НӨЛДІК САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

    Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    Жетісу облысыбойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда салық есептілігін ұсынудың жаңа тәртібі қолданылатынын еске салады.

    Салық кодексінің нормаларына сәйкес, белгіленген тапсыру мерзімі өткеннен кейін салық органының ақпараттық жүйесі тиісті салық кезеңі үшін нөлдік көрсеткіштері бар есептілікті автоматты түрде қалыптастырады.

    Осыған байланысты, салық төлеушілер «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасында ұсынылуға тиіс салық есептілігі нысандарын (СЕН) алдын ала белгілеуі қажет.

    Іс-қимыл алгоритмі:

    ·«Салық төлеушінің кабинеті» (СӘИЖ) веб-қосымшасына кіру;

    ·«Ұсынылатын СЕН» бөліміне өту;

    ·Қолданылатын салық режимі мен қызмет түріне сәйкес қажетті салық есептілігі нысандарын қосу;

    ·Әрбір СЕН бойынша тапсыру басталған «жыл мен салық кезеңін» көрсету;

    ·Енгізілген мәліметтерді сақтау.

    Бұл ретте нөлдік көрсеткіштері бар есептіліктің автоматты түрде қалыптасуы салық төлеушіні іс жүзіндегі салық міндеттемелерін көрсету міндетінен босайтпайды.

    Егер есептілік автоматты түрде қалыптасқаннан кейін салық төлеушіде есептілікте көрсетілуге тиіс салық салу объектілері нақты тіркелген болса, ол тиісті салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігін тапсыруға міндетті.

    Аталған тәртіп жеке тұлғалардың жеке кәсіпкерлікке қатысы жоқ қызметі бойынша салық есептілігін ұсынуына қолданылмайды.

    Осылайша, есептілікті нөлдік көрсеткіштермен автоматты түрде қалыптастыру салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге және салық төлеушілерге түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    БЕЙРЕЗИДЕНТ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ РАСТАУШЫ ҚҰЖАТТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ

    1. Растаушы құжаттарға қойылатын талаптардың құқықтық негіздері және қолданылу аясы Қазақстан Республикасының салық заңнамасы (2026 жылғы Салық кодексі) бейрезидент заңды тұлғалардың кірістеріне салық салуға қатысты қата...

    Ақпарат

    Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, уақытша басқарушы ретінде тағайындалған әкімшілер тізімі 2026ж

    Ақпарат

    Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, уақытша басқарушы ретінде тағайындалған әкімшілер тізімі 2026ж

    Ақпарат

    Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, уақытша басқарушы ретінде таңдалуға жататын әкімшілер тізімі 2026ж

    Ақпарат

    Сот арқылы банкроттық рәсімі, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі туралы хабарлау және кредиторлардың талаптарды қою тәртібі

    Ақпарат

    Тағайындалуға жататын қаржы басқарушылардың тізімі

    Ақпарат

    Банкроттық рәсімінде кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабар

    Ақпарат

    Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру