«Жамбылоблысының тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының шешімжобасына
Түсіндірме жазба
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-16-тармағына сәйкес«Жамбыл облысының тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының шешім жобасы дайындалды.
Аталмыш шешім жобасын дайындауға келесідей Кодекс пен заңнамалар негіз болып табылады:
-2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII «Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі»;
-2026 жылғы 9 қаңтардағы № 254-VIII «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы.
-2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;
-Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы.
Бағдарламаның мақсаты:
Жамбыл облысының тұрғынжай қорын кезең-кезеңімен жаңарту арқылы жайлы, қауіпсіз және орнықты орта қалыптастыру.
Азаматтардың өмір сүру ортасын жаңартуға және қолайлы тұрмыс жағдайларын жасауға, апатты тұрғын үй қорының өсуіне жол бермеуге, тарихи-мәдени мұра нысандарының бейімделуі, құрылысы салынған аумақтардың функционалды, санитарлық, энергетикалық және архитектуралық тиімділігін ұлғайту, сонымен қатар әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымы дамыған тұрғынжай аумағының қалыптасуы. Тозған және сейсмикалық тұрақсыз ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау немесе бұзу арқылы жүзеге асырылады.
Бағдарламаның міндеттері:
Апатты тұрғын үйлерді бұзу мәселесін шешу және азаматтардың тұрғынжай жағдайларын жақсарту;
Реновация аумақтарын игеру үшін жеке құрылыс салушыларды тарту;
Басым құрылыс аумақтарын, апатты тұрғынжайларды бұзу кезеңдерін және реновациялау іс-шараларын айқындау.
Жамбыл облысының
тұрғынжайды реновациялау
бағдарламасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-16-тармағына сәйкес Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысының тұрғынжайды реновациялау бағдарламасы бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысы
мәслихатының төрағасыА. Нұралиев
Жамбыл облысы мәслихатының
2026 жылғы ____ желтоқсандағы
№ _____шешімімен бекітілген
Жамбыл облысының тұрғынжайды реновациялау бағдарламасы
1. Бағдарлама паспорты
2. Кіріспе
3. Ағымдағы жағдайды талдау
4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және оны жүзеге асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
5. Бағдарламаны іске асыру тетіктері мен критерийлері
1-бөлім. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы |
Жамбыл облысының тұрғынжайды реновациялау бағдарламасы |
Әзірлеу үшін негіз |
2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII «Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі»; 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 254-VIII «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы. 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы |
Бағдарламаның мақсаты |
Жамбыл облысының тұрғынжай қорын кезең-кезеңімен жаңарту арқылы жайлы, қауіпсіз және орнықты орта қалыптастыру. Азаматтардың өмір сүру ортасын жаңартуға және қолайлы тұрмыс жағдайларын жасауға, апатты тұрғын үй қорының өсуіне жол бермеуге, тарихи-мәдени мұра нысандарының бейімделуі, құрылысы салынған аумақтардың функционалды, санитарлық, энергетикалық және архитектуралық тиімділігін ұлғайту, сонымен қатар әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымы дамыған тұрғынжай аумағының қалыптасуы. Тозған және сейсмикалық тұрақсыз ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау немесе бұзу арқылы жүзеге асырылады. |
Бағдарламаның міндеттері |
1-міндет. Апатты тұрғын үйлерді бұзу мәселесін шешу және азаматтардың тұрғынжай жағдайларын жақсарту; 2-міндет. Реновация аумақтарын игеру үшін жеке құрылыс салушыларды тарту; 3-міндет. Басым құрылыс аумақтарын, апатты тұрғынжайларды бұзу кезеңдерін және реновациялау іс-шараларын айқындау. |
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган |
«Жамбыл облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
2-бөлім. Кіріспе
Қалалық халық санының тұрақты өсуі, жедел урбанизация және тұрғын үй қорының басым бөлігінің физикалық тозуы жағдайында Жамбыл облысында салынған аумақтарды кешенді жаңарту қажеттілігі туындауда. Кеңестік кезеңде салынған көппәтерлі тұрғын үйлердің айтарлықтай бөлігі қауіпсіздік, энергия тиімділігі және тұрмыс жайлылығы бойынша қазіргі талаптарға сәйкес келмейді, бұл өз кезегінде реновация бағдарламасын енгізудің өзектілігін айқындайды.
Бағдарламаны іске асыру тозған және апатты тұрғын үйлерді бұзуды, жаңа тұрғын үйлердің құрылысы, инженерлік желілерді жаңғыртуды, сонымен қатар әлеуметтік және экологиялық талаптарды ескере отырып жайлы ортаны қалыптастыруды қамтиды.
Бағдарлама заңдылық, әлеуметтік әділеттілік, меншік иелері мен тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, рәсімдердің ашықтығы, көшірудің еріктілігі қағидаттарын сақтай отырып іске асырылады.
Реновация процестерін мемлекеттік реттеу жергілікті атқарушы органдардың, жеке инвесторлар мен тұрғындардың қатысуын көздейді.
Осылайша, Жамбыл облысының реновация бағдарламасын енгізу – тұрғын үй саясатының стратегиялық маңызды бағыты болып табылады және құрылысты жаңартуға, аумақтардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға әрі халық үшін ұзақ мерзімді перспективада қолайлы өмір сүру жағдайларын жасауға бағытталған.
Жамбыл облысының тұрғынжайды реновациялау бағдарламасы (әрі қарай – Бағдарлама) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-16-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Бағдарламада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) реновациялау – аумақты әлеуметтік, инженерлік және көліктік инфрақұрылымдармен, абаттандырумен қамтамасыз ете отырып, құрылыс объектілерін елді мекендердің сапалы жайлы ортасын қалыптастыру мақсатында пайдалану жағдайларын жақсартуға, сондай-ақ құрылыс объектілерін реконструкциялау (күрделі жөндеу), реставрациялау немесе ескірген және (немесе) авариялық құрылыс объектілерін сүре отырып, жаңа құрылыс объектілерін салу арқылы елді мекеннің сәулеттік келбетіне сәйкес келтіруге бағытталған құрылыс объектілерін, оның ішінде ескірген және (немесе) авариялық объектілерді жаңарту жөніндегі шаралар кешені;
2) авариялық көппәтерлі тұрғын үй – негізгі тіреуіш конструкциялары (іргетастары, бағаналары, тіреуіш қабырғалары, арқалықтары, жабындылары) тіреуіш қабілетін жоғалтқан және одан әрі пайдалану тұратын (болатын) адамдардың өміріне қауіп төндіретін, ғимараттар мен құрылысжайлардың беріктігін және орнықтылығын техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыруға аккредиттелген заңды тұлғаның қорытындысымен қалпына келтіруге жатпайды деп танылған көппәтерлі тұрғын үй;
3) тұрғын үйдің табиғи тозуы – табиғи, климаттық және өзге де факторлар әсерінің нәтижесінде бастапқы техникалық-пайдаланушылық қасиеттерін (төзімділігін, орнықтылығын, беріктігін және басқаларды) жоғалту;
4) үйлер мен ғимараттардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау – сараптама жұмыстарының нәтижесінде үйлер мен ғимараттардың және олардың элементтерінің нақты жай-күйі, үйлер мен ғимараттардың сенімділігі және орнықтылығы, оларды кейіннен пайдалану мүмкіндігі, объектідегі күрделі жөндеу жұмыстарының құрамы мен көлемін, оларды жаңғырту және реконструкциялауды, сондай-ақ нысаналы мақсатындағы өзгерісті анықтау үшін уақытында болатын өзгерістерді ескере отырып, конструкциялар сапасының нақты көрсеткіштерінің сандық бағалауын алу айқындалатын сараптама жұмыстарының түрі;
5) инвестициялық жоба – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға инвестицияларды, сондай-ақ өте маңызды объектілерге немесе жалпыелдік маңызы бар жобаларға бағытталған инвестицияларды көздейтiн iс-шаралар кешенi;
6) бұзу – бөлшектеу немесе қирату жолымен құрылыстарды немесе құрылыс элементтерін толық немесе ішінара жою;
7) тұрғын үй қоры – Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық меншік нысанындағы тұрғынжайлар;
8) тұрғын үй қоныс аудару қоры – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес уәкілетті ұйымға және/немесе инвесторға (құрылыс салушыға) тиесілі, реновациялауға жататын тұрғын үй иелерін қоныстандыруға арналған тұрғын үй-жайлар жиынтығы.
3. Бағдарлама апатты (ескі) тұрғын үйлерді бұзу және олардан Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіппен азаматтарды көшіру жолымен Жамбыл облысындағы қала және аудандардағы "ескі" кварталдарды кешенді реконструкциялауды көздейді.
4. Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде Жамбыл облысында апатты (ескі) тұрғын үйлер санын азайту қарастырылады.
5. Реновациялауға жататын объектілердің тізбесі, мерзімдері мен кезектілігі жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – ЖАО) айқындалады.
6. Бағдарлама жобаларын жүзеге асыру және қаржыландыру үшін ЖАО әкімшіні және уәкілетті ұйымды тағайындайды.
3-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау
Жамбылоблысының аумағында барлығы 2215 көппәтерлі тұрғын үй бар, соның ішінде 1-і – апатты және 5-і – тозған.
№ |
Атауы |
КПТҮ саны |
Апатты |
Тозған |
1 |
Байзақ ауданы |
65 |
0 |
0 |
2 |
Жамбыл ауданы |
27 |
0 |
0 |
3 |
Жуалы ауданы |
31 |
0 |
0 |
4 |
Қордай ауданы |
47 |
0 |
0 |
5 |
Меркі ауданы |
60 |
0 |
0 |
6 |
Мойынқұм ауданы |
36 |
0 |
0 |
7 |
Т.Рысқұлов ауданы |
31 |
0 |
0 |
8 |
Сарысу ауданы |
107 |
0 |
0 |
9 |
Талас ауданы |
157 |
0 |
0 |
10 |
Шу ауданы |
156 |
0 |
0 |
13 |
Тараз қаласы |
1498 |
1 |
5 |
Жамбыл облысы бойынша БАРЛЫҒЫ: |
2215 |
1 |
5 | |
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 1-тармағының 51-тармақшасына сәйкес «Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі: тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын әзірлейді».
Жамбыл облысы әкімдігімен 2025 жылы апатты және тозығы жеткен тұрғын үй иелерін 2029 жылға дейін жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы қайта бекітілді.
Сонымен қатар қайта бекітілген Жамбыл облысы бойынша 2024-2029 жылдарға арналған ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарына (жол картасы)сәйкес бұзылатын апатты және тозығы жеткен көппәтерлі тұрғын үйлер саны жылдар бөлінісінде келесідей екендігін хабарлаймыз:
1. 2027 жылы Тараз қаласы – 1 үй;
2. 2028 жылы Тараз қаласы – 2 үй;
3. 2029 жылы Тараз қаласы – 3 үй.
4-бөлім. Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, қағидаттары мен тетіктері және нәтижелерінің көрсеткіштері
7. Бағдарламаның мақсаты - реновациялау объектілерінің моральдық және физикалық тозуын азайту, апатты (ескі) тұрғын үйлерді жою болып табылады, бұл өз кезегінде азаматтардың тұрғын үймен қамтамасыз етілу көрсеткішін жақсартуға және экономикалық, әлеуметтік және басқа да қоғамдық мүдделерді ескере отырып аумақтың тұрақты дамуына, өмір сүру үшін қолайлы орта құруға және аумақты абаттандыруға, сондай-ақ,Жамбыл облысы бойынша Тараз қаласымен аудандардың жаңа, заманауи бейнесін қалыптастыруға септігін тигізеді.
8. Бағдарламаның міндеттері:
1) Тозу деңгейін ескере отырыпЖамбыл облысы бойынша Тараз қаласымен аудандардың аумағындағы апатты (ескі) тұрғын үйлерді реновациялау жолымен, азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту;
2) Энергия тиімді көппәтерлі тұрғын үйлер салу, олардың пайдалану шығындарын төмендету;
3)Реновация аумақтарын игеру үшін жеке құрылыс салушыларды тарту , құрылысқа бюджеттен тыс қаражат тарту механизмдерін дамыту;
4) Бастапқы алаңдарды құру арқылы инвесторларды тартуға қолайлы жағдай жасау;
5) Реновациялауды талап етілетін аумақтарда жер учаскелерін кешенді құрылыс салу жұмыстарын үйлестіру;
6) Тұрғын үй құрылысы және аумақтық даму саласында қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру.
9. Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижелерінің көрсеткіштері:
1) апатты (ескі) тұрғын үйлерді бұзу;
2) бұзылған апатты (ескі) үйлердің орнына жаңа көппәтерлі тұрғын үйлер салу;
3) қаланың сәулеттік келбетін жақсарту;
4) инженерлік желілер мен коммуникацияларды жаңғырту және дамыту;
5) реновациялау объектілерінің аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру арқылы аудандардың экологиялылық деңгейін жоғарлату;
6) жұмыс орындарын көбейту және салық түсімдерінің көлемін ұлғайту.
Бағдарламаны іске асыру ЖАО әзірлейтін қалалық және аудан орталықтары аумақтарды реновациялаудың қала және аудан құрылысы жобалары негізінде жүзеге асырылады. Бұл жобаларда реновация аудандарының шекаралары нақтыланып, әрбір реновация ауданы бойынша Бас жоспар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және коммерциялық объектілерді орналастыру жөніндегі жобалық ұсыныстар әзірленеді. Аталған қала және аудан құрылысы жобалары ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы мәселелері жөніндегі интернет-ресурсында орналастырылады.
Бағдарламаға сәйкес реновация деп ЖАО бекіткен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес тарихи қалыптасқан және тартымдылығын жоғалтқан қала және аудан орталығы бөлігін кешенді түрде салу, сондай-ақ апатты тұрғын үйлерді нүктелік бұзу түсіндіріледі.
Қалалық және аудандық аумақтарды реновациялау – бұл тұрғын аудандарды кешенді қайта құру және жаңарту бағдарламасы, ол бұзуды және инженерлік желілерді жаңартуды қамтиды.
Бұзуға:
тозған және апатты тұрғын үйлер;
жеке тұрғын үйлер;
саяжай учаскелері;
гараж кооперативтері жатады.
Инженерлік желілерді жаңартуға:
газдандыру;
су құбыры;
жылумен жабдықтау;
электрмен жабдықтау;
кәріз жүйесі жатады.
5-бөлім. Бағдарламаны іске асыру тетіктері мен критерийлері
10.Бағдарламаны іске асыру әкімшісі қалалық, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Әкімші) болып табылады.
Жергілікті атқарушы орган уәкілетті ұйымды айқындайды (бұдан әрі – Уәкілетті ұйым).
Жергілікті атқарушы орган тұрғын үйлерді реновациялауға маманданған уәкілетті ұйымды жергілікті бюджет есебінен күтіп-ұстауды қамтамасыз ететін болады.
11. Бағдарламаның жобаларын қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты, жеке инвестицияларды тарту, оның ішінде мемлекеттік-жеке серіктестік механизмдері арқылы, қаржы институттарының қарыздары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттарын тарту, оның ішінде мемлекеттік бағалы қағаздар есебінен, сонымен қатар, жобаны жүзеге асыру барысында тұрғын және тұрғын емес бөлмелерді сатудан түскен кірістер арқылы жүзеге асырылады.
12. Реновациялауға жататын объектілердің тізбесін Әкімші тұрғын үй қорының құрылыс конструкцияларының тозуын, олардың пайдалану талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ сараптамалық ұйымның қорытындысы негізіндегі тұрғын үй-жай иелерінің пікірін ескере отырып айқындайды. Бағдарлама жобаларын іске асыру жұмысын Әкімші үйлестіреді.
13. Әкімші жүргізілген түгендеу қорытындылары бойынша қайта құру аймағының шекараларында орналасқан объектілер туралы, олардың сәйкестендіру, техникалық және кадастрлық сипаттамаларын, құқық иеленушілер туралы мәліметтерді, ауыртпалықтар мен шектеулердің бар-жоғын, физикалық тозу құны мен дәрежесін бағалау нәтижелерін, сондай-ақ қайта құру аймағының шекараларында орналасқан объектілер туралы толық ақпаратты қамтитын қайта құруға жататын объектілерді түгендеу актісін қалыптастырады және бекітеді, әрбір объектімен одан әрі жұмыс істейді (бұзу, реконструкциялау, жаңғырту не сақтау). Көрсетілген Акт таңдалған тетікке қарамастан реновациялау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және реновациялау жобаларын кейіннен іске асыру үшін міндетті негіз болып табылады
14. Бағдарламаға қосылу үшін авариялық (ескі) жағдайдағы жеке тұрғын үйлердің иелері сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтай отырып Әкімшіге жүгінеді.
15. Тұрғын үйлердің тозу дәрежесін көрсету арқылы техникалық тексерулер жүргізу және тұрғын үйді апатты деп тану негіздерін анықтау үшін мамандандырылған ұйымдар тартылады.
16. Бағдарламаның жобаларын қаржыландыру туралы шешім қабылданғанға дейін, көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлер мен тұрғын емес бөлмелердің иелері жиналыс барысында көпқабатты тұрғын үйді ренавациялау бойынша инвестициялық жобаны іске асыруға байланысты жұмыстарды жүргізу туралы шешім қабылдайды.
Жиналыс Әкімшінің, жеке инвестордың және Уәкілетті ұйымның бастамасымен шақырылады.
17. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқанда жиналыс шешім қабылдауға құқылы. Жиналыстың шешімі, егер оны пәтерлер мен тұрғын емес бөлмелердің қатысып отырған тұрғын үй иелерінің үштен екісі қабылдаса, заңды болып табылады.
Егер бұрын келу тәртібімен жарияланған жиналыс кворумның болмауына байланысты өтпесе, жиналыс жазбаша сауалнама арқылы өткізіледі. Жазбаша сауалнаманы өткізу және оның мерзімдері туралы шешімді пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерімен қабылданады.
Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерініңжазбаша сауалнама арқылы пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері арасынан жиналысты ұйымдастыру үшін бастамашылық тобын анықтауға құқылы.
Реновациялау нысанының пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің келісімі 100% болмаған жағдайда (бағдарламаға қатысуға, ықтимал инвестормен жұмыс істеуге) инвестициялық жобаның іске асырылуы тоқтатылады.
Объектіні, (ғимаратты, үй-жайды, тұрғынжайды), Бағдарламаға енгізу туралы шешім қабылданғанға дейін Әкімші, Уәкілетті ұйыммен бірлесіп, нақты учаскенің экономикалық мақсаттылығы, ерекшеліктері мен тәуекелдерін есепке ала отырып, әрбір нысан бойынша ақпараттарды жинайды және талдайды.
18. Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелері, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері және "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамыныңЖамбыл облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) Бағдарлама жобаларын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдайды, сонымен қатар Әкімші немесе Уәкілетті ұйымның сұраулары негізінде, Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген мерзімдерде қажетті ақпаратты ұсынады, оның ішінде:
1) қала және аудандық сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары бөлімдері- инвестормен бірлесе әзірленген және келісілген жоспарланған тұрғын үйдің эскиздік жобасын ұсынады;
2) қалалық және аудандардағы жер қатынастары бөлімдері -абаттандыруға қажетті жапсарлас жер телімдерін көрсете отырып, жер кадастрынан үзіндіні ұсынады;
3) жер ресурстарын басқару бойынша өкілетті органның аумақтық бөлімшелері – абаттандыруға қажетті жапсарлас жер телімдерін көрсете отырып, жер кадастрынан үзінді ұсынады;
4) тиісті ұйымның өтініші бойынша - Қазақстан Республикасы Жер кодексіне сәйкес Бағдарлама аясында кондоминум нысандарына жер телімдерін бөледі;
5) мемлекеттік корпорация – көпқабатты тұрғын үйдің техникалық сипаттамалары (үйдің (пәтерлердің) және жер учаскесінің жалпы алаңы, меншік иелерінің саны, ауыртпалықтар туралы мәліметтер) туралы ақпарат;
6) табиғи монополиялар субъектілері - коммуникацияларды жүргізу үшін техникалық шарттарды беру, тұрғын үйдің қолданыстағы инфрақұрылымы және инфрақұрылым қуатын, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, су бұрумен жабдықтау және т.б. жақын арада қосу нүктелерін ұлғайту мүмкіндігі туралы ақпаратты ұсынады;
7) Барлық жауапты бөлімдер мен әкім аппараттары қолданыстағы заңнама шеңберінде рұқсат беру құжаттарын жасақтау кезінде басымдылық тәртіппен көмек көрсету.
19. Қажетті ақпарат жинақталғаннан кейін, Әкімші және/немесе Уәкілетті ұйым реновациялау объектілері бойынша ақпараттық құжат (досье) дайындайды.
Ақпараттық құжат (досье) қала немесе аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында ашық қолжетілімдікте орналастырылады.
Әлеуетті инвесторларды тарту үшін орналастырылған ақпарат тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
20. Инвестор жазбаша түрде нысан бойынша қосымша қажетті ақпаратты сұрата алады.
21. Жеке инвестицияларды тарту Әкімшінің және Уәкілетті ұйымның және басқа атқарушы органдардың басым міндеттері болып табылады.
22. Қызығушылық білдірген жағдайда инвестор ынтымақтастық туралы меморандум (келісім) жасау үшін Әкімшіге немесе Уәкілетті ұйымға өтінім береді.
23. Ынтымақтастық туралы меморандум (келісім) барлық жауапты атқарушы органдармен келісілген, нысанды реновациялау бойынша қажетті іс-шаралар көрсетілген егжей-тегжейлі іс-қимыл жоспарын қамтиды.
24. Ынтымақтастық туралы меморандум (келісім) жасалғаннан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде инвестор ұсынған шарттармен таныстыру үшін Әкімші, Уәкілетті ұйым және ивестор өкілдерімен бірлесіп авариялық (ескі) тұрғын үйдің пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелерімен жалпы жиналыс ұйымдастырады. Бұл ретте, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқанда жиналыс шешім қабылдауға құқылы.
25. Ынтымақтастық туралы меморандумның (келісімнің) барлық міндеттемелері орындалғаннан кейін және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің Бағдарламаға қатысу туралы 100% мақұлдауын алғаннан кейін, Уәкілетті ұйым жобаны іске асыру бойынша инвестормен бірлескен қызмет туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) жасасады.
26. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі тараптардың міндеттері
Уәкілетті ұйым:
1) инвесторға реновациялау объектілері туралы ақпарат ұсынады;
2) реновациялау объектілері иелерімен өтетін түсіндіру жиналыстарына қатысады;
3) инвесторды ЖАО-мен жұмысында алып жүреді;
4) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қажетті техникалық шарттарды алуға ықпал етеді;
5) коммуникацияларды жүргізу, инфрақұрылымды тарту және жобаны іске асыруға қажетті қуаттылықтарды арттыру үшін техникалық шарттарды алуға ықпал жасайды;
6) қажет болған жағдайда жер телімдерін ұсына отырып жобаға қатысады, немесе жобаны қаржыландырады, сонымен қатар, қоныс аудару үшін тұрғын үй қоры ретінде активтерді ұсынады.
Инвестор:
1) тұрғын үй құрылысын ұйымдастыру және жұмыстарды орындау бойынша кестені ұсынады, сонымен қатар тұрғындарды авариялық (ескі) үйлерден салынып жатқан үйлерге көшіру бойынша жұмыстарды жүргізеді;
2) Әкімші және Уәкілетті ұйыммен бірлесіп, авариялық (ескі) үйлердің тұрғындарымен жұмыс жүргізеді, атап айтқанда: ақпараттандыру, жиналыстар өткізу, көшіру, қабатын және пәтерлерді анықтау, қоныстану мерзімдерін келісу;
3) реновацияға жататын авариялық (ескі) үйлерді бұзуды жүргізеді;
4) жоспарланған тұрғын үйдің эскиздік жобасын әзірлейді және келіседі;
5) құрылыс уақытына өз есебінен уақытша пәтер немесе тұрғын үй құрылысы аяқталғанша уақытша пәтерді жалға алу үшін ай сайынғы ақшалай өтемақы ұсынады;
6) Шартпен қарастырылған Бағдарламаны іске асыру кестесіне сәйкес тұрғын үйлер мен іргелес аумақтардың құрылысын және абаттандыру жұмыстарын жүргізеді және оларды пайдалануға береді;
7) белгіленген мерзімде инвестордың тұрғын үйді пайдалануға бермеуі инвесторға көрсетілген мерзімдер өткен күннен бастап үш ай ішінде жергілікті атқарушы органның ұсынымы бойынша айқындалған жаңа құрылыс салушыға салынып жатқан объектіге құқықтарды ерікті түрде беру міндетін жүктейді;
8) тұрғын үйлер пайдалануға берілгеннен кейін, ұсынылған құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасу, әр тұрғын үй иесімен нотариалды куәландырылған айырбастау, меншік құқығына шартқа қол қойылуын қамтамасыз етеді;
9) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың алаңы бойынша тең көлемде, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтерлермен айырбастауды жүзеге асырады және қоныстандыруды қамтамасыз етеді;
10) жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлерге кірме автомобиль жолдарының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлейді және құрылыс салу схемасына сәйкес құрылысты жүзеге асырады;
11) жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлердің инженерлік инфрақұрылымына жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейді және құрылыс кезеңдеріне сәйкес жүзеге асырады;
12) реновациялау аумағында орналасқан үйлердің жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығармай, реновациялау аумағына егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлейді.
27. Жасасқан шарт негізінде Уәкілетті ұйым инвестормен бірлесіп әр пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иесімен үш жақты келісім жасасады, онда инвестордың жаңа тұрғын үй және құрылыс кезеңіне уақытша баспана ұсыну міндеттемелері мен кепілдіктері бекітіледі.
28.ЖАО апатты тұрғын үйлерді бұзу және азаматтарды көшіру тетігін іске асыру шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1)қажет болған жағдайда реновация аудандарында тұрғын үй кешендерін жобалау және салу үшін жер учаскелерін бөледі;
2)тұрғын үйлерге инженерлік желілердің құрылысын жүзеге асырады;
3)Уәкілетті ұйыммен бірлесіп апатты тұрғын үйлерді бұзу алаңында абаттандыруды есепке ала отырып тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруға құқылы.
29. Әкімші пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлардың иелерімен мыналарды көздейтін жұмыстарды жүргізеді: ақпараттандыру, жиналыстар өткізу, көшіруді ұйымдастыру және қоныстану мерзімдерін келісу.
30. Жергілікті атқарушы орган немесе Уәкілетті ұйым Бағдарлама жобаларын іске асыру шеңберінде жобаны қайта инвестициялау немесе ескірген тұрғын үйді реновациялау мақсатында нарықта өткізу үшін коммерциялық үй-жайлары мен паркингтері бар шағын габаритті тұрғын үй және жайлылығы І-IV класты тұрғын үй салуы мүмкін.
31. Бағдарлама жобаларын тиімді жүзеге асыру және ескірген тұрғын үй қорын реновациялау мақсатында ЖАО немесе Уәкілетті орган тиісті жер телімінде құрылыс жүргізу мүмкін болмаған жағдайда бұзылған үйлердің жер телімдерін жаңа көп қабатты тұрғын үйлердегі тұрғынжайларға ауыстыруға құқылы.
32. Тұрғын үйдің жалпы ауданының құрылыс құны жобалық-сметалық құжаттаманың кешенді ведомстволық емес сараптаманың оң қорытындысы негізінде айқындалады.
Тұрғын үйдің жалпы ауданының 1 шаршы метрін сату құны салынып жатқан тұрғын үйдің жайлылық деңгейімен және құрылыс құнынан төмен емес іске асыру кезіндегі жылжымайтын мүлік нарығының қалыптасқан конъюнктурасымен айқындалатын болады,.
33. Ішкі және халықаралық қаржы нарықтары қаражатын тарту барысында "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ) еншілес ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бағдарлама жобаларына Әкімшімен бірге қатысуға құқылы.
34. Әкімдік шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы – Қазақстандық тұрғын үй компаниясы акционерлік қоғамы (бұдан әрі – бірыңғай оператор) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқару жөніндегі кеңестің шешімдеріне сәйкес тартылған нарықтық қаражатпен араластыру құқығымен сатып алады.
35. Бағдарламаға енгізілген реновациялау объектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талаптарды сақтау есебінен тұрғын үй-жайларының меншік иелеріне ауданы жағынан шамалас, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес жаңа пәтерлер беріледі.
36. Тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі келіскен жағдайда өткізілетін мүлік үшін салынып жатқан объектілердегі ауданы жағынан шамалас тұрғын емес үй-жайлар беру арқылы қарастырылады.
37. Тұрғын және тұрғын емес үй жайлардың мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құрылыс нормаларына сай, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарға сәйкес жақсартылған әрлеуде болуы;
2) Көппәтерлі тұрғын үйлерде, сондай-ақ пәтерлердің ішінде мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылардың, қарт адамдардың және жекелеген азаматтар топтарының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, қолайлы орта құру.
38. Авариялық (ескі) көппәтерлі үйлер тұрғындарының тұрғын жағдайларын жақсарту мақсатында, айырма құнын өтеу (қосымша төлеу) шартымен олар ұсынған авариялық (ескі) үйлердегі пәтерлерге қарағанда бөлмелері көп жаңа пәтерлерге көшуге рұқсат етіледі.
39. Жаңа көппәтерлі үйлер салу үшін жер телімі егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы, қала құрылысы жобалау нормативтері және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен айқындалған басқа талаптарға сәйкес авариялық (ескі) көппәтерлі тұрғын үйдің бұзу алаңы коммуналдық, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз етілуі тиіс.
40. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында азаматтардың жайлы тұру ортасын құру, оның ішінде аумақты абаттандыруға қосымша талаптар қою, көше-жол желісін, автотұрақ орындарын, фасад аймағындағы тротуарларды қалыптастыру, аулаішілік және кварталішілік жасыл аймақтарды ұйымдастыру секілді шараларды Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамалық нормаларына сәйкес жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледі.
41. Бағдарламаға енген тұрғын үй иелеріне құрылыс кезеңінде инвестордың қаражаты есебінен уақытша тұрғын үй беріледі немесе тұрғын үй аяқталғанға дейін уақытша тұрғын үйді жалға алу үшін ай сайынғы ақшалай өтемақы төленеді.
42. Бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу үшін Уәкілетті ұйымға жататын пәтерлерді аталмыш Бағдарламаның талаптарын сақтау арқылы реновация объектілеріне енгізілген пәтерлерге ауыстыра алады.
43. Уәкілетті ұйым тұрғын үй-жайлардың меншік иелеріне ауданы жағынан шамалас, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес жаңа пәтерлер беріледі. Тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне оның құны өтеледі.
Тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі келіскен жағдайда өткізілетін мүлік үшін өтемақы салынып жатқан объектілердегі ауданы жағынан шамалас тұрғын емес үй-жайлар беру арқылы қарастырылуы мүмкін.
44. Апатты үйдің меншік иесі қажет болған жағдайда белгіленген төлем бойынша қосымша тұрғын үй алаңын өз қаражаты есебінен сатып алуға құқылы.
Айырбастау Уәкілетті ұйымның теігерімінде тұрған пәтердің теңгерімдік құны бойынша жүзеге асырылады.
45. Айырбастау үшін пәтерлерді бөлуді Бағдарлама әкімшісі реновация объектісі туралы деректер және Уәкілетті ұйым ұсынатын Уәкілетті ұйымның теңгеріміндегі бар пәтерлер тізімі негізінде жүзеге асырады.
6-бөлім. Бірыңғай оператор кепілдігін пайдалана отырып, реновация шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру
46. ЖАО бекіткен реновация аймақтарында, соның ішінде апатты үйлерді бұзу алаңдарында құрылыс жұмыстары реновация аясында Бірыңғай оператордың кепілдігін алған құрылыс салушылар тарапынан жүзеге асырылады.
47. Инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында ЖАО реновация аймақтарын магистральдық инженерлік желілермен (жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, тұрмыстық және нөсерлік кәріз), автомобиль жолдарымен және кірме жолдармен қамтамасыз етеді.
48. Реновация аясында Бірыңғай оператордың кепілдігін пайдалана отырып тұрғын үйдің үлестік құрылысына қатысуды ұйымдастыру үшін құрылыс салушы тұрғын үйдің үлестік құрылысы туралы заңнамада көзделген талаптарды сақтауға міндетті.
49. Реновация аясында Бірыңғай оператордың кепілдігін пайдалану арқылы тұрғын үйдің үлестік құрылысына қатысуды ұйымдастыру үшін құрылыс салушы уәкілетті компания құрады немесе көппәтерлі тұрғын үй құрылысының бір жобасын іске асыру мақсатында басқа заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) 100%-ын сатып алады.
Көппәтерлі тұрғын үй жобасы бір жер учаскесінде бірнеше құрылыс нысандарын қамтуы мүмкін.Егер бұл жобада көзделсе, құрылыс бірнеше жер учаскесінде де жүзеге асырылуы мүмкін.
50. Құрылыс салушы бұрын көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін салу, пайдалануға беру және қабылдау бойынша міндеттемелерді орындаған, өзі жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын уәкілетті компанияны немесе басқа заңды тұлғаны тартуға құқылы.
Реновация шеңберінде Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тәсілі арқылы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін уәкілетті компанияның:
1)Құрылыс салушы, уәкілетті компания және реновация объектісінің және (немесе) реновация объектісінің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік иелерінің барлығы қол қойған, реновация шеңберінде кепілдік беру туралы шарт;
2)2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес жұмсау жоспарланған ақша қаражаты – реновация объектісінің және (немесе) реновация объектісінің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік иелеріне берілетін тұрғын үйдің құнына баламалы мөлшерде, бірақ мәлімделген жобалық құнның кемінде отыз пайызы мөлшерінде, сондай-ақ реновация объектісінің және (немесе) реновация объектісінің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік иелеріне уақытша тұрғын үй беруге арналған қаражат, оның мөлшері уәкілетті компанияның реновация объектісінің және (немесе) реновация объектісінің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік иелеріне уақытша тұрғын үй беру және (немесе) өтемақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібімен, құрылыс мерзімінің ұзартылуын ескере отырып айқындалады;
3)Құжаттарды қарау үшін комиссия төлеуге және реновация шеңберінде кепілдік беру туралы шарт бойынша кепілдік жарнасын төлеуге арналған ақша қаражаты.
51. Реновация шеңберінде Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тәсілі арқылы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін реновация объектісі ретінде реновация бағдарламасына енгізілген жер учаскесі бар көппәтерлі тұрғын үйі болуы тиіс.
Реновация объектісі кез келген ауыртпалықтардан, үшінші тұлғалардың құқықтары мен талап-талғамдарынан бос болуы тиіс.
52. Реновация шеңберінде кепілдік беру туралы шарт құрылысқа үлестік қатысу туралы заңнаманың талаптарын ескере отырып, үлестік құрылысқа қатысушылардың қаражатын тартуға негіз болып табылады және құрылыс салушы мен уәкілетті компаниядан қатысушылардың қаражатын тарту үшін жергілікті атқарушы органның рұқсатын алуды талап етпейді.
Кепілдік қолданылатын мерзім ішінде Бірыңғай оператор басқа құрылыс салушылармен және уәкілетті компаниялармен реновация шарттарын жасасуға құқылы емес.
Құрылыс салушы мен уәкілетті компания реновация шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыруға өтінім береді, бұл Бірыңғай оператордың кепілдігін кейіннен алу және реновация шартын жасасу мақсатында жүзеге асырылады.
Құрылыста үлестік қатысу туралы шарт және реновация шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт электрондық түрде жасалады және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы расталады.
Реновация шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт келесі талаптарды сақтай отырып жасалады:
1)бөлмелер санына сәйкес құнды өтемақы — берілетін тұрғын үй үлесінің ауданы реновация объектісінің меншік иесінен берілетін тұрғын үйдің ауданынан кем болмауы тиіс;
2)тең құнды ақшалай өтемақы.
Басқа шарттар тараптардың келісімі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес анықталады.
53. Реновация шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша берілетін үлес құрылыс, санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық, өртке қарсы, техникалық және басқа да міндетті нормаларға сәйкес болуы тиіс.
54. Аталған шарт бойынша уәкілетті компания реновация объектісінің және (немесе) оның құрамына кіретін жылжымайтын мүлік иелеріне уақытша тұрғын үйді жалдауға кеткен шығындарды, сондай-ақ уақытша тұрғын үй беру және (немесе) өтемақы төлеу тәртібіне сәйкес басқа да шығындарды өтеуге міндетті.
55. Реновация объектісінің немесе оның құрамына кіретін жылжымайтын мүлік иесі үлесті қабылдап, оны уәкілетті компанияға беру туралы шартты осындай шартты жасау қажеттігі жөнінде хабарламаны алған күннен бастап отыз календарлық күн ішінде қол қоюға міндетті.
56. Кепілдік жағдайы туындаған жағдайда уәкілетті компанияның реновация объектісінің және (немесе) оның құрамына кіретін жылжымайтын мүлік иелеріне уақытша тұрғын үй беру және (немесе) өтемақы төлеу міндеттері уақытша тұрғын үй беру және (немесе) өтемақы төлеу тәртібі бойынша жүзеге асырылады.
7-бөлім. Реновация бағдарламасы шеңберінде жергілікті бюджет есебінен тұрғын үйді сатып алу немесе құрылыс жүргізу
57. Қалалық және аудандық құрылыс бөлімдерінің мемлекеттік мекемелері (әрі қарай – Бөлім) апатты тұрғын үйлерге жатқызылған және реновацияға енгізілген пәтерлердің иелерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында пәтерлерді сатып алу немесе үйлерді салу жұмыстарын жүзеге асырады.
58. Бағдарлама жобаларын жүзеге асыру шеңберінде, егер реновация объектілерін сүргеннен кейін бос қалған жер учаскелері көппәтерлі тұрғын үй салу үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс талаптарына сәйкес келмесе, Әкімші/Уәкілетті ұйым өз құзыреті шегінде:
1. Қазақстан Республикасының жер қатынастары заңнамасында белгіленген тәртіппен жер учаскесін іске асыруды бастау;
2. Жер учаскесін игеру бойынша инвестициялық жобаның тапсырыс берушісі (ұйымдастырушысы) болып шығу және құрылыс салушыны инвестициялық келісім шарт негізінде тарту;
3. Инвестициялық келісім-шартқа құрылыс салушының басқа салынып жатқан объектілерде белгілі бір сандағы пәтерлерді коммуналдық меншігіне беру міндетін қарастыру;
4. Әкімші апатты үйді сүріп, жер учаскесін коммуналдық меншігіне береді;
5. Қажет болған жағдайда Уәкілетті ұйым инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін инвесторды тартады.
6. Осы тармақты іске асыру шеңберінде коммуналдық меншігіне алынған тұрғын үй бөлмелері реновация объектілерінің иелерін қамтамасыз етуге бағытталады.
59. Бағдарламаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асыру жағдайында пәтерлерді апатты деп танылған жалғыз тұрғын үйі бар азаматтарға беріледі. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апатты деп танылған жалғыз тұрғын үйде тұратын азаматқа (отбасына) тұрғын үй беру нормасын есептеу кезінде оның меншігінде тұрған тұрғын үйдің ауданы есепке алынбайды.
Егер меншік иесінің тұрғын үйі оның жалғыз тұрғын үйі болмаса, алынатын мүліктің нарықтық құны өтеледі.
Егер Әкімшінің балансында бөлмелер санына сәйкес келетін пәтерлер болмаса, Әкімші көп бөлмелі пәтер ұсынуға құқылы.
60.Әкімші пәтер иелерімен келесі іс-шараларды жүргізеді: ақпараттандыру, жиналыстар өткізу, көшіп-қону процесін ұйымдастыру, қабаттылықты анықтау және пәтерлерді бөлу, қоныстану мерзімдерін келісу.
Пәтерлерді бөлу Бағдарлама Әкімшісі балансында тұрған пәтерлер тізіміне негізделеді. Мұндай тұрғын пәтердің немесе тұрғын емес үй-жайдың жалпы ауданы босатылатын пәтердің немесе тұрғын емес үй-жайдың жалпы ауданынан кем болмауға тиіс және кемінде бір бөлмелі пәтердің ауданына тең болуы қажет.
61. Апатты тұрғын үйлердегі пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне реновация бағдарламасына кірген тұрғын үйлерде баспана беру тәртібі жергілікті атқарушы орган құрамында құрылған комиссия арқылы жүзеге асырылады және тұрғын үйдің жағдайы туралы техникалық қорытындыны беру мерзімдеріне сәйкес жүргізіледі.