Бекітілді
Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ О. Бочарникова
2026 жылғы «____» шілде
Жақсы ауданы әкімдігі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша ұсынымдар |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
1. |
Жақсы ауданында көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге, лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға байланысты пәтерлердің және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеп, бекіту. |
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабы 11) тармақшасын іске асыру мақсатында Жақсы ауданы әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеп, әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жолдау. |
Аудан әкімдігінің бекітілген және Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен қаулысы. |
«Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ. |
25 желтоқсанға дейін. |
2. |
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарына сәйкес Электрондық үкімет порталында өтініштерді тіркеу кезінде бизнес-процес кезеңдерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету. |
Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын сақтау бойынша бөлім қызметкерлерімен нұсқама өткізу. |
Нұсқама хаттамасы, жүргізілген жұмыс туралы ақпараттық анықтама. |
«Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ. |
25 желтоқсанға дейін.. |
3. |
Анықталған бұзушылықтарды жоюды, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті заңнама талаптарына сәйкес келтіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі қаржылық бақылауды күшейту. |
Тексеру комиссиясы анықтаған 5 145 829,6 мың теңге сомасындағы қаржылық есептіліктегі бұрмалаушылықтарды жою. |
Заңнама талаптарына сәйкес келтірілген қаржылық есептілік. |
«Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ. |
25 желтоқсанға дейін. |
4. |
Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 8С-28-2 «Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне тиісті өзгерістер енгізу. |
Мәслихат шешімінің жобасын әзірлеп, оған Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларының 4-1-тармағына (2025 жылғы 28 шілдедегі № 279 бұйрық) сәйкес тұрғын үй көмегінің мөлшерін есептеу нормаларын енгізу. |
Жақсы аудандық мәслихатының қабылданған және Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен шешімі. |
«Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ. |
25 желтоқсанға дейін. |
5. |
Қазақстан Республикасы заңнамасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы талаптарына сәйкес есептік деректердің сапалы жасалуын қамтамасыз ету. |
Мемлекеттік қызмет бойынша статистикалық есептерді бас тартулар туралы деректерді жасыру мен бұрмалауға жол бермеу мақсатында салыстырып тексеру, жауапты мамандармен статистикалық есептілікті бұрмалауға жол берілмейтіні туралы түсіндіру әңгімесін өткізу. |
Түсіндіру әңгімесінің хаттамасы. |
«Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ. |
25 желтоқсанға дейін. |
6. |
Өтініштерді қарау кезінде Қазақстан Республикасы ӘРПК талаптарының қатаң сақталуын, оның ішінде Бөлімнің құзыретіне жатпайтын өтініштердің уақтылы қайта жолдануын қамтамасыз ету. |
Қазақстан Республикасы ӘРПК-нің 65-бабының талаптарын орындау: бөлімнің құзыретіне жатпайтын өтініштер келіп түскен жағдайда оларды уәкілетті органдарға 3 жұмыс күні ішінде қайта жолдауды қамтамасыз ету. Жауапты қызметкерлермен ӘРПК нормалары мен мерзімдерін сақтау бойынша техникалық нұсқама өткізу. |
Нұсқама хаттамасы. |
«Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ. |
25 желтоқсанға дейін. |