Бейімбет Майлин ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған осы жоспар (бұдан әрі-жоспар) «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелді), «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелді), «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 263 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 шілдеде № 34831 болып тіркелді) сәйкес әзірленген.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа деген қажеттілікті орнықты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында қабылданады.
Жоспар мыналарды ескереді:
1) осы жоспардың 1- қосымшасына сәйкес өңірдің жер балансының және мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесінің деректері;
2) осы жоспардың 2- қосымшасына сәйкес жайылымдарды геоботаникалық зерттеу мәліметтері;
3)мал қорымдары (биометриялық шұңқырлар) туралы мәліметтер;
4) осы жоспардың 3- қосымшасына сәйкес жайылымдық инфрақұрылым объектілері және ауыл шаруашылығы жануарларын айдауға арналған сервитуттар туралы мәліметтер;
5) осы жоспардың 4- қосымшасының 1-кестесіне сәйкес олардың иелері көрсетіле отырып, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорынан алынған ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы деректер;
6) осы жоспардың 4- қосымшасының 2-кестесіне сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық-жас топтары бойынша қалыптастырылған гурттардың, отарлардың, табындардың саны туралы деректер;
7) осы жоспардың 4- қосымшасының 3-кестесіне сәйкес шалғайдағы жайылымдарда жаюға арналған ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы мәліметтер;
8) мәдени және құрғақ жайылымдарда, орман, су қорлары жерлерінде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың ерекшеліктері туралы деректер;
9) осы жоспардың 5-қосымшасына сәйкес жайылым айналымдарының ұсынылатын схемалары;
10) мал шаруашылығы және Өсімдік шаруашылығы статистикасы бойынша ресми статистикалық ақпарата.
Жоспарда келесі схемалар бар:
- жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының негізінде жайылымдардың шекараларын, алаңдарын және түрлерін, оның ішінде шалғайдағы, маусымдық, құрғақ және мәдени жайылымдарды, олардың меншік иелері немесе жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді көрсете отырып, жайылымдардың жер санаттары бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орналасу схемасы (картасы);
- жеке ауланың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жөніндегі халықтың мұқтажына арналған жайылымдарды, оның ішінде жайылымдардың шекаралары мен алаңдары, оның ішінде жеке ауланың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жөніндегі халықтың мұқтажына арналған қоғамдық жайылымдарды көрсететін қоғамдық жайылымдарды белгілейтін схема (карта);
- жайылымдарды геоботаникалық зерттеу негізінде ұсынылатын жайылым айналымдарының схемаларын көрсете отырып, жайылым айналымдарының ұсынылатын схемаларын белгілей отырып, схема (карта);
- ауыл шаруашылығы жануарларын айдауға арналған сервитуттарды, мал айдау трассаларын және жайылымдық инфрақұрылымның өзге де объектілерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын айдауға арналған сервитуттарды, мал айдау трассаларын, жайылымдық инфрақұрылым объектілерін, мал қорымдарының (биометриялық шұңқырлардың) орналасқан жерін көрсете отырып, мал қорымдарын (биометриялық шұңқырларды) белгілейтін схема (карта);
- жайылым пайдаланушыларға жер пайдалануға берілуі мүмкін жайылымдарды белгілейтін схема (карта);
- халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жөніндегі мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында жеке ауланың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жөніндегі халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында резервке қоюға жататын жайылымдардың шекаралары мен алаңдарын көрсете отырып, халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында резервке қоюға жататын жайылымдарды белгілей отырып, схема (карта) ;
- су көздеріне жануарлардың жүріп-тұру маршруттарын көрсете отырып, суды тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, қазандарға, суару немесе суландыру арналарына, құбырлы немесе шахта құдықтарына) қол жеткізу схемасы;
- ауыл шаруашылығы жануарларының басын орналастыру үшін шалғайдағы жайылымдардың шекаралары мен алаңдарын көрсете отырып, шалғайдағы жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларының басын орналастыру схемасы.