Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі инфекциялық және паразиттік ауру, улану туралы шұғыл хабарламалар: ШЖҚ «№3 көпбейінді қалалық ауруханасы» МКК-нен 2026 жылғы 26 ақпандағы №1 шұғыл хабарлама негізінде расталған бас терісінің дерматофитиясының жағдайы тіркелді.
2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: Астана қаласы Сарыарқа ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы РММ
3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім)тартылған: жоқ.
4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 02.03.2026 жылдан бастап 18.03.2026 жылға дейін
5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Қарасай батыр көшесі, 10 мекен-жайында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «№36 орта мектебі» КММ
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: тергеп-тексеру барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарының нормативтік-құқықтық бұзушылықтар анықталмады.
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ
8. Қабылданған шаралар: жоқ