1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабының 3-тармағының 3-тармақшасына сәйкес,Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан 28.08.2026 жылы шығыс № 24-34-25-04-02/1263-И қызметтік хат негізінде және Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасынан 13.08.2026 ж күні түскен № 25 шұғыл хабарламасы бойынша «Инфильтративный туберкулез легких в фазе распада МБТ- ЛЧТ ж/ж» диагнозымен анықталғаны тіркелді.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім). Сарапшылар тартылған жоқ .
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі. 31.08.2026 ж – 09.09.2026 аралығында тергеп-тексеру жүргізілді.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар. «Қазақстан темір жолы» «ҰК» АҚ- "Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалының, ПЧ-57 Қызылорда жол дистанциясы
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты. Бұзушылықтар анықталған жоқ.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар. Талаптар бұзылмаған.
- Қабылданған шаралар: жұмыс орнында жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында«Қазақстан темір жолы» «ҰК» АҚ- "Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалының, ПЧ-57 Қызылорда жол дистанциясы жұмысшыларына «Туберкулез аурудың алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізілді. Cанитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды.