«ҚАУІПТІ, ҚҰТЫРУ АУРУЫ!»

    Әулиекөл ауданының әкімдігі

    «ҚАУІПТІ, ҚҰТЫРУ АУРУЫ!»

    Әулиекөл ауданында жыл сайын жануарлардың тістеуі, сілекейлеуі және тырнап жарақаттауы салдарынан зардап шеккен адамдардың медициналық көмекке жүгіну жағдайларының жоғары деңгейде тіркелуі байқалады. Аудан тұрғындары арасында құтыру ауруының жағдайлары тіркелмейді. Бұған құтыруға қарсы екпелердің уақтылы жүргізілуі мүмкіндік береді.

    Құтыру ауруы кезінде ең қауіптісі – беттің, бастың, саусақтардың және қол басының тістелуі екенін білу қажет, себебі мұндай жағдайларда аурудың инкубациялық кезеңі қысқарады (құтыру ауруының инкубациялық кезеңі 1–3 айға созылады, сирек жағдайларда 1 жылға дейін жетуі мүмкін). Басталып келе жатқан аурудың алғашқы белгілерінің бірі – тістелген жердің ауыруы, ашуы және шаншуы туралы шағымдардың пайда болуы.

    Үйінде иттері мен мысықтары бар тұрғындар, сондай-ақ жануарлардан зардап шеккен адамдар, тістеген жануарларды ешбір жағдайда өлтіруге болмайтынын білуі тиіс! Мұндай жануарлар 10 күн бойы ветеринариялық бақылауға жатады. Дәл осы кезеңде ауру жануарда құтырудың клиникалық белгілері байқалады немесе ол сау болып қалады.

    Ауру кезеңінде иттер иесінің шақыруына жауап бермейді, қараңғы жерлерге тығылуға тырысады, тамақ ішуден бас тартады, кейде ашуланып, кенеттен үрмей-ақ өтіп бара жатқан адамдарға тап береді, жеуге жарамсыз заттарды (жаңқаларды, қатты заттарды) жейді.

    Мысықтарда ауру жоғары агрессивтілікпен сипатталады. Жылқылар мен ірі қара мал да басқа жануарлар мен адамдарға шабуыл жасауы мүмкін.

    Егер жануардың мінез-құлқынан әдеттен тыс өзгерістер байқасаңыз, әсіресе ол біреуді тістеген болса, оны дереу оқшаулап, ветеринариялық маманға көрсетіңіз. Аурудың алдын алу шараларының бірі – жануарларды ұстау қағидаларын сақтау, яғни иттер байлаулы болуы тиіс.

    Егер Сізді ит, мысық немесе басқа жануар тістесе, тырнаса немесе сілекейі тисе, дереу медициналық көмек алу үшін ауруханаға жүгініңіз. Құтыруға қарсы екпелер тегін жүргізіледі.

    Есте сақтаңыз! Дәрігер тағайындаған екпе курсын өз бетіңізше ешбір жағдайда тоқтатуға болмайды!

    Вакцинацияның мақсаты – ауру басталғанға дейін зардап шеккен адамның ағзасында құтыру вирусына қарсы иммунитет қалыптастыру. Екпе неғұрлым ерте басталса, аурудың алдын алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

    «Әуликөл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ бас маманы Кабденова Гулмира Рафаэловна

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

    Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы өзінің ХҚКО ИАЖ 2.0негізгі ақпараттық жүйесін бірыңғай Qaz...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Әулиекөл ауданының учаскелік сайлау комисссияларының хабарламасы

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Әулиекөл ауданы әкімінің хабарламасы

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ҚҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    О времени и месте голосования

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Әулиекөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы

    «Әулиекөл ауданы Москалевка ауылыәкімініңсайлауын тағайындау туралы»Әулиекөл ауданының аумақтық сайлайу комиссиясының 2026 жылғы 11 қарашадағы№33қаулысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республик...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    СІБІР ЖАРАСЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ ҚАЖЕТ?

    СІБІР ЖАРАСЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ ҚАЖЕТ? Ежелгі заманнан бері жануарлар мен адамдарды зақымдайтын және көп жағдайда өліммен аяқталатын ауру белгілі болған. Адамның бұл ауруды қойдан, сиырдан, жылқыдан және басқа да жануарларда...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «БРУЦЕЛЛЕЗДЕН САҚТАНЫҢЫЗ!»

    «БРУЦЕЛЛЕЗДЕН САҚТАНЫҢЫЗ!» Бруцеллез – ауыр және ұзақ уақытқа созылатын, көбінесе мүгедектікке әкелетін жұқпалы ауру. Адамдарға аурудың жұғу көзі – бруцеллезбен ауырған ірі және ұсаққарамал. Егер үй жануарларыңыздан бру...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды: