2026жылдың 19 шілдегетағайындалған
Жақсы ауданы Жаңақима ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы
Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жақсы ауданы Жаңақима ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеді:
- Златухина Анна Александровна, 1987 жылы туған, «Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-сі, экономика, бюджетті жоспарлау және бюджетті атқару секторының меңгерушісі, Жақсы ауданы Жақсы ауылында тұрады (өзін-өзі ұсыну тәртібімен);
- Қаиржан Анес Саятұлы, 1984 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Атбасар ауданы Атбасар қаласында тұрады (RESPUBLICA партиясынан);
- Тихан Любовь Алексеевна, 1989 жылы туған, «Жақсы ауданы Подгорное ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі, бас маман, Жақсы ауданы Подгорное ауылында тұрады (өзін-өзі ұсыну тәртібімен).