Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы бос лауазымына конкурстық комиссиясы отырысының
ХАТТАМАСЫ №46
Түркістан қаласы «25» тамыз 2026 жыл
Қатысқандар:
Комиссия төрағасы:
Байсариев Мэлс Жаулыбаевич - Ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы;
Комиссия мүшелері:
Керимбеков Жандос Сулайманович - Жоғары спорт жетістіктерін дамыту және мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлімінің басшысы;
Ускенбаев Самат Усенович - Бұқаралық спорт және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы;
Куанышова Маржан Сапарбаевна - Қаржыландыру және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;
Боранбайұлы Мағжан - Ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы;
Найзабеков Марат Бектемирович – «Түркістан облысы футбол федерациясы» заңды тұлғалар қауымдастығының бас хатшысы.
Комиссия хатшысы:
Г.Аймбетова - Ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы.
Күн тәртібі:
Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурсқа жіберу туралы.
Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы лауазымына конкурсқа қатысуға келіп түскен құжаттарды қарау туралы және конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімін бекіту.
Тыңдалды:
Г.Аймбетова: күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз сөйлеп, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми интернет-ресурсында 2026 жылғы 12-20 тамыз күндері аралығында жарияланған конкурстық хабарландыруға сәйкес «Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бос лауазымына орналасу үшін келесі үміткерлерден құжаттар келіп түскенін хабарлады:
1) Сыздыков Нурдаулет Агатаевич;
2) Даменов Аккали Касенович;.
Үміткерлер ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі №171 және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі №264 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 9, 10 және 11-тармақтарына сәйкес қаралып, кандидаттардың үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкестігі анықталды.
Конкурстық комиссия келіп түскен құжаттарды қарап шығып, бір ауыздан ШЕШТІ:
Комиссия ұсынылған құжаттарды қарап, оларды конкурс өткізу қағидаларының талаптарына сәйкес деп таныды.
Осыған байланысты Сыздыков Нурдаулет Агатаевич, Даменов Аккали Касенович, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға және әңгімелесу кезеңіне жіберу туралы шешім қабылдансын..
Әңгімелесу 2026 жылғы 31 тамызда сағат 16:00-де Түркістан қаласы, 162-орам, 118-құрылыс, «Turkistan-Arena» стадионы мекенжайында өткізілсін.
Комиссия төрағасы: М.Байсариев
Комиссия мүшелері: |
Ж.Керимбеков |
С.Ускенбаев М.Куанышова | |
М.Боранбайұлы М.Найзабеков | |
Комиссия хатшысы: |
Г.Аймбетова |