2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Жетісу облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департамент» РММ-сі басшысының 2026 жылғы 29 маусымдағы №84 бұйрығының негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау мақсатында жария талқылау жоспарлануда.
Жария талқылауды өткізу орны: Жетісу облысы, Талдықоған қаласы, Біржан сал, 130.
Жария талқылауды өткізу күні мен уақыты: 2026 жылдың 5 тамызында, сағат 15-00 –де.
Қатысуға шақырамыз.