КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

    Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

    КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасыбос тұрған «Балалар мен жас өспірімдердіңмамандандырылған облыстық футбол мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы (1 бірлік) лауазымына конкурс жариялайды.

    Мекеменің атауы:Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Балалар мен жас өспірімдердіңмамандандырылған облыстық футбол мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

    Орналасқан жері:161200,Қазақстан, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, 162 орам 118 құрылыс.

    Мекеме қызметінің негізгі бағыты:спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдерге жаттығулар өткізу, спорттық резерв даярлау.

    Функционалдық міндеттері:қабылданатын шешімдердің кейінгі салдарына, ұйымның мүлкін сақтау мен тиімді пайдалануға, сондай-ақ оның қызметінің әкімшілік-шаруашылық нәтижелеріне жауап бере отырып, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды;

    ұйымның саясатын, стратегиясын және оны іске асырудың тетіктерін айқындайды;

    оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерде спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны ұйымдастырады және жетілдіреді;

    педогогикалық кеңестің жұмысына басшылық жасайды;

    ұйымның жұмыс жоспарын, спорттық жетілдірудің әртүрлі кезеңдерінде спортшыларды даярлаудың жоспарларын және бағдарламасын бекітеді;

    барлық құрылымдық бөлімшелердің олардың қызметін жетілдіруге бағытталған өзара тиімді іс-қимылы мен жұмысын ұйымдастырады, сондай-ақ олардың қызметін жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға бағыттайды т.б.;

    Білуі тиіс:

    Қазақстан Республикасының Конституциясы (бұдан әрі – Конституция);

    Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Бюджет кодексі);

    Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі);

    Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – ӘРПК);

    "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Білім туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдары;

    "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Үкіметтің № 1193 қаулысы);

    педагогика, психология және физиология негіздері;

    дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді;

    еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін;

    еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарын.

    Біліктілікке қойылатын талаптар:

    кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Дене шынықтыру және спорт", "Бизнес, басқару және құқық" мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар;

    еңбек өтілі:

    еңбек өтілі:облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың коммуналдық заңды тұлғалары үшін – дене шынықтыру және спорт саласында немесе дене шынықтыру және спорт саласында басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл, немесе Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл, немесе дене шынықтыру және спорт саласында немесе Жұмыс органымен бекітілген шетелдік жоғары оқу орындарындағы басым мамандықтар бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда және "Дене шынықтыру және спорт", "Бизнес, басқару және құқық" мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар кадрларын даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін кемінде үш жыл;

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға мынадай құжаттардыұсынады:

    1)қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

    2)еркін нысанда ресімделген қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

    3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

    4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

    Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

    Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі:қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн өткеннен кейін аяқталады.

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде төмендегідей құжаттарды мына мекен-жайға: 160021, Түркістан қаласы, «Түркістан-Арена», 162 орам, құрылыс 118, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі , 2 -қабат, тел.: 8725 (33) 5-97-10; электрондық пошта: [email protected] ұсынады.

    Жүктеу
    ОБЪЯВЛЕНИЕ
    ОБЪЯВЛЕНИЕ
    DOCX · 16 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Балалар мен жас өспірімдердің мамандандырылған облыстық футбол мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына конкурстық комиссиясы отырысының ХАТТАМАСЫ №58

    Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Балалар мен жас өспірімдердіңмамандандырылған облыстық футбол мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына конкурстық комиссиясы отырысыныңХ...

    Ақпарат

    Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Балалар мен жас өспірімдердің мамандандырылған облыстық футбол мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы бос лауазымына конкурстық комиссиясы отырысының ХАТТАМАСЫ №57

    Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Балалар мен жас өспірімдердіңмамандандырылған облыстық футбол мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы бос лауазымына конкурстық комиссиясы отырысыныңХАТТ...

    Ақпарат

    Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына конкурстық комиссиясы отырысының ХАТТАМАСЫ №49

    Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына конкурстық комиссиясы отырысыныңХАТТАМА...

    Ақпарат

    Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шардара аудандық №2 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына конкурстық комиссиясы отырысының ХАТТАМАСЫ №48

    Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шардара аудандық №2 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына конкурстық комиссиясы отырысыныңХАТТАМАС...

    Ақпарат

    «Шардара аудандық №2 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы бос лауазымына конкурстық комиссиясы отырысының ХАТТАМАСЫ №47

    Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шардара аудандық №2 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы бос лауазымына конкурстық комиссиясы отырысыныңХАТТАМАСЫ...

    Ақпарат

    «Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы бос лауазымына конкурстық комиссиясы отырысының ХАТТАМАСЫ №46

    Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы бос лауазымына конкурстық комиссиясы отырысыныңХАТТАМАСЫ...

    Ақпарат

    Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысының АНЫҚТАМАСЫ

    Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысының АНЫҚТАМАСЫ Ішкі талдау жүргізу негіздері Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жү...

    Ақпарат

    Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерерін ішкі талдау нәтижелері