«Меншiктiң мемлекеттiк мониторингі ақпаратына қол жеткiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 808 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

    «Меншiктiң мемлекеттiк мониторингі ақпаратына қол жеткiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары– Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 808 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Меншiктiң мемлекеттiк мониторингі ақпаратына қол жеткiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 808 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Меншiктiң мемлекеттiк мониторингі ақпаратына қол жеткiзу қағидаларында:

    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Меншiктiң мемлекеттiк мониторингі ақпараты цифрлық дерекқорына жедел санкцияланған қол жеткiзу арқылы беріледi.»;

    11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «11. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетiлген мемлекеттік органдардың меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң цифрлық дерекқорына қол жеткiзуi осы Қағидалардың 4,5,6 және 7-тармақтарында белгіленген көлемде айқындалады.

    1. Меншiктiң мемлекеттік мониторингiнiң цифрлық дерекқорына қол жеткiзудi жүргiзу мен қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды уәкілетті орган жүзеге асырады.».

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

    2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    1. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Жүктеу
    Сравнительная таблица
    DOCX · 38 КБ
    Жүктеу
    Пояснительная записка
    DOCX · 21 КБ
    Жүктеу
    оценка
    DOCX · 21 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Анықтама

    ҚР ҚМ ММЖК Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    Ақпарат

    ҚР ҚМ ММЖК Жетісу облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қоғамдық талқылау анонсы

    2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту турал...

    Ақпарат

    ҚР ҚМ ММЖК Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жария талқылау жүргізу туралы анонсы

    2026 жылғы 4 - 21 тамыз аралығында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын...

    Ақпарат

    ҚР ҚМ ММЖК Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті- сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қоғамдық талқылауы пресс - анонсы

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының...

    Үкімет Қаулысы

    «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Ре...

    Анықтама

    ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    Тізбе

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар

    Заң

    Қазақстан Республикасының Конституциясы