Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау жөнінде Хаттама

    ·

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау жөнінде

    Хаттама

    Астана қ.

    Департаменттің мәжіліс залы (онлайн)

    № 155

    2026 жылғы 16 маусым 11:00 сағ.

    Төрағалық еткен: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент (бұдан әрі – Департамент) басшысының м.а. – А.Сералы.

    Қатысқандар Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері (бұдан әрі – Жұмыс тобы) Д.М.Әзімбаева - Департамент басшысының орынбасары, Ж.М.Арыстанова - Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы, Д.А.Адильханова - Мемлекеттік шекарадағы санитариялық қорғау бөлімі басшысы, Э.С.Труспекова - Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімі басшысының м.а., Ғ.А.Кебеев - Құқықтық қамтамасыз ету және санитариялық-эпидемиологиялық нормалау бөлімінің басшысы және – Ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысының м.а., А.Н.Нығмет - Әуе көлігіндегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы, Ж.М.Кадырова - Бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы, А.С.Нұртаев – Әкімшілік қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің басшысы, А.Т.Салтаева – персоналды басқару қызметі басшысының м.а., М.Мейрамқан – теміржол және су көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі басшысының м.а.

    «ҚазақстанРеспубликасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау.

    1. 1. Қоғамдық талқылаудың басталуы Департаменттің ресми сайтында 2026 жылдың 1 маусымында жарияланды. Талқылау кезінде ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.
    2. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы жұмыс тобы мүшелерінің ақпаратын келесі бағыттар бойынша назарға алу:

    қызметкерлерді басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау (еңбек тәртібін сақтау бойынша тиісті ведомстволық бақылаудың болмауы, Департаменттің құрылымдық, сондай-ақ аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлердің кіру және шығу уақытын белгілеу (тіркеу) үшін кіруді бақылау және басқару жүйесін енгізу бойынша);

    мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша («халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығының талаптарына сәйкес бұзушылыққа жол беру); бақылау-қадағалау функциясы бойынша (Бақылау субъектілерін тексеру материалдарымен таныстыру және тексеру нәтижелері мен әкімшілік материалдар туралы мәліметтерді ақпараттық жүйелерге енгізу кезінде мамандар жол беретін бұзушылықтар бөлігінде; қоғамдық тамақтандыру және коммуналдық мақсаттағы объектілерде күзетілетін адамдардың қоғамдық тамақтану және коммуналдық мақсаттағы объектілерге баруын құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқармасына тіркеусіз бару жөніндегі іс-шараларды жүргізу бойынша);

    нормативтік құқықтық актілерді талдау нәтижелері бойынша мынадай НҚА-да қайшылықтар белгіленді: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, «Көлік құралдары мен жолаушыларға қызмет көрсету объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар «Санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №ҚР ДСМ-98 бұйрығы, «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы, «Эпидемиялық маңызы бар объектілер мен өнімдер тізбесін бекіту туралы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығы;

    мемлекеттік шекарада санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру кезінде жасырын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша (теңіз кемесін санитариялық бақылаудан босату туралы, кеменің санитариялық бақылаудан өтуі туралы куәліктер беру кезінде);

    жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезіндегі проблемалық мәселелер бойынша (азаматтар мен бизнес үшін процестің айқындығы мен ашықтығы бөлігінде және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру бойынша, тіркеу және қайта бағыттау кезінде және т. б.);

    Департаменттің ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша (бюджеттік және қаржы қаражатын игеру және бөлу, тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу).

    1. Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы анықтамаларды толықтырсын, 2026 жылғы 25 маусымға дейінгі мерзімде түпкілікті талдамалық анықтаманы дайындау үшін Ішкі қауіпсіздік бөліміне ұсынсын .
    2. Ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысының м.а. (Ғ.А.Кебеев) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтамасының түпкілікті нұсқасын дайындасын, жұмыс тобының мүшелеріне қол қойсын және 2026 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде Департамент басшысына бекітуге енгізсін.
    3. Осы хаттаманың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    Төраға А. Сералы

    Хатшы Ғ. Кебеев

    Жүктеу
    f143fecf74ce7e64fc5d3df7e7546320_original.28334.docx
    DOCX · 28 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі - «Қазақстан темір жолы»-«Жүк тасымалы «Ақмола» ЖШС филиалыныңқызметкеріндедиагнозы«Қызылша» жұқпалы ауру туралы 2026 жылғы 03 маусымдағы № 132жедел хабарлама. Тергеп-тексеру жүргізетін...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған басшылар-лауазымдарының тізбесі

    Қазақстан РеспубликасыныңДенсаулық сақтау министрлігіСанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментініңсыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары...

    Жарияланды: