Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы
лауазымына конкурстық комиссиясы отырысының
ХАТТАМАСЫ №49
Түркістан қаласы «31» тамыз 2026 жыл
Қатысқандар:
Комиссия төрағасы:
Байсариев Мэлс Жаулыбаевич - Ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы;
Комиссия мүшелері:
Керимбеков Жандос Сулайманович - Жоғары спорт жетістіктерін дамыту және мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлімінің басшысы;
Ускенбаев Самат Усенович - Бұқаралық спорт және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы;
Куанышова Маржан Сапарбаевна - Қаржыландыру және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;
Боранбайұлы Мағжан - Ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы;
Найзабеков Марат Бектемирович – «Түркістан облысы футбол федерациясы» заңды тұлғалар қауымдастығының бас хатшысы.
Комиссия хатшысы:
Г.Аймбетова - Ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы.
Күн тәртібі:
Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы бос лауазымына орналасуға конкурстың әңгімелесу сатысын өткізу туралы.
Тыңдалды:
Г.Аймбетова: Күн тәртібі бойынша сөз сөйлеп, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы бос лауазымына 2 азаматтық қызметші түсетіндігін айтып, комиссия мүшелеріне конкурсқа құжаттарын тапсырған азаматтардың тізімін ұсынды.
Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы бос лауазымына:
- Сыздыков Нурдаулет Агатаевич;
- Даменов Аккали Касеновичпен әңгімелесу жүргізіліп, сұрақтарға жауап алынды.
Әңгімелесудің қорытындысы бойынша 1-ші үміткер Н.Сыздыков комиссиясының мүшелері бір ауыздан дауыс берді.
Әңгімелесудің қорытындысы бойынша 2-ші үміткер А.Даменов комиссиясы мүшелерінің бесеуі (5) дауыс беріп, біреуі (1) қалыс қалды.
ШЕШІМ ЕТТІ:
Комиссия мүшелерінің басым дауысы берілген Сыздыков Нурдаулет Агатаевич Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы бос лауазымына тағайындау үшін ұсынылсын.
Комиссия төрағасы: М.Байсариев
Комиссия мүшелері: |
Ж.Керимбеков |
С.Ускенбаев М.Куанышова | |
М.Боранбайұлы М.Найзабеков | |
Комиссия хатшысы: |
Г.Аймбетова |