Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    1. Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Алматы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы берген «Хлормен улану?» алдын ала диагнозымен жағдайдың тіркелгені туралы ақпарат негізінде.

    2. Тергеп-тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау органы: Астана қаласының Сарыарқа ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.

    3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісімі): сарапшылар тартылған жоқ.

    4. Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 16 шілдеден2026 жылғы16 шілдегедейін.

    5. Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ЖК «Христенкоға» тиесілі «Отбасылық сауна».

    6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты:

    Тергеп-тексеру барысында бассейнде судың рециркуляциялық алмасуы кезінде бассейннің әрбір 8 сағат жұмыс істеуі есебінен кемінде 10 пайыз мөлшерінде таза су құбыры суының үздіксіз қосылуын есепке алу ұйымдастырылмағаны анықталды. Бассейн тостағандарына су келіп түсетін су құбырларына бассейн тостағандарына келіп түсетін таза су құбыры суының көлемін күнделікті тіркеу үшін есептегіш құралдар орнатылмаған.

    Бассейн реагенттерді автоматты түрде мөлшерлеу жүйесімен жабдықталмаған. Дезинфекциялау құралдары жоқ.

    Тергеп-тексеру барысында санитариялық-химиялық зерттеулер жүргізу үшін бассейн суынан (су бетінен және тереңдігінен) сынамалар алынды, сондай-ақ үй-жайлардағы ауа құрамындағы хлор концентрациясына өлшеулер жүргізілді.

    Бассейн тостағанынан алынған су сынамаларын зерттеу нәтижелері бойынша (2026 жылғы 17 шілдедегі № 2260001018163118 хаттама) бассейн суының тереңдігінен және бетінен алынған сынамаларда қалдық бос хлор концентрациясының 0,8 мг/дм³ мөлшерінде жоғарылағаны анықталды. Бұл ретте 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін норма – 0,1–0,3 мг/дм³, ал ересектер үшін – 0,3–0,6 мг/дм³ аспауы тиіс.

    Сондай-ақ бассейн суының тереңдігінен және бетінен алынған сынамаларда қалдық байланысқан хлор концентрациясының 2,8 мг/дм³ мөлшерінде жоғарылағаны анықталды (норма – 1,2 мг/дм³).

    Бұдан бөлек, тотығу көрсеткішінің 14,88 мг/дм³ мөлшерінде жоғарылағаны анықталды (норма – 5,0 мг/дм³).

    Аталған фактілер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 4-тарауының 57, 58, 71-тармақтарының және 2-қосымшасының талаптарын бұзу болып табылады.

    7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ЖК «Христенко».

    8. Қабылданған шаралар: Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 130 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

    Жүктеу
    286489ecf4a3d00be8d686851348b182e4c86569b1bd05a6f342410547f97a7f_original.19710.docx
    DOCX · 19 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі инфекциялық және паразиттік ауру, улану туралы шұғыл хабарламалар: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпид...

    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    7-қосымша Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі инфекциялық және паразиттік ауру, улану туралы шұғыл хабарламалар: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санит...

    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі:Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№3 Көпбейінді қалалық ауруханасы» МКК 2026 жылы 12 қазанында «Дерматофития» жағдайына №12, 13 шұғыл хаба...

    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі:Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№3 Көпбейінді қалалық ауруханасы» МКК 2026 жылы 12 қазанында «Дерматофития» жағдайына №10, 11 шұғыл хаба...

    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі:Астана қаласы Байқоңыр ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2026 жылғы 5 қазандағы № 24-21-24-03-01/928-И хатымен...

    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі инфекциялық және паразиттік ауру, улану туралы шұғыл хабарламалар: Хаттың негізінде вх. Астана қаласы Байқоңыр ауданының санитарлық-эп...

    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі инфекциялық және паразиттік ауру, улану туралы шұғыл хабарламалар: 2026 жылғы 17 маусымдағы №67 шұғыл хабарламаға сәйкес, Астана қаласы...

    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі инфекциялық және паразиттік ауру, улану туралы шұғыл хабарламалар: ШЖҚ «№3 көпбейінді қалалық ауруханасы» МКК-нен 2026 жылғы 26 ақпанда...