Облыс әкімінің 2025 жылғы Қордай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

    Жамбыл облысының әкімдігі

    Облыс әкімінің 2025 жылғыҚордай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды

    іске асыру жөніндегі іс-шаралар

    ЖОСПАРЫ

    №

    Іс-шараның атауы

    Іске асыру мерзімі

    Жауапты орындаушылар

    Орындалу барысы

    1.

    Қордай аудандық емхана құрылысын салу бойынша жобалық сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамаға берілуін және оң қорытынды алынуын қамтамасыз ету, нәтижесі бойынша уәкілетті орталық мемлекеттік органның қарауына жолдау.

    Тұрақты,

    тоқсан аралық ақпарат ұсыну

    Құрылыс басқармасы (жинақтау), Қордай ауданының әкімі

    Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға құжаттары рәсімделуде. Емхана құрылысының ЖСҚ-ның болжамды құны32,0 млрд. тг.

    Қордай ауданы әкімдігінің тарапынан орталық ауруханасының құрылысын жүргізу үшін жер учаскесі анықталған.

    Сонымен қатар, аудандық орталық ауруханасына инженерлік инфрақұрылым салу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қоыртыдысы алынды. Жоба құны 747,6 млн. теңге (ҚМЖ 707,6 млн. тг.). Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасына бюджеттікөтінім тапсырылды.

    Құрылыс басқармасы тарапынан ғимарат құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ әзірленуде.

    2.

    Ауыл шаруашылығы саласындағы 2025 жылға бекітілген межелерге жету жоспарларын анықтап, ауыл шаруашылығы басқармасына енгізу.

    2025 жыл

    1 наурыз

    Қордай ауданының әкімі

    Ауыл шаруашылығы саласындағы 2025 жылға бекітілген межелерге жету жоспарлары анықталып, ауыл шаруашылығы басқармасына келісімге ұсынылды.

    3.

    Қордай ауданындағы инвестициялық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемін, негізгі капиталға салынатын инвестициялардағы жеке инвестицияның үлесін ұлғайтуды жүзеге асыру.

    Тұрақты,

    тоқсан аралық ақпарат ұсыну

    Қордай ауданының әкімі (жинақтау), кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы

    2025 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 45786,9 млн. теңге (2024ж. 60853,0 млн. теңге), нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңге 73,6 пайызқұрайды.

    Индикатордың орындалмауының себебі 2024 жылдың тиісті кезеңінде қомақты инвестиция «KORCEM» ЖШС-гі цемент зауыт құрылысына 27,3 млрд. теңге инвестиция тартылған, бүгінгі күні құрылысы аяқталған.

    Бұдан бөлек, аудандағы ірі инвестициялық жобалар «Шокпар Гагаринское» ЖШС-гі қазіргі кезде құрылыс жұмыстарын жаңадан бастаған және «Mariam Gold Ltd.» жеке компаниясы геологиялық барлау жұмыстарына лицензия жаңадан алынды.

    4.

    Қордай ауданы бойынша кен байыту орындарының тізімін нақтылап, әлеуетті инвестициялық жобалардың тізімін әзірлеу.

    2025 жыл

    1 наурыз

    Қордай ауданының әкімі (жинақтау), кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

    Қордай ауданында тау-кен саласында әлеуетті инвестициялық жобалар:

    «Шокпар-Гагаринское» ЖШС-нің «Гагаринское» кен орнында тау-кен байыту комбинатының құрылысы. Бетқайнар ауылдық округі Соғанды ауылында орналасқан. Жоба құны 47,0 млрд. теңге, қуаттылығы жылына 1000 кг. (алтын өндіру). Іске асыру мерзімі 2021-2027 жылдары. Іске асыру кезінде 400-500 жұмыс орны ашылу жоспарлануда. Жер қойнауының лицензиясы №4323 20.11.2020 жылдан 2038 жылға дейін берілген. Қазіргі кезде, жер участкесіне44 шқ. уақытша электр желісі тартылды, геологиялық барлау және зауытты жобалау жұмыстары жүргізілуде. Қордай ауданы әкімдігі тарапынан серіктестікке жалпы 1101,0 га жер телімі бөлініп берілді.

    2021 жылы 811,4 млн. теңге., 2022 жылы 3,6 млрд. теңге., 2023 жылы 463,0 млн. теңге., 2024 жылы 45,0 млн. теңге инвестиция тартылды.

    Сонымен қатар, Қордай ауданында Қарасай ауылдық округінде «Қырғау» алтын кен орнына барлау жұмыстарын жүргізу үшін «Mariam Gold Ltd.» ЖШС-гі лицензиясын алды.

    5.

    Қордай ауданы бойынша кен орындарын алып, ұзақ жылдар тиісті жұмыс атқармайтын мердігерлерден заң аясында жерлерді қайтаруға қажетті шараларды қабылдап, жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізбейтін мердігерлердің тізімін ұсыну.

    2025 жыл

    1 наурыз

    Қордай ауданының әкімі (жинақтау), кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, жер қатынастар басқармасы

    Қордай ауданында кен орындарын алып, ұзақ жылдар тиісті жұмыс атқармаған «MONTERRА QASAQSTAN» ЖШС-нің тау-кен металургиялық комбинаты. Жоба 2014 жылы Индустриаландыру картасына енгізілді, 2027 жылы іске қосылуы жоспарланған болатын. Жоба құны 832,0 млрд. теңге, қуаттылығы жылына 5100 кг. алтын өндіру. Құрылыс кезінде 350, ал іске қосу кезінде 800 тұрақты жұмыс орындар ашылу жоспарланған. ҚР Инфрақұрылымдық даму министрлігімен контракт мерзімі 2016 жылдан 18 қаңтарынан2022 жылға дейін берілген болатын. 2023 жылдың 12 сәуірінен бастап контракт мерзімі 3 жылға ұзартылды. 2021 жылы 4,4 млрд. теңге инвестиция тартылды. 2022 жылы 3,3 млрд. теңге,2023 жылы 8,0 млрд. теңге, 2024 жылы 5,5 млрд. теңгеинвестиция тарту жоспарланған, бірақ инвестор қаражат бөлмей инвестиция тартылмады.

    Мемлекет тарапынан серіктестікке бөлінген 300,5 га жер телімі Қордай ауданы әкімінің 2024 жылдың 15 шілдедегі №308 қаулысымен мемлекеттік жер қорына қайтарылды.

    6.

    Көктемгі дала жұмыстарына шаруашылықтарға қажетті қаржыландыруды қамтамасыз ету.

    2025 жыл

    1 сәуір

    Қордай ауданының әкімі (жинақтау), ауылшаруашылығы басқармасы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы (келісім бойынша)

    2025 жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін «Қордай» несие серіктестігі ЖШС-і арқылы «Кең дала» бағдарламасына15 шаруашылық 134,4 млн.теңгеге өтінім берілді, қаражаттөленді. «Кең дала -2» бағдарламасы бойынша 8 шаруашылық 335,0 млн. теңге алды.

    7.

    «Қордай» бақылау-өткізу бекетінде орнатылған «Q-Gate» автоматтандырылған шекаралық бақылау жүйесінің тиімділігін ескере отырып, облыстың басқа да бақылау-өткізу бекеттерінде орнату бойынша ұсыныс енгізу.

    2025 жыл

    1 наурыз

    ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті (келісім бойынша)

    Екі ел шекарасындағы ұзақ-сонар кезек пен кептелісті жою мақсатында «Қордай» бақылау-өткізу бекетінде электронды турникеттер орнатылды. Аталған шара өткізу процесін автоматтандырып, құжаттарды тексеру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Аталмыш шешім тұрғындар мен жүргізушілердің уақытын үнемдеуге, сондай-ақ бекеттегі жұмыс тиімділігін арттыруға септігін тигізуде.

    8.

    Қордай аудандық орталық стадионға қайта күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайындалған жобаны қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім әзірлеп, облыстық бюджеттік комиссияның қарауына енгізу, оны нақтылау кезінде қарастыру.

    2025 жыл

    ІІ тоқсан

    Қордай ауданының әкімі(жинақтау), экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, дене шынықтыру және спортбасқармасы, құрылыс басқармасы

    Қордай аудандық орталық стадионға қайта күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайындалған жобаны қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім әзірлеп, облыстық бюджеттік комиссияның қарауына жолданды (ЖСҚ құны 479,4 млн. тг.). Алайда қолдауын таппаған. Қазіргі таңда аудандық бюджеттен 52,0 млн. теңге қаражат қарастырылды. Мердігер анықталып, 2025 жылдың маусым айында жөндеу жұмыстары басталды.

    9.

    Қордай ауданы «Степное» ауылдық округінің атауын «Ақдала» ауылдық округіне, «Степное» аулының атауын «Дінмұхамед Қонаев» аулына қайта атау маселесіне қатысты ұснысты облыстық ономастика отырысында қарау, нәтижесі бойынша заң аясында шешім шығарып, тиісті шараларды қабылдау (оның ішінде Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолдау).

    2025 жыл

    ІІ тоқсан

    Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы (жинақтау), Қордай ауданының әкімі, ақпарат және қоғамдық даму басқармасы

    Қордай ауданы әкімдігімен,Степное ауылдық округінің атауын Ақдала ауылдық округіне, Степное ауылының атауын Дінмұхамед Қонаев ауылына қайта атау туралы 2023 жылдың 04 шілдесінде ауылдық округ тұрғындарының және қоғамдастық мүшелерінің жиналысы өткізіліп, ұсынысты ауыл тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық мүшелерінің көпшілігі қолдады.2023 жылдың 22 қарашасында бірлескен аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихаттың шешімі қабылданып, облыс әкімдігінің мәдениет және тілдердідамыту басқармасына Степное ауылдық округінің атауын Ақдала ауылдық округіне, Степное ауылының атауын Дінмұхамед Қонаев ауылына қайта атау туралы 2025 жылдың20 қаңтарында №4-100 хатыменқұжаттары облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына ұсынылды.

    Облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Степное» ауылдық округінің атауын «Ақдала» ауылдық округіне, «Степное» ауылының атауын «Дінмұхамед Қонаев» ауылына қайта атау мәселесіне қатысты ұсыныс бойынша төмендегіні хабарлады.

    Ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын Әдістемелік ұсынымдардың 8.4-тармағына сәйкес «қалаларға, қала үлгісіндегі кенттерге, аудандарға, ауылдарға, ауылдық округтерге «кісі есімдерін беруге жол бермеу» қатаң басшылыққа алу міндеттелген.

    Қазіргі таңда атау беру, қайта атау жұмыстары жоғары атқарушы органмен келісілген 2024-2025 жылдарға арналған жол картасы негізінде жүзеге асырылуда. Аталған жол картасында төтенше жағдай кезінде өрт сөндіру, жедел жәрдем, полиция қызметкерлерінің мекенжайды дер кезінде тауып баруын қамтамасыз ету мақсатында ең алдымен атауы жоқ немесе атауы қайталанатын көшелерді ғана өзгертуге басымдық беріліп отыр. Ал, елді мекендер мен объектілерге (мемлекеттік мекемелер және физикалық-географиялық объектілер) атау беру жұмыстары кейінге қалдырылды.

    Степное ауылдық округі мен елді мекенін қайта атау бойынша ұсыныс 2024 жылғы жол картасына енгізілген болатын. Жоғарыда көрсетілген заң талаптарына сәйкес Степное ауылын Д. Қонаев ауылы деп қайта атау туралы ұсыныс қолдау таппады.

    Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік кеңесшісінің төрағалығымен ономастика саласы бойынша өткен кеңес хаттамасының (23.01.2025 ж. №25-35-2.1 қбп) 1.2-тармағына сәйкес елді мекендер және мемлекеттің қатысуы бар объектілерге атау беру және қайта атау бойынша ұсыныстарды қарастыру кейінге қалдырылғандықтан Қордай ауданы Степное ауылдық округінің атауын Ақдала ауылдық округі деп қайта атау бойынша ұсыныс 2026 жылғы жол картасына қайта жолданатын болады.

    10.

    Қордай ауылында «Достық үйі» құрылысына арналан жобаны қаржыландыруға бюджеттік өтінім әзірлеп, облыстық бюджеттік комиссияның қарауына енгізу, оны нақтылау кезінде қарастыру.

    2025 жыл

    ІІ тоқсан

    Қордай ауданының әкімі (жинақтау), экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, ақпарат және қоғамдық даму басқармасы, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы

    «Достық үйі» құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ әзірленіп, 2025 жылдың 22 қазанында сараптама қорытындысы алынды. Жоба құны 2 740,0 млн. теңге. 24 қазан облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды. Облыстық бюджеттен ағымдағы жылға 1,0 млрд. теңге қаражат қарастырылды. Сатып алу конкурсын жүргізу үшін құжаттар рәсімделуде.

    11.

    «Жамбыл облысы, Қордай ауданы КН-KR-1, «Қаракемер-Керу» аудандык автомобиль жолынын 0-18,1 шк орташа жөндеу» бойынша

    дайындалған жобаны қаржыландыруға бюджеттік

    өтінім әзірлеп, облыстық бюджеттік комиссияның қарауына енгізу, оны нақтылау кезінде қарастыру.

    2025 жыл

    ІІ тоқсан

    Қордай ауданының әкімі (жинақтау), экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, құрылыс басқармасы

    Қордай ауданы КН-КR-1, «Қаракемер-Керу» аудандық автомобиль жолының 0-18,1 шқ орташа жөндеу» бойынша ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. 2026 жылға облыстық бюджеттен 468,0 млн. теңге, қаражат қарастырылды. Сатып алу конкурсын жарияланып, нәтижесінде басқада қатысушылардың келіспеуіне байланысты сотқа талап арыз берілді.

    12.

    Қордай ауылындағы Қарасай батыр көшесінің жолын кеңейту

    және көпір құрылысын салуға

    дайындалған жобаны қаржыландыруға бюджеттік өтінім әзірлеп, облыстық бюджеттік комиссияның қарауына енгізу, оны нақтылау кезінде қарастыру.

    2025 жыл

    ІІ тоқсан

    Қордай ауданының әкімі (жинақтау), экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, құрылыс басқармасы

    Қордай ауылындағы Қарасай батыр көшесінің жолын кеңейту және көпір құрылысын салуға ЖСҚ әзірленіп, жекеменшік сараптама қорытындысы алынған. Алайда прокуратура ұсынымы бойыншамемлекеттік сатып алу конкурсы алынды (себебі сараптама қорытындысы жекеменшік). Қазіргі таңда мемлекеттік сарапама қорытындысын алу үшін құжаттар рәсімделуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін бюджеттік өтінім тапсырылады.

    13.

    Қордай ауданының инвестициялык жобалар пулын қалыптастырып,

    4 ірі инвестициялық жобаның (оның ішінде 1-2 кең байыту

    фабрикасының) іске асырылуын қамтамасыз ету.

    2025 жыл соңына дейін

    Қордай ауданының әкімі (жинақтау), кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

    Қордай ауданының инвестициялык жобаларпулынқалыптастырып,

    Қордай ауданында тау-кен саласында әлеуетті инвестициялық жобалар:

    «Шокпар-Гагаринское» ЖШС-нің «Гагаринское» кен орнында тау-кен байыту комбинатының құрылысы. Бетқайнар ауылдық округі Соғанды ауылында орналасқан. Жоба құны 47,0 млрд. теңге, қуаттылығы жылына 1000 кг. (алтын өндіру). Іске асыру мерзімі 2021-2027 жылдары. Іске асыру кезінде 400 жұмыс орны ашылу жоспарлануда. Жер қойнауының лицензиясы №4323 20.11.2020 жылдан 2038 жылға дейін берілген. Қазіргі кезде, жер участкесіне44 шқ. уақытша электр желісі тартылды, геологиялық барлау және зауыттың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Қордай ауданы әкімдігі тарапынан серіктестікке жалпы 1101,0 га жер телімі бөлініп берілді.

    2021 жылы 811,4 млн. теңге., 2022 жылы 3,6 млрд. теңге., 2023 жылы 463,0 млн. теңге., 2024 жылы 45,0 млн. теңге, 2025 жылы 7,1 млрд. теңге инвестиция тартылды.

    Сонымен қатар, Қордай ауданында Қарасай ауылдық округінде «Қырғау» алтын кен орнына барлау жұмыстарын жүргізу үшін«Mariam Gold Ltd.» ЖШС-гі лицензиясын алды.

    «Central Asia Gold Production» ЖШС-нің Қордай ауданыны Көгадыр ауылында орналасқан, құрамында алтын бар кенді өңдеу бойынша өндірістік кешен салу жобасы. Жоба құны 50,0 млрд. теңге. Іске асыру мерзімі 2025-2028 жылдар,Іске қосу кезінде 300 тұрақты жұмыс орындар ашу жоспарлануда. Қазіргі кезде барлау және зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

    Бұдан бөлек, «Taraz Eko Fish» ЖШС-нің «Форель өсіретін шаруашылық ұйымдастыру және консерві цехын салу» жобасы құны 141,5 млн. теңге, қуаттылығы жылына 67 тонна өнім өндіру, іске асыру мерзімі 2021-2025 жылдар, Іске қосу кезінде 12 тұрақты жұмыс орындар ашылды. Қазіргі таңда, серіктестікке 5,0 га жер телімі бөлініп берілді. Жалпы ұзындығы 800 метр тоған 20 бассейінге бөлінген, оның малектарға арналған 3 бассейіні бетондалған. 5 су құбыры қазылды. электр желісі тартылып, 100 кВт. трансформатор орнатылды. 12*6 метр құрайтын асхана салынды,балықты ыстайтын құралы мұздатқыш камералары орнатылды іске қосылған.

    Жүктеу
    Облыс әкімінің 2025 жылғы Қордай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
    Облыс әкімінің 2025 жылғы Қордай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
    DOCX · 37 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 8 қарашаға ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы ХАБАРЛАМАСЫ

    Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 8 қарашаға ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы ХАБАРЛАМАСЫ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1...

    Жамбыл облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Облыс әкімінің 2024 жылғы 29 наурыздағы Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

    Облыс әкімінің 2024 жылғы 29 наурыздағы Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы Р/с № Іс-шараның атауы Іске асыру мерзімі Жауапты о...

    Жамбыл облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Облыс әкімінің 2026 жылғы Қордай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

    Облыс әкімінің 2026 жылғыҚордай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ № Іс-шараның атауы Іске асыру мерзімі Жауапты орындаушылар Орындалу барысы 1. Қордай ау...

    Жамбыл облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 8 қарашада өткен ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы Хабарламасы

    Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 8 қарашада өткен ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы Хабарламасы 2026 жылғы 8 қарашада Жамбыл облысы Меркі ауданының Акермен, Аспара және Меркі ауылдық окр...

    Жамбыл облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Облыс әкімінің 2025 жылғы Т.Рысқұлов ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

    Облыс әкімінің 2025 жылғы Т.Рысқұлов ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ Р/с № Іс-шараның атауы Іске асыру мерзімдері Жауапты орындаушылар Орындалуы 1....

    Жамбыл облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Облыс әкімінің 2024 жылы Т.Рысқұлов ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

    Облыс әкімінің 2024 жылыТ.Рысқұлов ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ № Іс-шараның атауы Іске асыру мерзімі Жауапты орындаушылар Орындалуы туралы мәліме...

    Жамбыл облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихат депутаттарын сайлау бойынша Жамбыл облысының сайлаушыларына сайлау учаскесін анықтауға арналған колл-орталық

    2026 жылғы29 қарашаға тағайындалған мәслихат депутаттарынсайлау бойынша Жамбыл облысының сайлаушыларынасайлауучаскесін анықтауға арналған колл-орталық Аудан/қала атауы Аймақ коды (саны) Сall-орталықтың телефоны Орналасқ...

    Жамбыл облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл облысы қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының кандидаттар сайлаушылармен кездесу өткізетін орындары туралы жарияланымдарға сілтемелер

    Жамбыл облысы қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының кандидаттар сайлаушылармен кездесу өткізетін орындарытуралыжарияланымдарға сілтемелер (2026 жылғы 29 қарашадағы мәслихат депутаттарының сайлауы) р/с №...

    Жамбыл облысының әкімдігіЖарияланды: