Қазақстан мен Өзбекстан зейнетақы саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

    Меркі ауданының әкімдігі

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Қазақстан мен Өзбекстан зейнетақы саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

    04.11.2026

    «Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) мен Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігі жанындағы бюджеттен тыс Зейнетақы қоры зейнетақымен қамсыздандыру және жинақтаушы зейнетақы жүйелері саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

    Меморандумның басты мақсаты – екі елдің зейнетақы қорлары арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды нығайту, зейнетақы жүйелерін дамыту, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша озық тәжірибемен алмасу.

    Ынтымақтастық Қазақстан мен Өзбекстан үшін қызығушылық тудыратын мәселелердің кең ауқымын қамтиды.

    Негізгі бағыттардың бірі автоматтандыру, зейнетақы тағайындау, ақпараттық жүйелерді жетілдіру және сервис пен қызметтерді дамыту міндеттері аясында зейнетақы қызметтерін цифрлық трансформациялау саласындағы үздік тәжірибелермен өзара алмасу болмақ.

    Өзбекстан үшін Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу, жеке зейнетақы шоттарын ашу және жүргізу, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін есепке алу, салымшыларға цифрлық сервистер ұйымдастыру және ақпараттық қолдау көрсету, инвестициялық портфельдер шеңберінде зейнетақы активтерін басқару және тәуекелдерді бағалау тәжірибесі үлкен қызығушылық тудырады.

    Сондай-ақ тараптар ұзақ мерзімді экономикалық және демографиялық өзгерістерді ескере отырып, актуарлық модельдеу және зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығын ұзақ мерзімді болжау саласында тәжірибе алмасуға ниетті.

    Өзге бағыттардың қатарында – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және зейнетақыны жоспарлау мәдениетін қалыптастыру.

    Меморандумды іс жүзінде жүзеге асыру сарапшылар мен мамандар деңгейінде тәжірибе алмасуды, бірлескен дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізуді, сондай-ақ екі елдің тәжірибесін зерделеу және ұлттық зейнетақы жүйелерінің ерекшеліктерін ескере отырып, ең тиімді шешімдерді қолдану мақсатында бірлескен зерттеулер жүргізуді көздейді.

    Меморандумға қол қою – екі елдің зейнетақы қорлары арасындағы кәсіби және достық байланыстарды дамытудағы маңызды қадам. Серіктестік зейнетақы жүйелерін дамытуға, халық үшін озық тәжірибелер мен заманауи сервистерді енгізуге ықпал етеді. Ынтымақтастық тараптардың құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

    Меморандумға Самарқанд қаласында 7 мемлекеттің өкілдері қатысқан «Болашақтың зейнетақы жүйелері: демографиялық өзгерістер мен цифрлық трансформация жағдайында тұрақтылықты қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері» атты халықаралық конференция аясында қол қойылды. Дөңгелек үстел форматында өткен іс-шараға қатысушылар экономикалық шынайылық пен демографиялық үрдістерді ескере отырып, түрлі елдерде зейнетақымен қамсыздандырудың әртүрлі тәсілдері қалыптасқанын атап өтті. Алайда, қаржыландыру көздері тек мемлекеттік бюджет қана емес, сонымен қатар азаматтар мен жұмыс берушілер жүзеге асыратын жарналар болатын көп деңгейлі зейнетақы жүйелері ең тұрақты болып табылады. Еңбек нарығындағы өзгерістерді, халықтың қартаюын, көші-қон процестерін ескергенде жинақтаушы компоненттің маңызы арта түседі, ал цифрландыруды дамыту зейнетақы жинақтарын мемлекетаралық деңгейде есепке алуға және трансферт жасауға мүмкіндік береді.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Ашық есік күні»: Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол

    Баспасөз аңдатпасы «Ашық есік күні»: Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол 2026 жылғы2 желтоқсаны күнісағат 10-00, 12-00, 15-00-деБЖЗҚ барша ниет білдірушілерді дәстүрлі «Ашық есік күні» жобасы аясында...

    Меркі ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Ашық есік күні»: Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол

    Хабарландыру «Ашық есік күні»: Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) 2026 жылғы 2 желтоқсанға жоспарланып отырған «Ашық есік күні» онлайн-кездесуге ша...

    Меркі ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады 2026 жылғы 2 желтоқсанда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) барша ниет білдірушілерді «Ашық...

    Меркі ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Алаяқтардан қалай сақтанып, зейнетақы жинақтарын қорғауға және дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады? БЖЗҚ қызметтері тегін бе?

    Алаяқтардан қалай сақтанып, зейнетақы жинақтарын қорғауға және дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады? БЖЗҚ қызметтері тегін бе? БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сауалдар мен жауаптар 1. Алаяқтар қандай негізгі...

    Меркі ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Ұлттық қор – балаларға»: жас қазақстандықтарға 97,5 млн АҚШ долларынан аса қаражат төленді

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: жас қазақстандықтарға 97,5 млн АҚШ долларынан аса қаражат төленді 2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қарашаға дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысана...

    Меркі ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ САЙЛАУ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ САЙЛАУ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ 2026 жылғы 23 қарашада Меркі аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанынан қ...

    Меркі ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша жиі қойылатын сұрақтар

    Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша жиі қойылатын сұрақтар Часто задаваемые вопросы по внеочередным выборам депутатов маслихатов Республики Казахстан 1 Қазақстан Республикасынд...

    Меркі ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Азаматтық бюджет 31.10.2026

    Меркі ауданының әкімдігіЖарияланды: