Хабарландыру
«Ашық есік күні»: Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) 2026 жылғы 2 желтоқсанға жоспарланып отырған «Ашық есік күні» онлайн-кездесуге шақырады. Кездесу тақырыбы: «Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол». Іс-шара барысында Қор мамандары зейнетақы заңнамасына енгізілген өзекті өзгерістер және зейнетақы жинақтарын басқару, оны пайдалану мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі баяндап береді.
Мұнда Сіз:
·зейнетақы заңнамасына азаматтардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге байланысты қандай өзгерістер енгізілгенін;
·салымшылардың зейнетақы жинақтарын басқаруға арналған қандай құралдары бар екенін;
·басқарушы компания мен инвестициялық портфельді қалай таңдауға болатынын, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына қалай беруге болатынын;
·басқарушы компанияны таңдау кезінде салымшылар өз бетінше талдау жасауы үшін қандай ақпарат қолжетімді екенін;
·зейнетақы активтерін қорғау үшін қандай тетіктер қарастырылғанын;
·зейнетақы аннуитеті дегеніміз не, оны кімдер және қандай жағдайларда рәсімдей алатынын;
·зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеуүшін пайдалануғақойылатынталаптар мен шарттартуралытолыққанды мәлімет ала аласыз.
Аумақтық бөлімшелердің жауапты мамандарынан жеке кеңеспен қатар Сізді қызықтыратын басқа да сауалдарыңызға жауап алуға мүмкіндігіңіз бар.
«Ашық есік күні» 2026 жылдың 2 желтоқсаны күні сағат 10-00, 12-00, 15-00 -деонлайн форматта өткізіледі.
Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.
Белгіленген уақытта онлайн-кездесуге төмендегі сілтеме арқылы қосылуларыңызды сұраймыз:
1) 2026 жылдың2 желтоқсаны күнісағат10-00 сілтеме:
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m7279fb0a0dfca6fcb6e56a6b7d3dc86a
Вебинар нөмірі: :2516 647 1123
Вебинар құпия сөзі:: 00000
2)2026 жылдың 2 желтоқсаны күні сағат12-00 сілтеме:
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m31f00820c8f5ad2c44c09df9e230d1c0
Вебинар нөмірі: :2519 842 9710
Вебинар құпия сөзі:: 00000
3)2026 жылдың 2 желтоқсаны күнісағат15-00 сілтеме:
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=ma18e83db1fa092dd03e9e17600e92ae8
Вебинар нөмірі: :2511 883 9778
Вебинар құпия сөзі:: 00000
"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күнінде" күтеді!