ЕАЭО-ДА ТАУАРЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫН ТАСЫМАЛДАУДЫ ҚАДАҒАЛАУ ҮШІН НАВИГАЦИЯЛЫҚ ПЛОМБАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ КЕҢЕЙТІЛДІ

    Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, 2026 жылғы 31 шілдеден бастап Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) аумағында тауарларды тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды енгізудің екінші кезеңі басталғанын хабарлайды.

    Екінші кезеңшеңберінде навигациялық пломбаларды пайдалану автомобиль және теміржол көліктерінде міндетті болып табылатын тасымалдар тізбесі едәуір кеңейтілді.

    ЕАЭО-ның аумағында навигациялық пломбаларды қолдана отырып тасымалдарды қадағалау процесінде, қатысушы мемлекеттерде айқындалған тауарлар санаттары бойынша навигациялық пломбаларды қолданудың әртүрлі практикасы қалыптасты.

    Осылайша, навигациялық пломбаларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеден қызметтері үшінші елдерден Қазақстан Республикасына өздігінен жүретін тауар ретінде өткізілетін жеңіл көлік құралдарының тасымалын қадағалау үшін қолданады.

    Навигациялық пломбаларды салу үшін арнайы көзделген орындардың жоқтығын ескере отырып, өздігінен жүретін тауар ретінде өткізілетін жеңіл көлік құралдарын, сондай-ақ автомобиль көлік құралдарының ашық жүк бөліктерінде үйілмей және төгілмей өткізілетін (мысалы, жеңіл автомобильдерді автовозбен тасымалдау) тауарларды тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағынан навигациялық пломбаларды қолданбай жүзеге асырылады.

    Еуразиялық экономикалық комиссиясынан келіп түскен түсіндірмеге сәйкес, егер тауарларды тасымалдау шарттары немесе санаттары ЕЭК Кеңесінің 2026 жылғы 9 шілдедегі № 71 шешімінде көзделген ерекшеліктерге жатпайтын жағдайда, навигациялық пломбаларды қолданбау үшін негіз жоқ.

    Өздігінен жүретін тауар ретінде өткізілетін жеңіл көлік құралдарын және автомобиль көлік құралдарының ашық жүк бөліктерінде (алаңдарында) үйілмей және төгілмей өткізілетін тауарларды транзиттік тасымалдау, навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалауға жатады.

    ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, тасымалдаушыларға, экспедиторларға, сондай-ақ экспорттаушыларға, импорттаушыларға және өзге де сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасында белгіленген талаптарды мүлтіксіз сақтау қажеттілігі туралы хабарлайды.

    Транзиттік жүктер жеткізу орындарына навигациялық пломбаларды қолданбай келген жағдайда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бірқатар мемлекеттерде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (35 мың рубльден бастап).

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    БЕЙРЕЗИДЕНТ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ РАСТАУШЫ ҚҰЖАТТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ

    1. Растаушы құжаттарға қойылатын талаптардың құқықтық негіздері және қолданылу аясы Қазақстан Республикасының салық заңнамасы (2026 жылғы Салық кодексі) бейрезидент заңды тұлғалардың кірістеріне салық салуға қатысты қата...

    Ақпарат

    Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, уақытша басқарушы ретінде тағайындалған әкімшілер тізімі 2026ж

    Ақпарат

    Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, уақытша басқарушы ретінде тағайындалған әкімшілер тізімі 2026ж

    Ақпарат

    Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, уақытша басқарушы ретінде таңдалуға жататын әкімшілер тізімі 2026ж

    Ақпарат

    Сот арқылы банкроттық рәсімі, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі туралы хабарлау және кредиторлардың талаптарды қою тәртібі

    Ақпарат

    Тағайындалуға жататын қаржы басқарушылардың тізімі

    Ақпарат

    Банкроттық рәсімінде кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабар

    Ақпарат

    Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру