген орындарға ілу жұмыстары жүргізілуде.