«Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы ақпарат
Бағдарлама ауылдық жерлерде жұмыс істейтін немесе жұмыс істегісі келетін мамандарға арналған:
- білім беру;
- денсаулық сақтау;
- әлеуметтік қорғау;
- мәдениет;
- спорт;
- агроөнеркәсіптік кешен;
- ветеринария саласы;
- ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері.
Басты шарттар:
- дипломның болуы;
- ауылдық елді мекендегі жұмыс;
- ауылда кемінде 3 жыл жұмыс істеу міндеттемесі.
Көтерме жәрдемақы
Біржолғы төленеді:
- 100 АЕК (сома жыл сайын өзгеріп отырады).
Тұрғын үй несиесі (аудан орталығы үшін 2500 АЕК, ауылдық жерлер үшін 2000 АЕК)
Бағдарламаның шарттары:
- мөлшерлеме — 1%-дан бастап;
- мерзімі — 15 жылға дейін;
- ауылда тұрғын үй сатып алуға немесе салуға.
Ақпарат алу үшін «СҚО Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ-не мына мекенжай бойынша хабарласыңыз: Мамлютка қ., Ш. Уәлиханов к-сі, 27 тел. 8(71541) 2-12-68