Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған басшылар-лауазымдарының тізбесі

    ·

    Қазақстан РеспубликасыныңДенсаулық сақтау министрлігіСанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментініңсыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған басшылар-лауазымдарының тізбесі

    р/с

    Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

    1

    Персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы.

    Кадрларды іріктеу, қызмет бойынша жоғарылату, мемелекеттік қызметшілерді жұмыстан шығару, департамент қызметкерлеріне тәртіатік шаралар мен көтермелеу шараларын қолдану жөніндегі функцияларды жүзеге асыру.

    Белгілі бір кандидаттарға артықшылық беру мүмкіндігі;

    «Ыңғайлы» немесе «ыңғайсыз» жағдайлар жасау, қызметкуе лайықты игіліктерді (материалдық көтермелеулер, демалыстар, қызметтік пәтерлер мен автокөліктер, т.б.) іріктеп беру, тәртіптік жазаларды негіссіз қолдану мүмкіндігі, меритократия қағидатын сақтамау.

    2

    Теміржол және су көлігіндегі және әуе көлігіндегі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау объектілерін қадағалау бөлімдерінің басшылары.

    Тексерулер жүргізу әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану.

    Тексерулерден «алыстату» немесе олардың санын көбейту мүмкіндігі;

    Бұзушылықтарды жасыру мүмкіндігі;

    Хаттамадағы бұзушылықтарды жасыру немесе өндірісті тоқтату арқылы жауапкершіліктен «алыстату» мүмкіндігі.

    3

    Әуе, теміржол, теңіз көлігіндегі санитариялық-карантиндік бақылау бөлімдерінің және «Қорғас» ХШЫО басшылары.

    Тасымалдау құжаттарында мөрлер қою арқылы мемлекеттік шекара арқылы республика аумағына өнімді (тауарларды) әкелу бойынша санитариялық - карантиндік бақылауды жүзеге асыру.

    Рұқсат құжаттарынсыз өнімді (тауарларды) әкелуге рұқсат беру мүмкіндігі.

    4

    Ақтау қаласы теңіз портының санитарлық-карантиндік бақылау бөлімінің басшысы.

    Кемені санитариялық бақылаудан босату туралы куәлік, кеменің санитариялық бақылаудан өткені туралы куәлік беру және халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын теңіз кемелері үшін 2005 халықаралық медициналық - санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес оны (куәлікті) ұзарту.

    Өтініш берушімен тікелей байланысу мүмкіндігі және теңіз кемесіне инспекция жүргізбей куәлік беру.

    5

    Әкімшілік қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы

    Мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі функциялар, көтермелеулерді есептеу

    Бөлінетін қаражаттың ұлғаюына әсер ететін мәліметтерді бюджеттік өтінімге енгізу мүмкіндігі;

    Еркін жоспарлау, бәсекелестікті шектеу (техникалық ерекшеліктер мен біліктілік талаптарын «түзету», сатып алудың конкурстық емес тәсілі, формальды негіздер бойынша өтінімдерді қабылдамау, балдарды дұрыс есептемеу, сатып алудың күшін жою, тапсырыс беруші мен өнім берушінің сөз байласуы кезінде бағалардың демпингі), шартты орындау кезінде сәйкестікке бақылау жүргізбеу, жалған актілер бойынша ТЖҚК сәйкес келмейтіндерді қабылдау және оларға ақы төлеу мүмкіндігі;

    Ресми негіздер бойынша өтінішті қабылдамау, көзделмеген құжаттарды талап ету, қарау мерзімдерін «кешіктіру», нәтижені беруден заңсыз бас тарту мүмкіндігі

    Ұқсас материалдар

    Хаттама

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау жөнінде Хаттама

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі - «Қазақстан темір жолы»-«Жүк тасымалы «Ақмола» ЖШС филиалыныңқызметкеріндедиагнозы«Қызылша» жұқпалы ауру туралы 2026 жылғы 03 маусымдағы № 132жедел хабарлама. Тергеп-тексеру жүргізетін...

    Жарияланды: