«Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мен «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    ·

    «Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мен «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша

    талдамалық анықтама

    Жақсы а.2026 жыл 8 шілде

    Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға, сондай-ақ аудан әкімінің 2026 жылғы 1 маусымдағы № 19 өкіміне сәйкес жұмыс тобы Жақсы ауданы әкімдігінің жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарының қызметіне келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді:

    • бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
    • бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Талдау жүргізілген кезең: 2026 жылғы 2–30 маусым.

    Талдауға қамтылған кезең: 2025 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мен «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де ақпараттарды жинақтау, талдау, сондай-ақ мемлекеттік органдар жүргізген алдыңғы тексерулердің нәтижелерін, құқықтық статистика деректерін, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және заңмен шектелмеген өзге де ақпараттарды бағалау арқылы жүргізілді.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы келесі құрамда құрылды:

    Бочарникова Ольга Фридриховна – «Жақсы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы, жұмыс тобының төрағасы;

    Сегізбаева Назгүл Сағдатовна – «Жақсы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, жұмыс тобы төрағасының орынбасары;

    Жолдыбаева Аида Қадырқызы – «Жақсы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, жұмыс тобының хатшысы;

    Балацкая Татьяна Васильевна – «Жақсы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуды талдау бөлімінің басшысы;

    Бектұрғанова Динара Бектұрғанқызы – «Жақсы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы;

    Шаматова Зигаш Әбілмажановна – «Жақсы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық қызметі бөлімінің басшысы;

    Қарашин Еламан Мұратұлы – «Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;

    Копылова Татьяна Борисовна – «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;

    Құсайынов Қайыржан Қожахметұлы – Жақсы ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша).

    I. «Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

    «Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Бөлім өз қызметін Жақсы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № а-6/136 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Бөлімнің қарамағындағы ведомстволық ұйым – Жақсы ауданы әкімдігі жанындағы «Жақсы Су Арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

    Бөлімнің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау барысында төмендегілер анықталды:

    «Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты

    Бөлім өз құзыреті шеңберінде келесі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуші болып табылады:

    1. Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 7 қарашадағы № а-11/249 «Жақсы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 175048 болып тіркелген);

    1. Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі № а-2/51 «Жақсы ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атауларын және индекстерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 179584 болып тіркелген);
    2. Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 8С-3-2 «Жақсы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 179802 болып тіркелген);
    3. Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 тамыздағы № 8С-8-3 «Жақсы ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша халыққа арналған тарифтерді бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 185666 болып тіркелген);
    4. Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 24 тамыздағы № а-7/152 «Жақсы ауданында коммуналдық қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 186856 болып тіркелген);
    5. Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 8 мамырдағы № 8С-42-1 «2025 жылға Жақсы ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 209999 болып тіркелген);
    6. Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 31 наурыздағы № а-2/248 «Жақсы ауданы елді мекендерінің бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыруға бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 223360 болып тіркелген).
    7. Нормативтік құқықтық актілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде аудан әкімдігінің «Жақсы ауданында көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге және лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға байланысты пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» қаулысы қабылданбағаны анықталды. Аталған акт Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабының 11) тармақшасын іске асыру мақсатында қабылдануы тиіс болатын.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: нормативтік құқықтық актінің уақытылы қабылданбауы құқықтық айқынсыздықты туындатады және құқық қолдану тәжірибесін қиындатады.

    Жою жөніндегі ұсынымдар: жоғарыда көрсетілген Қағидаларды әзірлеп, бекіту.

    «Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінанықтау» бағыты

    1) Кадрларды басқару Бөлімнің штат саны 4 бірлікті құрайды: бөлім басшысы – 1, сектор меңгерушісі – 1, бас мамандар – 2.

    Заңнамада белгіленген мерзімдерде Бөлім қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдап, тиісті мәліметтер мен декларацияларды тапсырған.

    Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдар болған жоқ.

    Теріс себептер бойынша жұмыстан босату фактілері анықталған жоқ.

    Талдау жүргізілген кезеңде Бөлім басшысы Қарашин Е.М. тәртіптік жауапкершілікке тартылды (Жақсы ауданы прокуратурасының 2025 жылғы 3 маусымдағы № 2-0212-25-00486 ұсынымы негізінде).

    Осы бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    2) Мүдделер қақтығысын реттеу

    Мүдделер қақтығысы фактілері, сондай-ақ оның туындауына ықпал ететін мән-жайлар анықталған жоқ.

    3) Мемлекеттік қызметтер көрсету

    Бөлім мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 12 түрін көрсетеді.

    2025 жылы 62 мемлекеттік қызмет көрсетілді, олардың барлығы электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген.

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу, заңнамада көзделмеген құжаттарды талап ету, негізсіз бас тарту және көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар фактілері анықталған жоқ.

    Сонымен қатар, мониторинг нәтижесінде келесі сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды:

    1. Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жүргізілген мониторинг нәтижесінде «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 7-тармағының талаптары бұзылғаны анықталды.

    Аталған тармақтың талаптарына сәйкес өтініш келіп түскен күні, яғни 2025 жылғы 30 қаңтарда тіркелуге тиіс болған, алайда іс жүзінде өтініш 2025 жылғы 3 ақпанда тіркелген.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесінің бұзылуы және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына қажетті бақылаудың болмауы.

    Жою жөніндегі ұсынымдар: мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарына сәйкес «Kezekte.kz» ақпараттық жүйесінде өтініштерді тіркеу кезінде бизнес-процестің кезеңдерін қатаң сақтауды қамтамасыз ету.

    4) Рұқсат беру функцияларын іске асыру

    Бөлім мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілмеген рұқсат беру құжаттарын беруді, сараптамалар жүргізуді, тіркеуді немесе өзге де рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды.

    5) Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

    Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    6) Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу

    Бюджет қаражатын игеру, жалақыны, сыйлықақыларды және үстемеақыларды есептеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақы белгілеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

    2025 жылы қаржыландыру жоспары 485 293,0 мың теңгені құрады, оның ішінде 481 983,9 мың теңге игеріліп, бұл 99,3 %-ды құрады.

    1. 3.Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясы жүргізген мемлекеттік аудит нәтижесінде жалпы сомасы 5 145 829,6 мың теңгеге қаржылық есептіліктегі деректердің дұрыс көрсетілмеу фактілері анықталды, атап айтқанда: қаржылық есептілікті жасау кезінде есепті кезеңдегі барлық операциялардың толық әрі дұрыс көрсетілуі сақталмаған; кірістер мен шығыстардың есепті кезеңдерге дұрыс жатқызылуы қамтамасыз етілмеген; талдамалық есеп деректерінің есепті кезеңнен кейінгі айдың бірінші күніндегі синтетикалық есеп шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтарға сәйкестігі сақталмаған (бухгалтерлік жазбалардың айналым ведомостары мен Бас кітап жүргізілмеген).

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: қаржылық есептіліктің бұрмалануы шоғырландырылған қаржылық есептілікке теріс әсер етеді.

    Жою жөніндегі ұсынымдар: анықталған бұзушылықтарды жоюды, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті заңнама талаптарына сәйкес келтіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі қаржылық бақылауды күшейту.

    7) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

    Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    8) Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер

    Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысында төмендегілер анықталды.

    2025 жылы Бөлімге 18 өтініш келіп түсті, оның ішінде: өтініштер – 5, шағымдар – 1, ұсыныстар – 3, өзге де өтініштер – 9.

    15 өтініш қаралды, құзыреті бойынша қайта жолданғаны – 1, қайталанған өтініштер – 2.

    Жеке және заңды тұлғалар тарапынан, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында, Бөлімнің сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңсыз әрекеттеріне қатысты шағымдар тіркелмеген.

    Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Бөлімқызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінежүргізілгенталдау қорытындысыбойынша ұсынылды:

    1. Жақсы ауданында көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге, лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға байланысты пәтерлердің және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеп, бекіту.
    2. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарына сәйкес «Kezekte.kz» ақпараттық жүйесінде өтініштерді тіркеу кезінде бизнес-процестің кезеңдерін қатаң сақтауды қамтамасыз ету.
    3. Анықталған бұзушылықтарды жоюды, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті заңнама талаптарына сәйкес келтіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі қаржылық бақылауды күшейту.

    II. «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

    «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, оның қолданылу мерзімін ұзарту және кері қайтарып алу салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Мемлекеттік мекеме өз қызметін Жақсы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 14 мамырдағы № а-2/72 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Бөлімнің қарамағындағы ведомстволық ұйым – «Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

    Бөлімнің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау барысында төмендегілер анықталды:

    «Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты

    Бөлім өз құзыреті шеңберінде келесі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуші болып табылады:

    1. Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-5 «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің қағидаларын, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 191593 болып тіркелген);
    2. Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 8С-28-2 «Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 199543 болып тіркелген);
    3. Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 1 желтоқсандағы № 8С-49-2 «Жақсы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларындағы мемлекеттік ұйымдардың мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы» шешімі ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 217911 болып тіркелген);
    4. Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № а-10/274 «2026 жылға үйде қызмет көрсету жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифті бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген).
    1. Нормативтік құқықтық актілерге жүргізілген мониторинг барысында Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 8С-28-2 «Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне 2025 жылғы 28 шілдедегі № 279 бұйрықпен енгізілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларының 4-1-тармағында көзделген өзгерістер енгізілмегені анықталды. Атап айтқанда, шешімде тұрғын үй көмегінің мөлшерін есептеу нормалары көзделмеген.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: нормативтік құқықтық актіге өзгерістердің уақтылы енгізілмеуі құқықтық айқынсыздықты туындатады және құқық қолдану тәжірибесін қиындатады.

    Жою жөніндегі ұсынымдар: жоғарыда көрсетілген шешімге тиісті өзгерістер енгізу.

    «Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінанықтау» бағыты

    • Кадрларды басқару

    Бөлімнің штат саны 7 бірліктен тұрады: бөлім басшысы – 1, сектор меңгерушілері – 2, бас мамандар – 4.

    Бөлім қызметкерлері заңнамада белгіленген мерзімдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдап, жыл сайын кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды тапсырады.

    Теріс себептер бойынша жұмыстан босату фактілері анықталған жоқ.

    Талдау жүргізілген кезеңде жұмыспен қамту секторының меңгерушісі Черемисова Н.Г. тәртіптік жауапкершілікке тартылды (Ақмола облысы прокуратурасының 2025 жылғы 3 қарашадағы № 2-02-25-12052 ұсынуын қарау нәтижелері бойынша шығарылған аудан әкімінің 2025 жылғы 28 қарашадағы № 1-83 өкімі негізінде).

    Осы бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    2) Мүдделер қақтығысын реттеу

    Талдау барысында мүдделер қақтығысы фактілері, сондай-ақ оның туындауына ықпал ететін мән-жайлар анықталған жоқ.

    3) Мемлекеттік қызметтер көрсету

    Бөлім мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 17 түрін көрсетеді.

    2025 жылы 480 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы – 59, электрондық үкімет порталы арқылы – 319, мемлекеттік орган арқылы – 0, көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы – 0, көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс жасау және өтінішті қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы – 102.

    60 бас тарту электрондық нысанда рәсімделіп, дәлелді негіздемелерді қамтыған.

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу, заңнамада көзделмеген құжаттарды талап ету, негізсіз бас тарту және көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар фактілері анықталған жоқ.

    1. 2025 жылға арналған «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына жүргізілген бақылау іс-шарасы барысында 2025 жылғы қаңтар айындағы есептік деректерде сәйкессіздік анықталды, яғни есепте мемлекеттік қызмет көрсетуден екі бас тарту көрсетілмеген.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: есептік деректердің дұрыс болмауы Бөлім қызметіндегі статистикалық есептіліктің бұрмалануына жағдай жасап, жұмыс нәтижелерін бағалауға әсер етеді.

    Жою жөніндегі ұсынымдар: мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарына сәйкес есептік деректерді сапалы жасауды қамтамасыз ету.

    4)Рұқсат беру функцияларын іске асыру

    Бөлім «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметі шеңберінде рұқсат беру функциясымен өкілеттік берілген.

    • ы осы бағыт бойынша 84 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

    Рұқсат беру функцияларын іске асыру бағыты бойынша өзге сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    5) Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

    Бөлім бақылау-тексеру функцияларын, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырмайды.

    6) Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу

    2025 жылы 199 813,9 мың теңге бөлініп, 199 812,8 мың теңге игерілді, бұл 100 % игеруді құрайды.

    Бюджет қаражатын игеру және бөлу кезінде, сондай-ақ бухгалтерлік есеп саласында бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    7) Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу

    Мемлекеттік сатып алулар 2024 жылғы 1 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

    2025 жылы жалпы сомасы 3 770,6 мың теңгеге37 шарт жасалды, оның ішінде 10 шарт баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, 22 шарт өткізілмеген мемлекеттік сатып алулар бойынша бір көзден алу тәсілімен және 5 шарт тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен жасалған.

    Осы бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    8) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

    Бөлімде ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    9) Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер

    2025 жылы Бөлімге 17 өтініш келіп түсті, оның ішінде өтініштер – 12, ұсыныстар – 1, өзге де өтініштер – 4.

    Өтініштерді қарау мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

    13 өтініш қаралды, 4 өтініш құзыреті бойынша қайта жолданды.

    1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды талдау барысында 2025 жылғы 21 сәуірде «Агрофирма TNK» ЖШСзаңды тұлғалар үшін шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін жеңілдету туралы ұсыныспен Бөлімге жүгінгені анықталды.

    Өтінішті зерделеу барысында мәселенің бір бөлігі Бөлімнің құзыретіне кірмейтіні анықталды.

    Алайда, Қазақстан Республикасының ӘРПК-нің 65-бабының талаптарын бұза отырып, өтініш берушіге өтініште көрсетілген мәселенің Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ММ құзыретіне жататыны туралы жауап жолданған, ал оның орнына бұл өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті мемлекеттік органға қайта жолдануға тиіс болған.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: өтінішті қайта жолдау кезінде Қазақстан Республикасы ӘРПК талаптарының сақталмауы.

    Жою жөніндегі ұсынымдар: Бөлімге келіп түсетін және Бөлімнің құзыретіне жатпайтын өтініштердің уақтылы қайта жолдануын қамтамасыз ету.

    Бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша ұсынылды:

    1. Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 8С-28-2 «Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне тиісті өзгерістер енгізу.
    2. Қазақстан Республикасы заңнамасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы талаптарына сәйкес есептік деректердің сапалы жасалуын қамтамасыз ету.
    3. Өтініштерді қарау кезінде Қазақстан Республикасы ӘРПК талаптарының қатаң сақталуын, оның ішінде Бөлімнің құзыретіне жатпайтын Бөлімге келіп түсетін өтініштердің уақтылы қайта жолдануын қамтамасыз ету.

    Жұмыс тобының төрағасы О. Бочарникова

    Жұмыс тобы төрағасының

    орынбасары Н. Сегізбаева

    Жұмыс тобының мүшелері: Т. Балацкая

    Д. Бектұрғанова

    З. Шаматова

    Е. Қарашин

    Т. Копылова

    Қ. Құсайынов

    А. Жолдыбаева

    Жүктеу
    Аналитическая справка по результатам проведения внутреннего анализа коррупционных рисков в деятельности ГУ «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог и жилищной инспекции Жаксынского района», ГУ «Отдел занятости и социальных программ Жаксынского района»
    PDF · 10 МБ
    Жүктеу
    279598bcad496d899a1567ba9faa2f8d_original.2237952.PDF
    PDF · 2,1 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

    Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктерін қолданады. Көптеген елдерде зейнетақы жүйелеріне қатысушылардың құқықтар...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    БАҚ үшін

    https://www.election.gov.kz/kaz/banners/index.php?section=for_smi&ID=10194

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Бейнеролик

    https://dropmefiles.com/4zTeQ

    Жарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады

    "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфел...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Отандастарымыздың 12 айдағы инвестициялық кірісі 2,8 трлн теңгеден асты

    Салымшылардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады. ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарна...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ақмола облысы Жақсы ауданы Жаңақима ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы

    Ақмола облысы Жақсы ауданы Жаңақима ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 46-бапты...

    Жарияланды:
    Жоспар

    Жақсы ауданы әкімдігі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Бекітілді Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппаратымемлекеттік мекемесінің басшысы ______________ О. Бочарникова 2026 жылғы «____» шілде Жақсы ауданы әкімдігі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талда...

    Жарияланды:
    Әдістемелік ұсыныстар

    Сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету, сайлау алдындағы үгіт жүргізу және қоғамдық пікірге сауал салу мәселелері бойынша ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

    https://www.election.gov.kz/upload/docs/2026/qurultai2026/%D0%A1%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D0%B0%D1%83%D0%B4%D1%8B%20%D0%B0%D2%9B%D0%BF%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B%20%D2%9B%D0%B0%D0%BC%D1%82%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D1%81...

    Жарияланды: