СІБІР ЖАРАСЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ ҚАЖЕТ?

    Әулиекөл ауданының әкімдігі

    СІБІР ЖАРАСЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ ҚАЖЕТ?

    Ежелгі заманнан бері жануарлар мен адамдарды зақымдайтын және көп жағдайда өліммен аяқталатын ауру белгілі болған. Адамның бұл ауруды қойдан, сиырдан, жылқыдан және басқа да жануарлардан, сондай-ақ олардың терісі мен жүнінен жұқтыратыны байқалған.

    Бұл ауру өз атауын осыдан 100 жылдан астам уақыт бұрын Сібірде көптеген адам өмірін қиған және ондаған мың мал басының қырылуына әкеп соққан ірі індеттерден кейін алған.

    СІБІР ЖАРАСЫ– айқын интоксикациямен, теріде күйдіргі тәрізді жаралардың (тері түрі) пайда болуымен немесе сепсис түрінде өтетін жіті инфекциялық ауру. Инкубациялық кезеңі 7–14 күнге созылады. Ауру интоксикациямен, дене қызуының жоғарылауымен, бас ауруымен, белдің сырқырауымен қатар жүреді. Ауруға тән белгі – күйген қабыршаққа ұқсайтын қара түсті қабыршақтың пайда болуы.

    Ауру қоздырғышының споралары ең қолайсыз жағдайларда да сақталады: суда бірнеше жыл, топырақта ондаған жыл бойы тіршілікке қабілеттілігін жоғалтпайды. 5 минут қайнатқаннан кейін де споралар көбеюге қабілетті. Топырақта сібір жарасының қоздырғыш споралары ұзақ уақыт сақталып қана қоймай, белгілі бір жағдайларда өніп, қайтадан споралар түзеді. Осылайша топырақтағы инфекция ошағының сақталуына ықпал етеді.

    Инфекция көзі – шөпқоректі жануарлар (ірі және ұсақ қара мал, жылқы, түйе, шошқа және т.б.).

    Жануарлар арасында ауру жұқтырылған жемшөпті жеу арқылы, сондай-ақ ауру жануарлардан, жұқтырылған өлекселерден және қоршаған орта объектілерінен сау жануарларға қоздырғышты тасымалдайтын күйдіргі шыбыны, сона сияқты жәндіктердің шағуы арқылы таралады.

    Қоздырғыштың жануардан адамға берілуі көбінесе ауру жануармен, жануарлардан алынған жұқтырылған шикізатпен, дайын өніммен және топырақпен тікелей жанасу кезінде байланыс жолымен жүреді. Қоздырғыштың адам ағзасына азық-түлік өнімдерімен, тыныс алатын шаңмен, сондай-ақ қан сорғыш жәндіктердің шағуы арқылы түсу жағдайлары да кездеседі.

    Ауру көбінесе жазғы-күзгі кезеңде тіркеледі. Бұл ауыл шаруашылығы жануарлары арасында аурушаңдықтың маусымдық өсуімен байланысты.

    Негізінен еңбекке қабілетті жастағы ер адамдар (20–50 жас) ауырады. Өйткені олар әйелдерге қарағанда ауру үй жануарларын күтуге, оларды союға, ұшасын бөлшектеуге және басқа да жұмыстарға жиі қатысады.

    Сібір жарасының алдын алу шараларының негізі – үй жануарлары арасындағы аурушаңдықты төмендету және жою, жануарларды ұстау және сою қағидаларын, мал шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу талаптарын сақтау болып табылады.

    Ветеринариялық дәрігердің тексеруінсіз малды амалсыздан союға жол бермеу қажет. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және адамдардың сібір жарасын жұқтыруына көбінесе ветеринариялық тексерусіз амалсыздан сойылған ауру ірі қара мал себеп болады.

    Аурудың жеке алдын алудың негізгі қағидалары:

    Жануарларды союға және етті бөлшектеуге қатысқан кезде қорғаныш құралдарын (арнайы киім, алжапқыш, жеңқап, қолғап) пайдалану қажет.

    Ет пен ет өнімдерін белгіленбеген орындардан және бейтаныс адамдардан сатып алуға болмайды.

    Етті толық термиялық өңдеуден өткізу қажет.

    Теріде шығу себебі белгісіз түзілістер пайда болғанда және дене қызуы көтерілгенде дереу дәрігерге қаралып, медициналық көмекке жүгініңіз.

    «Әуликөл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ бас маманы Кабденова Гулмира Рафаэловна

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

    Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы өзінің ХҚКО ИАЖ 2.0негізгі ақпараттық жүйесін бірыңғай Qaz...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Әулиекөл ауданының учаскелік сайлау комисссияларының хабарламасы

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Әулиекөл ауданы әкімінің хабарламасы

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ҚҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    О времени и месте голосования

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Әулиекөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы

    «Әулиекөл ауданы Москалевка ауылыәкімініңсайлауын тағайындау туралы»Әулиекөл ауданының аумақтық сайлайу комиссиясының 2026 жылғы 11 қарашадағы№33қаулысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республик...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «БРУЦЕЛЛЕЗДЕН САҚТАНЫҢЫЗ!»

    «БРУЦЕЛЛЕЗДЕН САҚТАНЫҢЫЗ!» Бруцеллез – ауыр және ұзақ уақытқа созылатын, көбінесе мүгедектікке әкелетін жұқпалы ауру. Адамдарға аурудың жұғу көзі – бруцеллезбен ауырған ірі және ұсаққарамал. Егер үй жануарларыңыздан бру...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «ҚАУІПТІ, ҚҰТЫРУ АУРУЫ!»

    «ҚАУІПТІ, ҚҰТЫРУ АУРУЫ!» Әулиекөл ауданында жыл сайын жануарлардың тістеуі, сілекейлеуі және тырнап жарақаттауы салдарынан зардап шеккен адамдардың медициналық көмекке жүгіну жағдайларының жоғары деңгейде тіркелуі байқа...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды: